Еңбек: Ойын алаңын тазалау.
Мақсаты: бірлесе еңбек етуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Қимылды ойын: «Бәйге».
Мақсаты: жеңіске деген құштарлықтарын арттыру, жылдамдықтарын дамыту.
Жаттығу ойыны: Дыбыстар арқылы жүру
Мақсаты: тепе-теңдікті сақтау, берілген дыбыс ырғағына қарай қимыл жасау.
Мамыр
Серуен № 3
Жәндіктерді бақылау
Мақсаты: «Жәндіктер» сөзінің мағынасы туралы түсініктерін тиянақтау;
Оларды тіршілік ету ерекшеліктеріне қарай салыстыра білуге үйрету.
Бақылау барысы
Тәрбиеші жұмбақтар жасырады:
Адамға бал сыйлайды.
Еңбекқорды аялайды,
Еріншекті аямайды. Бұл не? (ара)
- Қанды сорып сүліктей,
Ызыңдап кеп шағады.
Бұл қандай бүлік дой? (маса)
- Ызыңдап ән салып,
Жұп-жұқа қанаты.
Тәттіге тамсанып,
Қоқысқа қонады. Бұл не? (шыбын)
Тәрбиеші сұрақтары.
♦ Жұмбақ жауаптарының шешуінде айтылғандарды бір сөзбен нелер деп атаймыз? (жәндіктер)
♦ Тағы қандай жәндіктерді білесіңдер? (көбелек, құрт т.б)
Қандай жәндік гүлдерді тозаңдандырады? (аралар)
Көктемде жәндіктер өмірінде қандай өзгерістер болады? (көктемде жұмыртқалардан личинкалар өсіп шығады)
Жәндіктер қайда тіршілік етеді? (бақтарда, ағаштарда, су тоғандарда т.б.)
Қандай жәндіктердің пайдасы бар? (ара, жібек құрты, құмырсқа).
Қандай пайдалы жәндік орман, тоғайларды зиянды жәндіктерден қорғайды? (құмырсқа)
Масаларды неге зиянды жәндік деп атайды? (олар әртүрлі ауруларды тасиды)
Достарыңызбен бөлісу: |