Научный журнал



Pdf көрінісі
бет46/202
Дата13.04.2024
өлшемі3.75 Mb.
#498565
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   202
Серия Педагогическая № 1. 2018
ПМУ Хабаршысы, ISSN 1811-1831 Педагогикалық сериясы № 1. 2018
орындаушының жеткізуіне, шығарманың сапасы мен орындалу деңгейіне, 
өзінің тыңдау тәжірибесіне, қабылдау мәдениеті мен талғамына байланысты 
қабылдайды.
Б. В. Асафьевтың оқушылардың музыкалық іс-әрекетіне (композитор- 
орындаушы- тыңдаушы) берген сипаттамасын былай тануға болады: қабылдау 
– орындау – шығармашылық. Бұдан шығатыны оқушылардың музыкалық іс-
әрекетінің жетекші түрі – музыканы қабылдау.
Ал, оқушылардың музыкалық шығармаларды қабылдауы оларға арналған 
шығармалардың сапалы орындалуына байланысты. Сондықтан, мұғалімге 
музыкалық шығармаларды кәсіби (профессионалды) түрде орындау міндеті 
жүктеледі. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен жалпы мүмкіндіктерін ескере 
отырып, түрлі музыкалық шығармаларын тыңдату арқылы таным ынтасын 
қалыптастыру негізі қаланады.
Оқушылардың музыканы тыңдау тәжірибесі қабылдау әрекеті үшін өте 
маңызды. Егер де музыкалық шығарманы оқушы бар ынтасымен тыңдаса, оның 
сипатына эмоционалды көңіл- күй тудырса, ол эмоционалдық қабылдау болып 
табылады. Дамымаған қабылдау әрекетінсіз оқушылар музыканың сипатын, 
музыкалық бейне мен оның өмірмен байланысын, музыканың мәнерлілігін 
түсіне алмайды. Музыканы қабылдау оқушылардың орындаушылық әрекетінде 
дамиды. Орындаушылық әрекеттің түрлерін меңгерту үшін оқушылардың
іскерлік пен дағдыларын қалыптастыру қажет. Іскерлік пен дағдылар жаттығу, 
қайталау, би қозғалыстарында және музыкалық аспаптарда ойнау әрекеттерінде 
іске асады. Бұл қабілеттер музыкалық-дидактикалық ойындар мен жаттығулар 
арқылы қалыптастырылады. Ең бастысы, оқушылардың музыкалық іс-әрекетке 
деген қызығушылығын тудырып отыру қажет.
Оқушылардың музыканың белгілі бір түріне бейімділігін байқаған педагог 
оны сол бағытқа ұмтылуға қызығуына әсер етуі тиіс. Сонда оның қабілеттілігі 
барынша дамиды. Алайда, психологтардың тұлға дамуына әсер ететін жетекші 
іс-әрекет туралы тұжырымдарын есепке алу керек. Балалардың әрқайсысының 
ерекшелігін танып, қабілеті, бейімділігі, қызығуына қарай әрекет ету қажет. Егер 
оқытуда жеке-дифференциялды қадам болмаса онда дамытушылық болмайды. 
Сонымен қатар, оқушылардың музыка тыңдауын жүйелі ұйымдастырып 
отыру керек. Музыкалық шығармаларды жиі тыңдау, музыкалық-әдеби кітаптар 
оқу олардың музыкалық ой-өрісінің өсуіне, музыкалық танымының жетілуіне 
бірден-бір себін тигізеді. Осылайша, музыкалық шығармаларды жиі және
жүйелі пайдалану – оқушылардың жалпы білімі, музыкалық санасы, мәдениетін 
дамытудың бірден-бір жолы дер едік. Дегенмен, оқушылардың музыкалық 
мәдениетін қалыптастырудағы басты мақсат – оқушыларды музыканы тыңдауға, 
оны түсінуге, сүюге және сұлулығын сезінуге баулу болуы қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтқанда, оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру 
үшін мұғалімнің тарапынан дұрыс басшылық пен оқушылардың өздерінің 
белсенді болуы шарт. Оқушының жеке басының дамуына белсенді болуы 
үшін оны қажетсінуі қажет, сондай-ақ, музыканы тыңдау, бағдарлай білу, 
іздену біліктері болуы қажет. Мұның өзі жүйелі түрде оқытылатын сабақ 
және сабақтан тыс жұмыстарды оқушылардың өз бетімен, және мұғалім 
жетекшілігімен орындайтын әрекеттері нәтижесінде қалыптасады. Ал, оны 
арнайы ұйымдастыру – оқу үрдісіне жаңа құралдар мен әдіс-тәсілдерді енгізуді 
қажет етеді. Оқытудағы болатын мұндай өзгерістер педагог еңбегін жетілдіруді 
және әрдайым психологиялық- педагогикалық талдауды талап етіп отырады. 
Мұғалімнің іс-әрекет туралы теориялық білімді болуы тұтас педагогикалық 
процесте өзінің және оқушы іс-әрекетін жеткілікті деңгейде ұйымдастыруға 
көмектеседі. Демек, оқушы тұлғасын қалыптастыруда іс-әрекет теориясын 
білу педагогикалық процесте тұлғаны іс-әрекет қабілетімен қаруландыруға 
жағымды жағдай жасайды. Себебі, оқушы іс-әрекетін дұрыс ұйымдастырып 
басқару оқушы тұлғасын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады.
Сонымен, біздің тұжырымдауымызша, оқушылардың музыкалық 
қабілеттері, музыкалық мәдениет негіздері, жалпы әлеуметтік, сондай-
ақ тұлғалық сапалары барлық аталған музыкалық әрекеттер (қабылдау, 
орындаушылық, музыкалық білім беру, шығармашылық) арқылы қалыптасады. 
Мұндай сапалар педагогикалық процесте мұғалім мен оқушының бірлескен 
әрекетінде жүзеге асады. Нәтижесінде өзінің қажеттілгі мен қабілеттілігін 
жүзеге асырған мұғалім-тұлға өз оқушыларының қажеттілігі мен қабілеттілігін 
қалыптастыра алады. Бірақ, мұндай нұсқаумен оқушы тұлғасына әсер ететін 
мұғалімдер базалық кәсіби білімді, ізгілікті педагог болуы тиіс.
Басқаша айтқанда, бүгінгі күні білім беру жүйесінде негізге алынып 
отырған мәселені тікелей қарастыруға болады: «оқушылардың үйренуі мен 
мұғалімнің үйретуі тек өзара белсенді әрекеттерге негізделген қарым-қатынас 
арқылы жүзеге асырылады» және «Тек өзара әрекеттесу арқылы ғана үйренуге/
үйретуге болады». Білімді игеру екі жақтың да (шәкірт пен ұстаздың) танымдық 
және шығармашылық белсенділігін қажет етеді. Мұнда мұғалімнің бұрыннан 
қалыптасқан үйреншікті «білім беруші», «үйретуші» рөлдерінен бас тартып, оны 
бүгінгі күн талаптарына сай жауап бере алатын «ұйымдастырушы», «сабақ 
жүргізуші», «үйренуге жағдай жасаушы», «қамқоршы», «көмекші», «бағыт 
беруші», «сілтеуші», «ынталандырушы», «қолдаушы» сияқты ұғымдармен 
алмастырып, шәкірт пен білімнің арасындағы байланысты арттыру керек.
Себебі, үйретуші ұстаз білім игеру ісінде негізгі рөлді үйренушіге (шәкіртке) 
ұсынуы тиіс. Өйткені, біздің тәуелсіз жас мемлекетімізге жаңа жағдайда өмір 


72
73
Вестник ПГУ, ISSN 1811-1831 
Серия Педагогическая № 1. 2018
ПМУ Хабаршысы, ISSN 1811-1831 Педагогикалық сериясы № 1. 2018
сүру кезеңінде ізденгіш, шығармашылық жұмыс істеу мен «тіршілік ету» 
қолынан келетін жеке тұлға қажет деп білеміз.
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
Ананьев, Б. Г. О проблемах современного человекознания. – М. : Наука, 
1977.
Рубинштейн, С. Л. Основы общей психологии. – М. : Педагогика, 1989.
Эльконин, Д. Б. Введение в психологию развития. – М., 1995.
Каган, М. С. Человеческая деятельность: опыт системного анализа. – М. : 
Политиздат, 1974. 
Арчажникова, Л. Г. Профессия – учитель музыки. Книга для учителя. 
– М. : Просвещение, 1984.
Илларионов, С. В. Межпредметные связи как условие формирования 
познавательно-творческой активности будущего учителя музыки: Дисс. канд. 
пед. наук. – Алматы, 1991. 
Леонтьев, А. Н. Деятельность, сознание, личность // Избарнные 
психологические произведения. В 2–х т. // под. ред. В. В. Давыдова,
В. П. Зинченко и др. – М. : Педагогика, 1983.
Асафьев, Б. В. Музыкальная форма как процесс. – Л., 1972.
Арнольдов, А. И. Ввдение в культурологию. – М., 1993.
10 Апраксина, О. А. Методика музыкального воспитания в школе. – М. : 
Просвещение, 1983.
11 Қаратаев, М. Әдебиет және эстетика. – Алматы : Жазушы, 1970. 
12 Оршыбеков, Ы. Қазақ халқының педагогикалық мәдениеті. – Алматы : 
Білім, 1981.
13 Ахметов, Ш. Қазақ балаларын халық дәстүрлері арқылы тәрбиелеу. 
– Алматы, 2000. 
14 Ұзақбаева, С. Тамыры терең тәрбие. – Алматы : Білім, 1995.
15 Калыбекова, А. А. Казахские народные традиции в музыкально- 
эстетическом воспитании детей. – Алматы : Рауан, 1993.
16 Балтабаев, М. Х. Қазақ халық музыкасы және студент-жастар. – 
Алматы, 1999. 
17 Абдуллин, Э. Б. Музыка мұғалімінің музыкалық-педагогикалық 
технологиялары. – М. : Прометей, 2005.
18 Бодауова, Б. К. Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби-шығармашылық 
белсенділігін қалыптастыру (арнайы пәндер материалында): Автореф.дис. 
п.ғ.к. – Алматы, 2010.
19 Дүйсембінова, Р. Қ. Музыкалық білім беру педагогикасы.–
Талдықорған, 2006.
20 Нағымова, М. М. Музыка сабағындағы инновациялық 
технологиялары. – Алматы, 2007.
Материал 12.02.18 баспаға түсті.
П. Ж. Абдикеримова
1
, Н. Ж. Абдикеримова
2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет