Еңбек
Ағаш түптері мен атызға торф тасу.
Мақсаты: торфтың пайдалы қасиеттері туралы білімдерін тиянақтау.
Қимылды ойын
«Аққу-қаздар».
Мақсаты: берілген кеңістікте белгі бойынша қашқандарды қуып жету, ойын шартын сақтау.
Жаттығу ойыны
Секіргіш жіппен жаттығу ойындары.
Мақсаты: секіргіш жіпті алға, кері айналдыра отырып секіруге үйрету.
Мақал-мәтел: Жері байдың-елі бай.
Қара жерге де, қамқорлық керек.
Мамыр
Серуен № 1
Бақбақ гүлін бақылау
Мақсаты: бақбақ гүлі туралы білімдерін тиянақтау (гүлдеудің алғашқы кезеңіне көңіл аудару );
табиғатты қорғау және сақтауға деген ынталары мен іскерліктерін қалыптастыру;
емдік өсімдіктер туралы білімдерін тиянақтау.
Бақылау барысы
Көркем сөз.
Аппақ, аппақ бақбақтар, Үлбіреген бақбақтар,
Құдды киіз ақ үйлер. Парашюттен аумайды.
Төнеді кеп жан-жақтан, Сәл-пәл самал жел соқса,
Тамашалап сәбилер. Ақ ұлпалар заулайды.
Кәдімгі бақбақ көктемнің тұңғышы. Халық оны «Жер күні», «денсаулық эликсирі» деп атайды. Бақбақ көп жылдық шөптес өсімдік. Олар көбінесе үлкен жүргінші жол бойында, егістікте, шабындықта, жаңа тыңая бастаған жерлерде өседі. Бақбақтың гүлді сабақтары жапырақсыз, ең ұшында бір ірі гүл табақшасы болады. Бақбақ басын күн қызуына қарай бұрады. Күн батқан кезде гүл жапырақтары жабылып қалады, ал, таңертең күн сәулесімен бірге ашылады. Бақбақ-тың гүл оралғысы екі қабат. Сәуір айынан қыр-күйек айына дейін гүлдейді. Гүл жарып болған кезде гүлдері ұлпа үлпілдек «парашюттерге» ай-налады. Бақбақтың барлық бөлігі, әсіресе сабағы сүт сымаққа бай.
Бақбақ дәрілік өсімдік. Дәрі жасау үшін бақбақтың тамырын, гүлін, жапырағын пайдаланады. Бақбақтан жасалған дәрілер тәбетті ашуға, ас қорытуға, қан қысымын түсіруге, қатты ісіктерді басуға, ыстықты түсіруге тағы басқа көптеген ауруларды емдеуге пайдаланады. Бақбақты ең қажет дәрілік өсімдік ретінде сақтап, қорғау керек.
Балаларға сұрақтар.
Бақбақ гүлінің түрі қандай??
Ол жылдың қай мезгілінде әдемі болып көрінеді?
Бақбақтың қандай лақап аттары бар?
Бақбақты неге дәрілік өсімдік дейміз?
Достарыңызбен бөлісу: |