Науаи мемлекеттік педагогика институты


Көрнекілікті пайдаланудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдері



бет3/3
Дата10.06.2016
өлшемі0.73 Mb.
#126257
1   2   3

2.2. Көрнекілікті пайдаланудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдері.
Оқытудың көрнекілік ұстанымы сабақ үрдісінде басты роль атқарады. «Көрнекілікпен оқытудағы басты мақсат – оқушыны байқағыштыққа, оймен топшылауға жаттықтыру. Өзінің байқағандарын сөзбен айтып бере білуге, одан логикалық қорытынды шығаруға үйрету». Көрнекілікті оқу үрдісінің барлық кезеңінде пайдалануға болады, бірақ оны жиі қолдануға да болмайды. Көрнекілікті белгілі тақырып мақсатында пайдаланғанда ғана тиімді болмақ15. Сабаққа қажетті дидактикалық көрнекі құралдардың түрлері: заттық, образдық, графикалық, синтетикалық, синхроникалық кестелер; буклеттер, альбомдар; техникалық оқу құралдары; тірек сигналдары; кеспе, үлестірмелі қағаздар.

Заттық, образдық, графикалық. Көрнекіліктер көркемсөз шеберлерінің өмір жолын, шығармашылығын оқыту үстінде қолданылатын заттар, бейнелі суреттер (портреттер) шығармашылығы, өмір жолының сандық тізбектері.

Синтетикалық, синхроникалық кестелер. Олар арнайы ақын – жазушылардың шығармаларына тақырыптық бейнеде, образды бейнеде берілетін кестелер.

Буклеттер, альбомдар: ақын-жазушылардың өмір жолына арналып жасалатын бейнелі суреттер.

Тірек сигналдары: тірек плакаты, тірек конспекті. Тірек конспектісі – негізгі материалдан ең негізгілерін бөліп алу керек. Тірек плакаты – ақын-жазушылардың даталы, тарихи оқиғалары мен шығармаларының аты қай жылы жазылған анықтамасының көрсеткіші.

Кеспе, үлестірмелі қағаздар: жеке ақын-жазушылардың көркем шығармалары бойынша жасалады. Көрнекіліктің бұл түрі оқушының өзіндік, шығармашылық жұмыстарды орындау мақсатында пайдаланады.

Техникалық оқу құралдары екіге бөлінеді: экрандық техникалық құралдар, дыбыстық техникалық құралдар.

Экрандық техникалық құралдар. Бұған: киноаппарат, эпидиаскоп, кодоскоп, ЛЭТИ, «Протоп», «Свитязь», «Фильмоскоп» т.б. жатады. Бұлар шағын көрнекі материалдарды (суреттерді, кесте) экранға түсіріп, сабақ мазмұнына байланысты қажетті қосалқы материалдарды көрсетуге арналған.

Иллюстрациялық кестені қолдануда көркем өнердің, көркем шығармалардың туындыларын салыстыра талдап түсіндіруге, олардың өзара жақындығын, өнер туындысы ретіндегі өзіндік даралық ерекшелігін, өзара қатынасын, бірлігін көрсету, байқату көзделеді.

Диапозитив – экрандық техникалық құрал. Диапозитив арқылы сериялы материалдарды бөлшектеп, жеке-жеке кадрларға бөліп береді.

Диафильм. Диафильм жазушы өмірін, жеке шығарманың мазмұнын ашып беруге арналған. Диафильмнің ерекшелігі – көріністің, құбылыстың логикалық байланысын сақтап, қимыл үстінде көрсетеді.

Кинофильм мен теледидар. Оқушы өзі оқыған шығармаларын кинофильм арқылы көрсе, білімнің берік болуына мүмкіндік туады. Сол мүмкіндікті теледидар жүзеге асырып отыр.

Дыбыстық техникалық құралдар. Дыбыстық құралдар оқу үрдісінде екі міндетті шешуге көмектеседі: арнайы жазбаларды, диктордың көркем сөз шеберлерінің, қоғам қайраткерлерінің сөздерін тыңдауға; оқушылардың, мұғалімнің өз сөздерін жазуға, талдауға мүмкіндік жасайды.

Радиохабарлар. Радиохабарлар көркем сөзді оқу арқылы, оқушыға талданып берілетін жаңа мәлімет. Тыңдау арқылы танымдық қызығушылығын арттырып, сабақты жандандырып, шығарманың мазмұндау дәрежесінің эмоционалдық қатысын арттырады.

Күйтабақтағы жазба. Күйтабақты мұғалім сабақ үрдісінің ең тиімді жерінде пайдаланады. Күйтабақты пайдалану сабақтың мақсатына, мұғалімнің жеткізбек идеясына, нені ойластыруына тікелей байланысты.

Магниттік жазба. Бұл магнитафон арқылы жүзеге асырылады. Сабақ мақсатына қарай мұғалім магнитафонға жазып алып, сабақтың түрі мен дидактикалық ұстанымына сай байланыстыра пайдаланады.

Көрнекілік – оқу материалын оқушы көңіліне оңай да әсерлі жолмен жеткізуші көмекші құрал. Ол бүтіннің бөлшегі секілді сабақтың бойында оның белгілі бір құрылымдық структуралық бөлшегіндей басқа құрамдас бөлімдерімен қабат-қабат қабысып жатуы қажет. Сонда ғана көрнекілік шәкірт білімінің тұтастығын арттырып, сабақ үрдісінің тиімділігін жүзеге асырады.

Технология - әдістеме. Әдіс дегеніміз- білім берудің теориясы.

Тәсіл дегеніміз – іс, меншікті іс . Тәсілдердің элементтері – амал жолдары:

1) таныстыру, берілген білімді тексеру, бекіту , жүйелеу, тиянақтау.

2) деңгейлік тапсырмалар – қиын мәселерді шешкізу.

3) мониторинг- тексеру.

4) деңгейлік тапсырмалар – дифференсация.

5) таным жолы – оқушыларды әрекетке кіргізу. Мен және оқушылар, оқушылар және оқушылар.

Оқыту әдісі дегеніміз- мұғалімнің білімді меңгерту жолындағы тәсілі. Әдіс оқушының өз ынтасын ішкі қозғаушы күшін жұмысқа бағыттауды ұстанады. Әдіс тек әрекеттің негізгі мақсаты болуы шарт. Әр түрлі құралдарды қолдану әдіске бағынышты.

Құралдардың әр түрлі болуы әдістің құрылымын өзгертуге ықпал етеді. Әдістер арқылы білім мазмұның меңгереміз. Мұғалім оқушыларды оқытуда түпкі нәтижеге жеткізер деген әдіс- тәсілдерді тандап алуы қарастырылады. Педагогиканың бір саласы дидактиканың негізгі міндеті- оқыту үрдісі бағынатын білім беру мазмұнын, оқыту зандылықтарын, принциптерін, әдістерін және ұйымдастыру формаларын қоғам талабына сай қолданудың жолдарын қарастыру.

Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтың мақсат- мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа әдістерді жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалау ерекше орын алады (1,18 бет).

Оқу жоспарын жасағанда, оның бағдарламасын мен оқулықтарындағы оқу материалдарын іріктеп, таңдауға оқушылардың жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктері ескеріледі. Сондай-ақ, әрбір сабақтың мазмұнына қарай амал – құралдарды қолдануда оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне үлкен мән беріледі. Атап айтқанда, оқушы материалын терең түсініп , саналы меңгеруі үшін, оның тақырыптық ішкі заңдылығы мен өзара байланысып дұрыс аңықтап, тиісті қорытынды жасай білуі қажет. Оқушы бірінші сыныптан бастап қазақ тілін үйрену барысында тілдегі түрлі қолданылатын атауларды ( әріп, дыбыс , буын, сөз, сөз тіркестері, сөйлем, сөз бен сөзді байланыстыратын жалғау, жұрнақ, тыныс белгілері – нүкте, үтір, леп белгісі, сұрау белгісі, сызықша, қос нүкте, түрлі грамматикалық анықтама, ережелерді оқып үйренеді.

Қабілеті әр түрлі оқушы тілдің мұндай белгілері мен атауларын бірден меңгеріп кетуі мүмкін емес, тек оның негізгі, қажеттілерін (анықтама, ережесін) есте сақтауы мүмкін.

Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды, кестелер, сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін дамытуға көңіл болінеді.

Қолданылатын көрнекіліктер оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады, түсіндірілген материалдарды саналы меңгертуге ықпал жасайды. Оқушылардың білім сапасының көп жағдайларда төмен болуы, осындай түрлі ойлау әрекеттеріне бейімделмеуден, дағды бермеуден деп айтуға болады.

Қазіргі кезде қазақ тілін және әдебиетін қандай бағытта, қандай мазмұнда оқыту керек?

Меніңше, коммуникативті функционалды бағытта болуға тиіс. Сондықтан тілдің коммуникативті механизмін ашу қажет . Яғни, оның сөйлеу процесіндегі, сөйлем құрудағы, мәтін бойынша әңгіме құрастырудағы рөлі амал – құралдар арқылы меңгертіледі.

Ең алғаш қазақ тілін және әдебиетін үйрету барысында оқушыға айналадағы өзі қоршаған ортаны, заттарды, құбылыстарды таныстыру көзделеді. Бұлардың бәрі де оқушыға белгілі бір тақырып айналасында екінші біреудің сөзін есту арқылы , онымен өзі әңгімелесіп, сөйлеу арқылы , мәтінді оқу арқылы меңгертіледі. Яғни оқушы қазақ тілінде сөйлесу арқылы қарым- қатынас жасайды. Мысалы: «Мен қазақша сөйлеймін», «Асқар менің досым», «Мен осы үйде тұрамын» деген тақырыпта бір – бірімен танысады, әңгімелеседі.

Мұғалім – мектептегі басты тұлға . Ол өз ісімен өзгеге үлгі болып жетекші болады. Білімі терең , әдістемелік шеберлігі мол, мақсаты айқын, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Мұғалім жұмысындағы , әсіресе, сабақ беруіндегі бір ерекшелігі- ұғымдарды белгілі бір сызбалармен түсіндіріп, соны қолдана отырып, іскелік жұмыстар жүргізіледі. Мысалы: Бір ғана ұғымды шағын көрнекілікпен жинақтап, баланың түсінуіне ынғайлы етіп ұсынады.

Мектепте қазақ тілін және әдебиетті үйрену, білу қазіргі таңның басты мәселесі. Сабақта бұл мәселені шешу жолдарының бірі әр түрлі әдіс- тәсілдерді тиімді қолдана отырып, жаңа технологияларды енгізу.Қазір технологиялардың түрлері өте көп. Мектепте қазақ тілін әдеби шығармаларды үйрену, тақырыптарды меңгеру күрделі жұмыс. Сондықтан қазақ әдебиетін, тілін оқыту, ауызекі сөйлеуге үйрету қиын да, қызық жұмыс. Сол қиындықтарды жеңілдету үшін сызбаларды қолдану арқылы төмендегі әдістерді дамытуға мүмкіндік туғызамын.



Әдістер:

Сұрақ- Жауап


Өз ойын айту



Баяндау

Сұхбат

Монолог

Аударма



















Осындай сабақтарда мұғалім тек ұйымдастырушы, бағыттаушы, сараптаушы ретінде көрініп, бар жауапкершілікті оқушылардың өз тізгіндеріне беріп, үлкен жауапкершілікті сезінтеді.

Бір сыныпта отырған балалардың оқу ынтасына қарай тілді білу дәрежесі де әртүрлі болып келеді. Сол себепті де нақты нәтижеге жету үшін модульдік оқыту технологиясының тиімді екенін күнделікті іс- тәжиребемнен көріп келемін. М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясының негізі баланың тұлғасын алға қояды, бұл жаңа білім парадигмасына сай келіп отыр. Модульдік технологиясының басты ерекшелігі – оның тек қана білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді, яғни жадының алуан түрлерін ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай- ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін- өзі өзектілендіру, өзін - өзі бекіту, қарым- қатынас, ойын танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттануға белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталады16

Қорыта келе бұл технологияны қолдану нәтижесінде:



  • Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға.

  • Танымдық процестерді жетілдіру.

  • Оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға

  • Белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін ұстартуға

  • Тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны білу, қарым – қатынас, ойын, танымдық, өзін- өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.

2.3. Әдебиет сабақтарында деңгейлік тапсырмалар мен тірек сызбаларды қолдану жолдары

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қолдану аясын кеңейту- баршамыздың басты парызымыз. Осындай күрделі міндетті ойдағыдай орындау үшін мұғалімге бұрыңғыдан да зор талаптар қойылады.

Оқытудың жаңа технологиясының бірі-педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі іліміне сүйене оқыту болып табылады. Нәтижеге жету үшін оқушылардың білімі мен деңгейіне байланысты тапсырмалар құрастыру қажет. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру үшін ойлай білетін, өз ойын қазақ тілінде жеткізе алатын, сауатты, еліне еңбек ете білетін, қабілетті жастар керек. Оқушының ойлау және сөйлеу тілін дамыту мақсатында деңгейлік тапсырмалар беру ұсынылады. Сол арқылы оқушының деңгейі анықталып, білімін тереңдетіп, белсенділігін күшейтеді. Деңгейлік тапсырмаларды дайындап, оқушылармен жұмыс жүргізудегі негізгі мақсат: баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушының қабілеті, ақылы, біліктілігі, сөздік қоры жетіледі. Әр деңгейлік тапсырманы орындаған сайын оқушы жақсы орындауға талпынады. Мұғалім де, оқушы да шығармашылықпен жұмыс жасайды, сондықтан да оқушыларды өз бетімен жұмыс істеп, білімін тереңдетуі үшін оларды іздендіру керек.

Бірінші деңгейлік тапсырма оқушының есінде қалуға ыңғайлы, өмірмен байланысты болуы керек.

Екінші деңгейлік тапсырма түрленіп, күрделене түседі. Мазмұны өткен тақырыпқа байланысты түрленген, ойлауды қажет ететін, оқушы өз бетімен жұмыс жасауға лайықты тапсырмалар.

Үшінші деңгейдегі тапсырмалар орындау арқылы оқушы өзі тұжырым жасайды. Мұғалім нұсқаушы, бағыт беруші, кеңесуші ретінде болады. Оқушының өзі сөздіктерді пайдаланып, мәтіндерді аударады. Берілген мәтіндерге сұрақ ойлап жазады. Өзіне керек материалдарды іздеп, тауып оқиды.

Төртінші деңгейлік тапсырма дарынды, қабілеті жоғары балаға арналады, тақырып беріп, ізденуге өзі мақсат қояды. Мұғалімнің көмегісіз барлығын өзі орындай біледі17.

Деңгейлік тапсырмалар үлгісі. 9 сынып. «Жыл мезгілдері»

І деңгей.

1. «Көктем табиғаты» тақырыбындағы сөйлемдерді құрмалас сөйлемдермен толықтырыңыз.

2. «Көктем» тақырыбына шағын әңгіме құраңыз.

ІІ деңгей.

1. Мәтінге бір ортақ жоспар құрып, мазмұнын айтып беріңіз.

2. Мәтіннен 2 салалас құрмалас сөйлем, 2 сабақтас құрмалас сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.

3. Мәтін бойынша диалог дайындаңыз.

ІІІ деңгей.

«Көктемгі еңбек» тақырыбындағы құрмалас сөйлемнің түрлерін қолданып, шағын шығарма жазыңдар.

Көктем мезгілі бәріне бірдей ұнай бермейді. Біреуге ұнайды, біреуге ұнамайды. Неге? Өз пікірлеріңізді дәлелдеп жазыңыздар.

Осы сияқты деңгейлік тапсырмаларды жүйелі қолдану оқушылардың білім сапасын арттыруға, шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал етеді.

ІҮ деңгей.

Қосымша әдебиет бойынша Абылай хан туралы мәліметтер жинақтап, реферат жазыңыз. Бұл тапсырманы орындауға оқушылар өз ізденісі арқылы жетеді. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушы өзі ізденіп, нақты нәтижеге жетеді. Мұғалім кім қалай меңгергенін бақылайды.

Мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда тағы бір ең қолайлы жолдарының бірі- тірек сызбаларын пайдалану.

Тірек сызбасын сабақта кеңінен пайдалану-мұғалімнің жан-жақты дайындалуына, уақытты ұтымды өткізуіне әсер етеді.

Уақыт талабы мұғалімнен сабақты қызықты, тартымды өткізе білуді көп шығармашылық ізденісті, білімділікті, тапқырлықты қажет етеді. Оқушылардың белсенділігін, жеке дара жұмыстануын ынталандыру, жеке көзқарастарының қалыптасуын, дамуын, оқу еңбегінің нәтижесі тиімді болуын талап етеді.

Сондықтан ортақ іс-ірекетті ұйымдастыруда негізгі мақсат әрбір жеке оқушының дамуына, таным ерекшілігі мен іс-әрекетінің дұрыс ұйымдастырылуына үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек.

Мектептерде қазақ тілі пәнінің көздейтін мақсаты-қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға түсіндіре алатын дәрежеге жеткізу.

Сондықтан қазақ тілі сабағында оқытушыдан қалайда оқушыны сөйлетуге, сөйлеу тілін дамытуға жағдай туғызу керек.

Тіл үйрену, тіл ұстарту адамның ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Ойлау қабілетін дамытудың негізгі әдістерінің бірі жаттығу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру болып табылады. Жаттығулар екі топқа бөлінеді:

Тілдік жаттығулар;

Сөйлеу жаттығулары;

Сөйлеу жаттығуларына сөйлем және сөз тіркестерін құрастыру, мәтіннің мазмұнын айту, сұхбат құрастыру жатады.

Тірек сызбалар оқушылардың сөйлеу тілін арттыру мақсатында пайдаланатын тәсілдің бірі. Сонымен қатар тірек сызба жаңа тақырыпты жеңіл түсінуге, есте сақтап қалуға көмектеседі. Негізінде орташа оқитын оқушыларға өте қолайлы деп есептеймін: себебі олар тірек сызбалар арқылы сөйлем құрастырып, өз ойларын айтып жеткізуге үйренеді, сабаққа қызығады, еңбектенуге талпынады.

Қазақ әдебиеті сабақтарында келесі тірек схеманың үлгілерін ұсынамын. 9 сынып.

Тірек сызбалардың түрлері









Шәкәрім

Құдайбердіұлы




Ол кім ?


Туған

жері



Әдебиетке

қосқан үлесі




Кімнің туысы?


Қай поэманың

авторы ?


Философиялық шығармалары



















Шығарманың аты

Тараулар

Басты оқиғалар

Кейіпкердің іс-әрекеті






Қазақ әдебиеті сабақтарында тірек сызбалардан басқа белгілі жазушылардың жалпы өмірбаянымен танысқаннан кейін жоғарыда көрсетілген семантикалық талдауды орындатуға болады. Белгілі бір шығармамен танысқаннан кейін сол шығарма бойынша кестені толтыртуға болады. Осындай жұмыстар өте ыңғайлы деп есептеймін.



Қ о р ы т ы н д ы

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.

Әдеби білім берудің негізгі бағыты – адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан дүниесінің баюына, өзіндік көзқарасының, шығармашылық белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау.

Оқытудың көрнекілік ұстанымы сабақ үрдісінде басты роль атқарады. «Көрнекілікпен оқытудағы басты мақсат – оқушыны байқағыштыққа, оймен топшылауға жаттықтыру. Өзінің байқағандарын сөзбен айтып бере білуге, одан логикалық қорытынды шығаруға үйрету». Көрнекілікті оқу үрдісінің барлық кезеңінде пайдалануға болады, бірақ оны жиі қолдануға да болмайды. Көрнекілікті белгілі тақырып мақсатында пайдаланғанда ғана тиімді болмақ. Сабаққа қажетті дидактикалық көрнекі құралдардың түрлері: заттық, образдық, графикалық, синтетикалық, синхроникалық кестелер; буклеттер, альбомдар; техникалық оқу құралдары; тірек сигналдары; кеспе, үлестірмелі қағаздар.

Көрнекілік – оқу материалын оқушы көңіліне оңай да әсерлі жолмен жеткізуші көмекші құрал. Ол бүтіннің бөлшегі секілді сабақтың бойында оның белгілі бір құрылымдық структуралық бөлшегіндей басқа құрамдас бөлімдерімен қабат-қабат қабысып жатуы қажет. Сонда ғана көрнекілік шәкірт білімінің тұтастығын арттырып, сабақ үрдісінің тиімділігін жүзеге асырады.

Дидактикалық принциптердің бірі-оқыту жүйесінде көрнекі құралдарды пайдалану. Мектепте әдебиеті оқытуға байланысты мынадай көрнекі құралдар пайдаланылады: затты табиғи түрінде көрсету, графикалық көрнекілік (кесте, схема), бейнелеу көрнекілігі, иллюстрация жасау, фотоларды көрсету, суреттерді көрсету, осындай көрнекіліктер мен қатар, техникалық құралдарды(магнитофон, ойнатқыштарды, диафильм, кинофильм фрагменттері, радио, телевизия, кодоскоп, эпидиаскоп) пайдалану арқылы оқушылардың есту және көру сезімдерін дамытуға арнайы көңіл бөлінеді.



Қорыта келгенде, мұғалімнің түсіндіруі мен қоса, есту және көру үшін көрнекіліктер қолданылады. Сыныптан тыс жұмыстарда көрнекілік пайдалану оқушының ана тілін құрметтеуге, оған деген сүйіспеншілігін арттырады. Оқушының танымдық қабілетін жетілдіріп, өздігінен жұмыс істеуге бағыт береді.


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Бітібаева Қ.О. Әдебиетті оқыту әдістемесі: Педагогикалық оқу орындарына арн.оқулық.- Алматы: Рауан, 1997.

  2. Ә.Қоңыратбаев. 4-7кастарда әдебиет оқыту методикасы 1987

  3. Бадырақов Қ. Жоғары кластарда қазақ әдебиетінен тапсырмалар жүйесі. –А., 1977.

  4. Артықова Т.М. Қыстаубаева Ж. Қазақ тілі мен әдебиетті оқыту әдістемесі, Алматы, 2005 жыл.

  5. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы , оқушыны дамыту. Құрал ретінде, Алматы 2002 жыл.

  6. Оралбаева Н Жақсылықова Қ Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі, Алматы , 1996 жыл.

  7. .Жұмажанова Т. Әдебиеттен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ғылыми - әдістемелік негіздері. А., 1

  8. Ақшолақов Т. Көркем шығармаға талдау жасау. – А. Мектеп, 1993.

  9. Бадырақов Қ. Жоғары кластарда қазақ әдебиетінен тапсырмалар жүйесі. –А., 1977.

  10. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., 1997.

  11. Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. – А., 1999.

  12. Бітібаева Қ.Әдебиетті тереңдетіп оқыту. – А. 2003.

  13. Голубков В. Методика преподавания литературы. М., 1962.

  14. Дайырова Ә. Орта мектепте І.Жансүгіров творчествосын оқыту. - А., 1969.

  15. Жұмажанова Т.Қ. Әдебиеттен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері. А., 1995.

  16. Жұмажанова Т.Қ. Қазақ әдебиетінен оқу-әдістемелік күнтізбелік жоспары. 6-7 сынып. А., 2003.

  17. Жұматаева Е. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. А., - 1999.

  18. Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. – А. Мектеп, 1969.

  19. Қалиев С. Мектепте Ғ.Мүсірепов шығармаларын оқыту жолдары.- А. 1974.

  20. Қараев Ж. Ешеева Ж. Программалап оқыту және оның компьютерді оқытуға пайдалану мен байланысы. – А. 1991.

  21. Қирабаев С. Мектеп және қазақ әдебиеті. А., Мектеп, 1979.

  22. Құрманова Н, Мухлис К. Текст теориясы және тексті талдау әдістемесі. – А. АлМУ, 2000.

  23. Құрманбаева Г., Дүйсебаев С. Әдебиет сабақтарының үлгілері. А., 1999.

  24. Мақпыров С., Әдебиеттен шығарма жұмыстары. А., 1981.

  25. Мәшһүр Жүсіп.Қ. Көркем сөздің құдіреті. (Мектепте қазақ әдебиетін оқыту). Павлодар, 2000.

  26. Мәшһүр Жүсіп.Қ. І.Жансүгіровтың «Құлагер» дастанын оқыту. «Қазақ тілі мен әдебиеті», №8, 2002.

  27. Сманов Б. С.Мұқановтың «Ботагөз» романын оқыту. А., 20

  28. Абайдың тәлімгерлік тағылымы. (құрастырушы Ә.Дайырова). А., 1996.

  29. Құсайынов А. Оқулықтану мәселелері. А., 2000.

  30. Марацман Б., ЧирковскаяТ. Проблемная изучение литературного произведения в школе. М., Просвещение, 1977.

  31. Мемлекеттік білім стандарты. А. 2000.

  32. Прессман Л. Кабинет литературы. М., 1975.

  33. Обернихина Г.А. Уроки литературы сегодня. М., 2000.

  34. Абай энциклопедиясы. –А., 1995

  35. Ахметов З.Өлең сөздің теориясы. –А., 1973

  36. Әуезов М. Әдебиет тарихы. –А, 1991

  37. Әуезов М.Абайтанудан жарияланбаған материалдар–А, 1968

  38. Әбдиманұлы Ө. XX ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті–А, 1988

  39. Байтұрсынов А. Ақжол–А,1991

  40. Жолдасбеков М.Асыл арналар. –А6 1985

  41. Жұмалиев Қ. XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті–А,1967



1 Бітібаева Қ.О. Әдебиетті оқыту әдістемесі: Педагогикалық оқу орындарына арн.оқулық.- Алматы: Рауан, 1997.



2Ә.Қоңыратбаев. 4-7кастарда әдебиет оқыту методикасы 1987

3 Бадырақов Қ. Жоғары кластарда қазақ әдебиетінен тапсырмалар жүйесі. –А., 1977.


4 Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. – А., 1999.


5 Қ. Тасболатұлы. Қазақ әдебиеті пәнін оқытудың әдістемесі.2002

6 Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы , оқушыны дамыту. Құрал ретінде, Алматы 2002 жыл.


7 Ақшолақов Т. Көркем шығармаға талдау жасау. – А. Мектеп, 1993.


8 Бітібаева Қ. Мектепте Абай шығармаларын оқыту. - Өскемен: Б.ж., 1994.- 180б.


9 Артықова Т.М. Қыстаубаева Ж. Қазақ тілі Оқыту әдістемесі, Алматы, 2005 жыл.


10 Жұматаева Е. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. А., - 1999

11 Жұмажанова Т.Қ. Қазақ әдебиетінен оқу-әдістемелік күнтізбелік жоспары. 6-7 сынып. А., 2003.


12 Қараев Ж. Ешеева Ж. Программалап оқыту және оның компьютерді оқытуға пайдалану мен байланысы. – А. 1991.


13 Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы , оқушыны дамыту. Құрал ретінде, Алматы 2002 жыл.


14 Байтұрсынов А. Шығармалары. Алматы, Жазушы, 1989.


15 Құрманбаева Г. , Дүйсебаева С. Әдебиет сабақтарының үлгілері.Алматы, 1999


16 Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы , оқушыны дамыту. Құрал ретінде, Алматы 2002 жыл.


17 К.С.Құдайбергенова инновациялық тәжірибе орталығы-педагогикалық технология көзі. Алматы, 2001 жыл







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет