61
Үміт cәулесі
Қорыта айтсақ, кітап оқудың көптеген пайдалары
бар. Олар:
–
Уәсуәса мен қайғыны сейілтеді;
– Жалған сөзге кірісіп кетуден сақтайды;
– Жалған айтушылармен араласудан сақтайды;
–
Тілді машықтандырады,
қате сөйлеуден
сақтайды. Шешендікке баулиды;
–
Ақыл дамиды, ой ұшқыр және сана таза болады;
–
Білім дамып, түсінік кеңейеді;
– Адамдардың тәжірибесінен және ғалымдардың
шешімінен пайда алады;
– Білім-ғылымды сараптауға және әртүрлі
мәдениеттерді оқып,
оның өмірдегі маңыздылығын
түсінуге үйретеді.
Ислам жайлы кітап болса, иманның артуына себеп
болады. Өйткені кітап көркем уағыз, жамандықтан ты-
яды, жақсылыққа шақырады.
Сананың сан-саққа кетуінен, жүректі мазасыздану-
дан, уақытты босқа өлтіруден сақтайды.
Сөзді байыппен түсінуге, мәтінді терең зерделеуге,
одан мақсат етілген нәрсені түсінуге, сонымен қатар
астарлы сөздерді түсінуге көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: