Наурыз Серуен 1 Маусымдық өзгерістерді бақылау


Қызыл гүл көзге алыстан шалынар



бет21/24
Дата20.05.2023
өлшемі147.44 Kb.
#474013
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Серуен картотекасы КӨКТЕМ "(3-4жас)

Қызыл гүл көзге алыстан шалынар.
Мамыр
Серуен № 6
Велосипедті бақылау
Мақсаты: велосипедтің қажеттілігі туралы білімдерін тиянақтау.
Бақылау барысы
Балаларға жұмбақ жасыру
Бірде екі дөңгелекті,
Бірде үш дөңгелекті.
Қажет кезде онымен,
Қызыққа да батасың,
Артып алып сөмкеңді,
Серуендеп те қайтасың. (велосипед)
Балаларға сұрақтар.

  • Балалар, велосипедтер қандай болады? (балаларға және үлкендерге арналған)

  • Олардың қандай айырмашылығы бар? (көлемімен және дөңгелегімен)

  • Велосипед қандай бөліктерден тұрады?

  • Велосипедте жүру қиын ба?

Қалай ойлайсыңдар, велосипедпен жүру үшін жол ережесін білу керек пе?
Велосипедтің машинадан қандай айырмашылығы бар ?
Велосипедпен бір уақытта неше адам жүруге болады ?
Еңбек
Алаңға баратын жолдарды қоқыстардан тазалау.
Мақсаты: бірлесе жұмыс істеуге деген құлшыныстарын қалыптастыру.
Қимылды ойын
«Теңге алу».
Мақсаты: ептілікке, жылдамдыққа, жеңіске жетуге деген құштарлыққа баулу.
Жаттығу ойыны
Затты нысанаға лақтыру.
Мақсаты: қол күштерін, көз өлшемін, объктіні бағдарлай білулерін дамыту.
Мақал: Жолда жүрсең, сақ жүр.


Мамыр
Серуен №7
Құмырсқаларды бақылау
Мақсаты:

  • Құмырсқалар туралы білімдерін тиянақтау;

  • Зерттеу жұмысына деген қызығушылықтарын арттыру.

Бақылау барысы
Көркем сөз «Құмырсқа» Г. Өкеев
Құжынаған құмырсқа, Ұйымшыл-ақ өздері.
Шығады ерте жұмысқа. Жүкпен қайтып қашықтан,
Нелер шебер табылып, Илеуіне асыққан.
Жасайды илеу жабылып. Бәрі еңбекпен шынығар,
Жылт-жылт етіп көздері, Ісін тындырып тынығар.
Балаларға сұрақтар

  • Құмырсқалардың адамдарға және орманға қандай пайдасы бар? (зиянда жәндіктерді құртады

  • Орманның қандай тұрғыны құмырсқа мен оның көбелектерін (личинкаларын) жеуге құмар? (аю мен тоқылдақ)

  • Құмырсқасыз жер болмайды. Құмырсқаларды «ағаш дәрігерлері» деп те атайды. Олар ағаштарды зиянды жәндіктерден қорғайды. Құмырсқалар өте еңбекқор, олар өздерінен бірнеше есе үлкен нәрселерді илеулеріне сүйретіп тасиды. Құмырсқалардың илеуінің тесігі төбесінде болады. Құмырсқалар өз илеуінен ешқашан адаспайды. Неліктен деп ойлайсыңдар. Құмырсқалар өз илеулерін иіскеп жүріп иісінен табады. Әр илеу өз құмырсқаларынан басқа құмырсқаларды жолатпайды. Егер басқа илеудің құмырсқасы бара қалса, оны жабылып шағып тастайды. Әр илеудің өз иісі болады. Құмырсқалар тек қана ағаштардағы құрттардықұртып қана қоймайды, олар құстарға да көмектеседі. Құстар құмырсқаның илеуінің үстіне қанатын жайып отырады, құмырсқалар оларды үстеріндегі биттер мен бүргелерден тазалайды. Құмырсқалардан бөлініп шыққан өткір қышқыл иістен көпке дейін құстарға бит, бүргелер жоламайды. Құмырсқаның қышқылынан дәрі-дәрмектер де жасайды. Құмырсқалар залалсыз, дәрменсіз жәндік болғандықтан оларға тиіспеуіміз керек.

  • Құмырсқалардың қандай пайдасы бар?

Олар өз илеулерін қайда салады?
қане біздің құмырсқалар қалай жұмыс істеп жүр екен, қарайықшы! (олар өздінің ізімен, бірінен соң бірі илеулеріне қарай ағылуда)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет