Бақылау барысы
Көркем сөз. «Сүңгілер» А. Меңдібай
Күн сәулесін төкті кеп,
Қар да ери бастады.
Шатырынан әр үйдің,
Төмен қарап салбырап,
Мұз сүңгілер аспалы,
Пайда бола бастады.
Тырс - тырс тамып тамшылар,
Тынымсыз жерге тамады.
Қардың суы еріген,
Сай қуалай ағады.
Балаларға сұрақтар
Мұз сүңгілер қай бетте ұзын болады – көлеңке бетте ме, әлде күн бетте ме? (күн бетте)
Неге? (күн бетте күн қатты қыздырады да, сондықтан сүңгілер ұзын болады)
Аязды күндері сүңгілер өсе ме, әлде қысқара ма? (қысқарады, аяз бен желден олар сынады)
Шуақты күні ше? (өседі)
Қай беттегі сүңгілер тез ериді? (күн беттегі, себебі күн мқзды қыздырады да, ол суға айналады)
Қанекей, тексеріп көрейік: бір ыдысты көлеңке беттегі сүңгінің астына, екінші ыдысты күн беттегі сүңгінің астына қояйық. Қай ыдысқа су көп жиналады екен. Келесі күні серуенге шыққанда ыдыстарды қарайды, қай ыдыста су көп, қай ыдыста аз жиналған.
Еңбек
Кішкентайлардың ойын алаңына баратын жолға құм шашуға тәрбиешіге көмектесу.
Мақсаты: кішкентайлар мен олардың тәрбиешілеріне көмектесу, өзара көмек қолын беруге тәрбиелеу.
Қимылды ойын
«Аяғыңды сулама»
Мақсаты:
Кедергіден секіріп өте білу және шашыраңқы жүкіре білу дағдыларын бекіту. Жаттығу ойыны. Қозғалыстарын дамыту
Мақсаты: қозғалыс уақытында өздерін сақтандыра білуге оқыту.
Сәуір
Серуен № 1
Күнді бақылау
Мақсаты: күн энергиясының адамдар, өсімдіктер және жануарлар өміріне әсері туралы білімдерін бекіту.
Бақылау барысы
Тәрбиеші жұмбақтар жасырады:
Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан. (күн)
Алауға оранып,
Көкке өрлеп шығады.
Бір айналып оралып,
Көкжиекке бұғады. (күн)
Күн биікке көтерілген сайын, күн жылы әрі ұзақ болады. Күннің жылуынан қар ериді, жер жылиды. Шөптер өсе бастайды. Ағаштар бүршік жарады.
Табиғатта тағы қандай өзгерістер болады?
Күн қай жақтан шығады?
Қай жаққа батады?
Жарқырап тұрған күнге тура қарауға бола ма?
Неге?
Зерттеу қызметі
Ағаш, пластмасса, металл заттарға қол тигізіп қарау, қайсысын күн көп қыздырады?
Қандай заттар тез қызады, қоңыр түсті ме, әлде ашық түсті ме?
Күннің көзіне ұзақ уақыт қандай заттың көмегімен қарауға болады? (қоңыр түсті әйнекпен)
Еңбек
Ойын алаңы айналасындағы жолдарды тазалауға аула тазалаушыға көмектесу..
Мақсаты: үлкендерге көмектесуге деген ынталарын дамыту.
Қимылды ойын «Күн мен түн».
Мақсаты:күн мен түннің айырмашылығы жайлы білімдерін тиянақтау, берілген белгі бойынша әрекет етуге баулу.
Достарыңызбен бөлісу: |