Наурыз Серуен 1 Маусымдық өзгерістерді бақылау



бет13/24
Дата20.05.2023
өлшемі147.44 Kb.
#474013
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
Серуен картотекасы КӨКТЕМ "(3-4жас)

Сәуір
Серуен № 6
Тастарды бақылау
Мақсаты: тастардың әртүрлілігімен және олардың қасиеттерімен таныстыру.
Бақылау барысы
Балабақша ауласындағы ойын алаңындағы бір ағаштың түбіне әртүрлі тастар салынған қапшықты тығу. Қапшық тығылған ағашты суреттеп айту. Қапшық табылғаннан кейін балалармен әңгіме өткізу.
Тастар әртүрлі болады. Оларды жәй тас деп айтуға болмайды, себебі әр тастың өз ерекшелігі болады. Кейбір тастар бағалы, ал жәй тастардың да пайдасы өте көп.
Сұрақтар:

  • Тастардың қандай түрлерін білесіңдер?

  • Асыл тастарды не үшін пайдаланады?

  • Жәй тастарды қай жерде, не үшін пайдаланады?

  • Гранит, мрамор тастарды көрген жерлерің бар ма, оларды не үшін пайдаланады? Тәрбиеші балалар жауабын толықтырып, түсіндіреді.

  • Балабақша ауласында, ғимарат құрлысында тастар бар ма?

Зерттеу жұмысы
Балабақша ауласынан түсі, көлемі әртүрлі тастарды тауып, жинау.
Еңбек
Ұжымдық жұмыс, балабақша аумағын тазалау.
Мақсаты:ұжыммен бірлесе жұмыс істеуге,бастаған істі аяқтауға, біткен іске қуануға тәрбиелеу.
Қимылды ойын.
«Бәйге».
Мақсаты: нысанаға тез жетуге деген құлшыныстарын, жеңіске деген құштарлықтарын арттыру.
Жаттығу ойыны. Қозғалыстарын дамыту
Мақсаты: секіргіш жіппен секіруге жаттықтыру.
Сәуір
Серуен № 7
Бұлттарды бақылау
Мақсаты: өлі табиғат құбылыстары туралы білімдерін тиянақтау, табиғатты бақылауға деген қызығушылықтарын арттыру.
Бақылау барысы.
Көркем сөз. «Бұлт» Ө. Ақыпбекұлы
Бұлттың қайда тұрағы?
Біле алмадым мұны әлі.
Білерім көк аспанның,
Бұлт-көшпелі бұлағы.
Тәрбиеші сұрақтары.
Бұлт дегеніміз не?
Бұлттардың түсі қандай болады?
Бұлттар неден тұрады? (сан жетпейтін су тамшыларынан немесе мұз түйіршіктерінен.)
бұлттардың қандай түрлерін білесіңдер? (түйдек бұлттар, шарбы бұлттар, қат-қабат бұлттар, түнерген найзағайлы бұлттар)
Неге түйдек бұлттар дейміз? (олар аспанда түйдек-түйдек болып тұрады)
Шарбы бұлттар неге ұқсады? (ақ ұлпаға, мамыққа, жақсылап аңғарып қарасаң олардан таныс бейнелерді көруге болады)
Ең үлкен бұлттар қай бұлттар? (түнерген найзағайлы бұлттар)
Қандай бұлттар жаңбыр әкеледі? (түйдек бұлттар, түнерген бұлттар)
Бұлттар неліктен аспанда жүреді? (оларды жел қуады)
Зерттеу жұмысы
Аспандағы қандай бұлттар екенін анықтау.
Бір нәрсеге (өлі және тірі табиғатқа жататын) ұқсайтын бұлттарды табу.
Еңбек
Алаңды егу жұмыстарына дайындау; қоқыстарды жинау, сыпыру.
Мақсаты: бірлесе жұмыс істеуге деген ынталарын қалыптастыру..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет