Бақылау барысы
Көркем сөз «Бұл қай кезде болады» Ш. Ахметов
Ақ қар еріп,
Су көбейіп,
Сай-салаға ағады.
Бүршік шашып,
Жапырақ ашап,
Гүл, бәйшешек басады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Балаларға сұрақтар
Қазір жылдың қай мезгілі?
Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Аулада қар еріп жатқан жер байқала ма?
Неге бұл жердің қары еріп жатыр?
Халық болжамдары бар: қар ұлпалары іріленсе — күннің жылынуын күт; қараторғай келсе көктемді қарсы ал. Көктемнің алғашқы күндерінен бастап күннің шуағы молаяды. Күннің көзі көбірек түсетін жерлердегі қарлар еріп, жер бусана бастайды. Аяққа басқан қар тапталып, кешкі аязбен қатқақ пайда болады. Бірақ, бұл ұзаққа созылмайды. Күннен күнге күннің жылуы молайып, жердегі қар еріп, суға айналады.
Зерттеу жұмыстары
Күн астындағы және көлеңкеде жатқан қардың тереңдігін өлшеу. Күннің көзі көп түсетін жердегі қар неге аласа, көлеңкедегі қар неге биік?
Еңбек Жолдарды қоқыстан тазалау.
Мақсаты: бірлесе жұмыс істеуді үйрету. Қимылды ойын «Қояндар мен аңшылар».
Мақсаты: қуушыдан қашып құтылуларын, тез жүкіре білулерін дамыту.
Жаттығу ойыны Қозғалыстарын дамыту
Мақсаты: лақтырған затты нысанаға түсіруге жаттығу.
Халық болжамы: Жыл құстары тобымен келсе, көктем бірден болып, жаз ерте шығады.
Наурыз
Серуен № 7
Шырша ағашын бақылау
Мақсаты:
Қаламызда өсетін ағаштармен таныстыруды жалғастыру;;
Шырша ағашын басқа ағаштармен салыстыру;
Ағаштардың көктемгі өзгерістері туралы білімдерін молайту.
Достарыңызбен бөлісу: |