Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі



Pdf көрінісі
бет28/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   98
Үміт сәулесі

қарамайды ма?» – деген үндеулер де жиі кездеседі. 
Ата бабаларымыз: 
Көп ойласаң – дана боласың,
Көп ойнасаң – бала боласың.
Түйедей бойың болғанша
Түймедей ойың болсын, – деп сабақтаса, мына мақал 
тақырыпты одан әрі аша түседі:
Нақыл қайдан шығады ой болмаса,
Киіз қайдан шығады қой болмаса,– деп тоқсан ауыз 
сөзді тобықтай түйіндеген.Тақырыпты одан әрі тарқату 
үшін мына бір тәмсіл әнгімеге көңіл аударсақ:
Бірде Лұқман хәкім жалғыз өзі елден жырақта 
отырған көрінеді. Қызметшісі жанына келіп: «Сен ұзақ 
уақыт бойы жалғыз өзің отырасың! Адамдармен бірге 
отырғаның өзің үшін жақсы болар ма еді!» – дейді. 
Сонда Лұқман: «Ұзақ уақыт бойы жалғыз отыру ойлау 
қабілетін арттырады. Ұзақ уақыт бойы ойлану жаннат 
жолына жетелейді!» деген екен. 
Сондай-ақ Уаһб ибн Мунаббиһ: «Адамның көп 
ойланған сайын білімі де артады, білімі артқан сайын 
ізгі амалдары артады» деген.


55
Үміт cәулесі
Омар ибн Абдулазиз: «Алланың нығметтері жайлы 
ойлау – ғибадаттың ең жоғарысы» деп көкейдегісін паш 
етеді.
Пайғамбармыз бір күні ойдың тұңғиығына түсіп 
кеткен бір топтың жанына барып былай дейді: 
– Неге сөйлемейсіздер?
– Біз Раббымыздың жаратқандары жайлы ойланып 
отырмыз.
– Дұрыс, Алланың жаратқандары жайлы 
ойланыңдар! Алланың өзі жайлы (болмысы қандай екен 
деп) ойланбаңдар.
Және бір хадисінде: «Алланың жаратқандары 
жайлы ойланыңдар, Оның өзі жайлы ойланбаңдар. 
Өйткені сендер Хақ тағаланы лайықты түрде танып-
біле алмайсыңдар» деп ескерткен. 
Хатем деген тағы бір кісі: «Ғибраттан білім, зікірден 
сағыныш, ойланудан қорқыныш туады» деген.
Ибн Аббас: «Жақсылық жайлы ойлау адамды 
жақсылық жасауға ұмтылдырады. Жамандық жайлы 
ойлап жиіркену жамандықты тастауға жетелейді» деген. 
Бір күні Алла елшісі сахабаларымен дидарласып 
отырып, ұзақ ойға шомып: «естідіңдер ме?» дейді ке-
неттен. Сонда сахабалар таңдана: «Уа, Алланың елшісі, 
нені естуіміз керек?» деп сұрағанда пайғамбарымыз: 
«Періштелердің көптігінен аспан сықырлап тұр ғой» 
деген екен. 
Жаратылыстың ең ұлысы адам екенінде еш шүбә 
жоқ. Адам денесіндегі Алланың сансыз нығметтерін 
көріп тамсанудан басқа еш шараң қалмайды. Хадистер-
де айтылғандай, 360 періште әрбір мұсылманды, әсіресе, 
қарттар мен сәбилерді қорғап жүреді екен. Әлбетте, осы 
айтылған 360 періштенің өзіндік міндеттері бар.


56
Үміт cәулесі
Құран періштелерге иман етудің парыз екенін 
білдіреді және олардың бар екендігі мен нендей 
мақұлық екендігін де айтып өтеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет