Жаттығу ойыны: Қимылдарын дамыту.
Мақсаты: секіру техникасын меңгерту (жіппен секіруге жаттықтыру).
Наурыз
Серуен № 5
Бұлттарды бақылау
Мақсаты: әлемді жалпы түсінудің негізі ретінде жер мен аспанды біртұтас деп ұғынуды қалыптастыруды жалғастыру
Бақылау барысы
Көркем сөз «Бұлт» Ә. Ақыпбекұлы
Бұлттың қайда тұрағы,
Біле алмадым мұны әлі.
Білерім көк аспанның
Бұлт көшпелі бұлағы.
Тәрбиеші балаларға сұрақ береді.
Аспанға қараңдар, не көріп тұрсыңдар?
Бүгінгі бұлттар қандай?
Қалай ойлайсыңдар, бүгін қар немесе жаңбыр жауады ма?
Бұлт қай бағытқа жүзіп барады?
Еңбек
Бүлдіршіндердің алаңындағы сырғанақ құрылысының орнын тазалауға көмектесу
Мақсаты: бірлесіп жұмыс істеуді, жасалған жұмыстан рахат алуды үйрету. Кішкентайларға көмектесуге дайын болуға тәрбиелеу.
Қимылды ойын «Үйсіз қоян».
Мақсаты:
— бір-біріне соқтықпай жүгіре білуді үйрету;
— жылдамдыққа және шыдамдылыққа
тәрбиелеу.
Жеке жұмыс
Жаңылтпаш айту: «Ала бұлт ақ па,
Ақ бұлт ақ па?
Ала бұлт ақ емес,
Ақ бұлт ақ»
«Анау арал қай арал,
Қайыңды арал, талды арал»
Жұмбақ:
Етек-жеңі жиналмай,
Дауыл тұрса дым қалмай,
Түйдектеліп көшеді,
Тоз-тоз болып өшеді. (бұлт)
Наурыз
Серуен№6
Қарды бақылау
Мақсаты:
Табиғаттағы маусымдық өзгерістерге бақылауды жүргізуге үйрету
Өлі табиғаттағы (күн – қар) болатын өзара байланыстар туралы білімін тиянақтау
Достарыңызбен бөлісу: |