«научное наследие заки ахметова и национальные ценности», в честь 95-летнего юбилея Заки Ахметова



Pdf көрінісі
бет114/153
Дата07.02.2024
өлшемі5.2 Mb.
#491177
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   153
Зәки-Ахметовтің-95-жыл-толуына-орай-жинақ-4-бөлім

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1. Боранбаева А. Ұлттық біріңғай тестілеу – заман талабы // Білімдегі 
жаңалықтар. – 2004. – № 2 
2. Уразова П. Б. Тестілеу жүйесі – сапалы білім кепілі. Известия 
Национальной академии наук Республики Казахстан. Серия физико-
математическая. № 6. 2014. 69-72 б.
3. Челышкова М.Б. Теория и практика конструирования педагогических 
тестов: учеб. пособие. М.: Логос, 2002. 432 с. 
4. Спецификация 
теста по предмету информатика для Единого 
национального 
тестирования 
(для 
использования 
с 
2023 
года). 
http://www.testcenter.kz/upload/iblock/2c4/Informatika-rus.pdf  
5. Ликсина Е.В., Смирнова А.А. Технологические аспекты разработки 
программы-тренажера для подготовки будущих абитуриентов к ЕГЭ по 
информатике и ИКТ. Международная научно-практическая конференция. 
Пензенский 
государственный 
технологический 
университет. 
2015 
https://www.elibrary.ru/item.asp?id=24874770  
 
ӘОЖ 8.1751 
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ҰЛТТЫҚ 
ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ АМАЛДАРЫ 
Нургендирова М.И. 
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№ 26 орта мектебі» КММ 
Өскемен қ., Қазақстан, e-mail: Kabatova82m@mai.ru82 
XXI ғасырдағы алдыңғы қатардағы, дамыған ел дегеніміз - білімді, белсенді, 
денсаулығы мықты азаматтар. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге 
қабілетті, сапалы, білікті маман даярлау. Осы білім сапасы мен бәсекелестік 
мүмкіндігін көтеру мақсатында істеліп жатқан қадамдар көп.
Дамыған елдердің барлығында бірегей, сапалы білім беру жүйесі бар. Біздің 
елімізде ұлттық білім берудің барлық сатысының сапасын жақсарту жолында оқу 
әдістемелерінің заманауи бағдарламалар ұсыну өте маңызды. Қазақстан 
Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың: «Орта білім беретін 
жүйесіндегі мектептерді зияткерлік мектептердің қатарына қосып, білім беру 


349 
нәтижесінде оқушылардың терең ойлап, өзіндік ізденіске дағдыланулары тиіс. 
Баланы математикаландыру керек» - деген екен.
Республикамыздың «Білім» беру заңына сәйкес, «Әр баланың жеке қабілетіне 
қарай дамуы, баланың қабілетін, дарындылығын дамыту» сияқты маңызды 
мәселелер енгізіліп отыр. Өйткені өндірісті, техниканы және ғылымды әлемдік 
деңгейде дамыту үшін жоғары білімді мамандар қажет.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде жалпы адамзаттық және 
ұлттық құндылықтарды дамытуды көздеген қарқынды өзгерістер орын алып отыр. 
Білім беру деңгейі – мемлекет пен қоғамның табысты дамуының кепілі. Осыған 
орай ақпараттық кеңістікті кеңейту және әлемдік коғамдастыққа кіру жағдайында 
білім беру жүйесін жаңғырту ең маңызды қадам болып саналады. Жаңа қадам 
мектепке дейінгі, орта білім беру жүйесінде де елеулі өзгерістерге алып келді. 
Тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту Қазақстан Республикасында білімнің 
қоғамдағы мәдени, жасампаз рөлін өркендетуге бағытталған жаңа білім беру 
саясатымен байланысты. 
Осы жаңартылған білім беру аясында дайындалған Үлгілік оқу бағдарламасы 
мазмұнының ерекшелігі ұлттық салт-дәстүрлер мен жалпы адами құндылықтарға 
негізделген 
рухани-адамгершілік 
және 
әлеуметтік-мәдени 
дағдыларды 
қалыптастыруға бағытталған. Осыған орай мектепке дейінгі, орта мектеп
ұйымдарында ұлттық құндылықтар негізінде балаларға рухани-адамгершілік 
тәрбие беру ерекше қызығушылық туғызатын, өзекті мәселелердің бірі болып 
табылады. Барлық оқу орындарының алдындағы тұрған басты мақсаты - жаңа білім 
жүйесін енгізе отырып, оқу жүйесінің сапасын жақсарту болды. Алайда турлі оқу 
орнында бұл жаңа оқу жүйесін енгізу түрлі проблемаларды туындады:
 білім алушылардың оқу нәтижелерін бақылау жүйесінің жаңа оқу 
жүйесінің стандарттарынан алшақтауы; 
 оқу үрдісінде жаңа әдіс – тәсілдердің тәжірибеден тыс қалып қалуы
 оқытушы мен білім алушы арасындағы жаңа оқу технологияларының 
пайдаланбауы; 
 оқытушы мен білім алушы алушы арасындағы интеграцияландыру 
сұхбаттың жоқтығы; 
 оқу тәжірибесінде методологияның ақсаңдауы. 
Жаңа оқу үрдісінің әлемдік интеграциясы нәтижесінде бүгінгі күні әлемдік 
тәжірибедегі түрлі оқу әдіс – тәсілдері оқу жүйесіне енгізілуде. Әдіс – тәсілдер көп, 
ал оларды дұрыс пайдаланып, қолдану жоқтың қасы. Әріптестеріміз жаңа әдіс – 
тәсілдерді қағаз жүзінде, ашық сабақ ретінде корсетіп шектеледі де, іс жүзінде 
тәжірибе алмасу болмайды. Кеңес өкіметінен сақталған оқу үрдісінің догматикалық 
қағидаларымыздан айырылмай келе жатқанымызда үлкен мәселе. Бұл 
педагогикалық 
тәжірибеде 
педагогика, 
этнопедагогика 
ғылымдарының 
методологиялық мәселелерін әліде тың қарастыруды талап етіп тұр. Ұстаз әрдайым 
сабақты түрлендіріп, қызықты етіп өткізуі тиіс. Сол кезде оқушылардың 
қызығушылығы артып, өз беттерінше ізденіске ұмтылады.
Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын 
болғандықтан, баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиеленуі тиіс» деп Мағжан 
Жұмабаев ұлт тәрбиесінің бағытын көрсетіп берген.


350 
Қай кезде де ұлт өмірін өркендетуші саналы да, салауатты, ұлтжанды рухы 
биік, ақыл парасаты мол, мәдени – ғылыми өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу – қоғам 
алдындағы басты міндет және де қоғамдық қажеттілік. Ата-бабамыздан мирас 
болған 
ұлттық 
мәдени 
мұраларымызды 
тәрбиенің 
қуатты 
құралына 
айналдыру өзектілігін жойған жоқ.  
Рухани жаңғыру бағдарламасында ұлттық сананы сақтау айрықша аталған 
мәселе. Олай болса бүлдіршіндерге ұлттық құндылықтарды үйрету біздің басты 
міндетіміз. Халқымыздың мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін ұрпақ санасына 
жеткізуді көздей отырып, ұлттық мәдениетті насихаттау біздің педагогикалық 
ұжымымыздың басты бағдарларының бірі болып табылады.
Ұлттық құндылықтың қайнар көзі ретінде халықтық педагогиканың, ұлттық 
тәрбиенің аумағы кеңейе түседі. Балаларға арналған ұлттық құндылығымыздың 
қайнар көзі: ертегілер, жырлар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, санамақтар
мазақтамалар, мақал – мәтелдік сөздер, ұлттық салттар мен дәстүрлері, халықтық 
ойындар мен ойыншықтар. Халық ауыз әдебиеті нұсқаларының өзі (ертегілер, 
мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар, санамақтар) құнды мұра болып табылады. 
Балаға кішкентай кезінен бастап телеарнадан, гаджет, планшеттардан қазақша, яғни 
қазақ тілінде, ұлттық, жас ерекшеліктеріне сай мультфильмдер, ертегілер, аңыз-
әңгімелер көрсету керек, өз ана тілінде тақпақтар, әндер, өлеңдер жаттатып, 
айтықызу арқылы, баланың санасына, ой өрісіне, патриоттық, ұлтжандылық 
элементтерді ұялатамыз!
Ертегілер баланы қызықтырады, сөзді тыңдай білуге үйретеді, оның қиялын 
дамытып, жан – дүниесін, мінез – құлқын қалыптастырады, дарын нышандарын 
өрнектейді. Жаңылытпаштар баланың тілін ширатады. Жаңылтпаштың 
дүниетанымдық түрлері мен тәрбиелік нұсқалары әрі баланың тілін ширатып, әрі 
ой – өрісін кеңейтеді. Жұмбақтар мен жұмбақ айтыстар баланың ойын, қиялын 
шарыктатып, қисындық пайымдау қабілетін дамытады, оны тапқырлыққа баулиды.
Мысалы, біздің мектепте, осы шараларға байланысты көптеген ашық 
сабақтар, сыныптан тыс шаралар өтіп кетті: Наурыз мейрамында мектеп ұстаздары 
қазақтың салт-дәстүрлерін көрсетті - «Бата беру», «Тұсау кесу», «Наурыз көженің 
шипасы». «Қыз қуу», «Асық ату», «Аударыспақ» ұлттық ойындарды ойнату 
арқылы, баланың зерек, ойы ұшқыр, қимылы жылдам болуды үйретті. Әр түрлі 
интеллектуалды ойындар мен ребустар, сөзжұмбақтар шешіп қана қоймай, өздері 
құрастыруды жаттықты. 
Баланың қоршаған ортаға, өз тегіне, ұлтына деген оң қарым-қатынасы оның 
осы әлемді қабылдауымен тікелей байланысты. Сондықтан ұмыт болған ұлттық 
мұраларды жаңғыртып, ұлттық сананы қалыптастыру маңызды. Демек, тәрбие мен 
оқыту жүйесін жаңартуда ұлттық мұрамызды жаңғырту таптырмас идея. Оны 
жүзеге асыру, одан әрі жетілдіру бідің міндетіміз.
Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, 
өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік 
тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру оқытушылармен 
өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді. Әр 
оқытушының алдына қойылған мақсаты: 
 жаңа идеяны іздеу;


351 
 жаңалықтарды ұйымдастыру; 
 жаңалықтарды енгізу; 
 жаңалықтарды бекіту. 
Білім — бұл қоғамдық дамудың маңызды көрсеткіші, сондықтан барлық елдің 
міндеті оны сапалы, бәсекелестік ету. Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты 
мақсаты – ұлттық білім моделін жасау. Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты — 
адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен 
рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы 
оның рухани жан-дүниесінің баюына, саяси көзқарасының, шығармашылық 
еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, 
мүмкіндік беру. Яғни, XXI ғасырдың маманы – жаратылыстану мен гуманитарлық 
ғылымдар бойынша ой-өрісі кең, жан-дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары
кәсіби білікті маман, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын, басқаның 
пікірімен санасатын, кез келген ситуациядан шығудың жолын таба алатын, 
жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын, қайталанбайтын 
дара тұлға болуы тиіс.
Біздің міндетіміз - баланың бойындағы айрықша қасиеттерді көріп, оны 
дамыту. Бүгінгі күні Республикамызда білім беру жүйесі жаңарды, Қазақстанның 
білім беружүйесі дами отырып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алды. Жаңаша 
қарым-қатынастар пайда болып, білім беру жүйесінің мазмұны өзгерді. 
Білім беру реформаларын дұрыс жүйеде іске асыру жолдарын қарастырғанда, 
Жапонияны мысал ретінде алар болсақ, біздің балалардың білім сапасы ол елдің 
білім сапасы деңгейінен әлдеқайда темен екені анықталған. Жапонияда жеке 
адамның эмоционалдық бет-бейнесін дамытып, қалыптастыратын пәндер 70 
пайызды құрайды. 
Жеке адамның рухани-адамгершілік тәрбиесіне мол уақыт жұмсайды. 
Сондықтан мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынаста ынтымақтастық 
орнаған кезде оқушы өзінің бойындағы дарынын ашады, ал мұғалім өз еңбегінің 
жемісін көре алады.
Бүгінгі күні бала - ертеңгі жаңа әлем. Оқушының дамуына ықпал жасайтын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет