Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі


«Тек Алланың разылығына қол жеткізу үшін



Pdf көрінісі
бет24/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   98
Үміт сәулесі

«Тек Алланың разылығына қол жеткізу үшін 
кембағалдарға, жетімдер мен тұтқындарға ішіп-
жегізеді. Біз сендерге тек қана Алла разылығы 
үшін береміз. Сендерден ақы сұрамақ түгілі алғыс 
алуды да күтпейміз»
18
деген сөздей болуы керек. 
Көптеген адамдар кейбіреулердің осындай жақсылықты 
түсінбеушіліктеріне қарап, таңырқап, салы суға кетіп 
жатады. Ал Құран жақсылықты көрмейтін ондай 
адамдардың тәкаппарлыққа салынып, паңдануларын: َّرَم 
َنوُلَمْعَي اوُناَك اَم َنيِفِر ْسُمْلِل َنِّيُز َكِلَٰذَ ُهَّسَّم ٍّر ُض ٰىَلِإ اَنُعْدَي ْمَّل نَأَك «Оған ти-
ген зиянды айықтыру үшін бізге жалбарынбағандай-
ақ кете береді. Солайша, шектен шығушыларға 
істеген істері көркем көрсетілді»
19
деп білдіреді. 
Егер ақымаққа қалам сыйлап кейін ол сен жайлы 
жамандап жазса яки ақылсызға таяқ беріп онымен 
қойын қайырып, басыңды жарып жатса таңқалма. Бұл 
жақсылықты білмейтіндердің табиғаты. Күллі әлемді 
иіп беріп, қызметіне ұсынып, сансыз нығметтерге 
бөлеген ұлы құдірет иесі Алла тағаланың өзіне осылай 
жасап жатқанда, сіз бен бізге жасағандарына таңдануға 
бола ма!?
18
«Инсан» сүресі, 8-9 аяттар. 
19
«Юнус» сүресі, 12-аят. 


49
Үміт cәулесі
Қазақ халқы «Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің 
ісі, жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі» деп бекер 
айтпаған ғой. Пайғамбарлардың барлығы ешкімнен 
алғыс та күтпей, марапат та сұрамай: 
ِ ّللا ىَلَع َّلِإ َيِر ْجَأ ْنِإ 
«Менің ақымды тек Алла тағала ғана береді» дегенін 
Құрандағы аяттардан оқып білеміз
20
.
ЖАМАН ОЙДАН АУЛАҚ БОЛ!
Сөзімізді Ардақты елшінің: «Мұсылман – саф 
(таза жүректі), жомарт, ал фажир (күнә істеуде 
шектен шыққан адам) – айлакер һәм арсыз» деген 
хадисімен бастайық. Пайғамбарымыз (с.а..с) бұл жер-
де мұсылманды саф (таза жүректі) дей отырып, көңіл 
айдынының тазалығын, біреу жайлы жаман ойға 
берілмейтіндігін, солай болуы қажет екенін айтады. 
Жақсылықтың жаршысы мұсылман қалайша түзу ниетті 
болса, өзге мұсылман бауыры жайлы да солай ойлауы 
тиіс. Тіпті өзін төмен санаса да, бауырын өзінен ар-
дайым артық көргені жөн. Керісінше жағдайда әлемде 
өзінен таза адам таппай қалады. Жаңылмайтын жақ, 
сүрінбейтін тұяқ жоқ екенін парықтаған жан адамның 
бойындағы болмашы кемшілікті зорайтып жіберіп
жақсы қасиеттерін көрмей қалады. Құран кәрімде: 
ُهْنَع َناَك َكِئـلوُأ ُّلُك َداَؤُفْلاَو َر َصَبْلاَو َعْمَّسلا َّنِإ ٌمْلِع ِهِب َكَل َسْيَل اَم ُفْقَت َلَو
ًلوُؤ ْسَم


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет