Зерттеу жұмысы
Қанқызын тауып, оның атын атау.
Құмырсқалар «соқпағын» табу, бақылау.
Еңбек: Алаңды қоқыстардан тазалау.
Мақсаты: үлкендерге көмек беруге, үлкендер еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу.
Қимылды ойын «Аюлар мен аралар».
Мақсаты: кеңістікте жүкіру, ұстап алуға, ұстатпауға тырысу. Ептілікке, жылдамдыққа баулу.
Жаттығу ойыны: Қимылдарын дамыту.
Мақсаты: жүкіру техникаларын жақсарту.
Мамыр
Серуен № 4
Ауа-райын бақылау
Мақсаты:Көктем мезгілінің аяғына қарай өлі табиғаттағы болатын құбылыстар туралы түсініктерін қалыптастыруды жалғастыру.
Бақылау барысы
Көркем сөз. А.Меңдібай
Мамыр айы келгенде,
Дала гүлге толады.
Жайнап барлық атырап,
Қызық-думан болады.
Бақшамызда біз еккен,
Гүл шоқтары гүлдейді.
Жапырақтар сыбдырлап,
«Қандай көркем, көр»-дейді.
Тәрбиеші аулаға ерте көктем көрнісі бейнеленген сурет алып шығып, балалармен әңгіме өткізеді.
Балалар, қараңдаршы, мына суретте жылдың қай мезгілі суреттелген?(көктем).
Ал, сендер суреттен не көріп тұрсыңдар? (қар еріп жатыр,жер су болып жатыр, балалар құстарға ұя жасап жатыр)
Қар неліктен ериді, адамдар неліктен жеңіл киінеді? (күн жылығандықтан)
Ағаштар бейнесі қандай болды? (барлық ағаштар жапырағы жайқалып, жап-жасыл болып тұр).
Қыста қар жауған кезде ауа температурасы қандай еді?
Жаңбыр қандай температурада жауады?
Еңбек
Кішкентайлар алаңын қоқыстардан тазалауға көмектесу.
Мақсаты: кішкентайларға көмектесу, еңбекке деген құлшыныстарын арттыру.
Қимылды ойын
«Үшінші артық».
Мақсаты: ойын ережесін сақтап ойнауға, аңғарымпаздыққа баулу. Ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру.
Жаттығу ойыны
Қимылдарын дамыту.
Мақсаты:
Достарыңызбен бөлісу: |