Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі


АЛЛАҒА ЕШ НӘРСЕ ЖАСЫРЫН ЕМЕС



Pdf көрінісі
бет71/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   98
Үміт сәулесі

АЛЛАҒА ЕШ НӘРСЕ ЖАСЫРЫН ЕМЕС
Мұхаммед пайғамбарды (с.а.с.) дұшпандары өлтіру 
үшін ізіне түскенде, ол досы Әбу Бәкірмен бірге үңгірге 
келіп жасырынады. Сол кезде із кесушілер оларды іздеп 
үңгірдің аузына дейін келеді. Бұл оқиғаны Әбу Бәкірдің 
(р.а.) өзі былай деп баяндаған: «Пайғамбарымызбен 
(с.а.с.) бірге үңгірде жасырынып жатқанымызда
саңылаудан төбемізде жүрген мүшріктердің аяғын 
көріп: «Уа, Алланың елшісі! Егер мыналардың біреуі 
аяғының астына сәл үңіле қалса, бізді сөзсіз көріп қояды 
ғой» – дедім. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Уа, Әбу 
Бәкір! Үшіншісі Алла болған екеудің қандай да бір 
жамандыққа ұшырауы мүмкін бе?» – деді»
76
.
Алла тағала барша адамзатты және барша жа-
ратылысты еш қиындықсыз жаратты. Өзінің 
76
Мүслим, Фадаилус-Сахаба, 1. 


153
Үміт cәулесі
жаратқандарының барлығын еш қалтқысыз көруде. 
Алла көру үшін көзге, жарыққа, денеге мұқтаж емес. 
Оның көруі біздің көруімізден мүлдем басқа. Адам-
дар мен жан-жануарлардың көру деңгейлері өз ара-
ларында түрлі болып келеді, ал Алла тағаланың көру 
сипаты шексіз. Ол қараңғы түнде қара тастың үстінде 
жорғалаған қара құмырсқаны да көреді. Әлемнің қай 
жерінде қандай жапырақ түскені де назарынан тыс емес, 
теңіздің тұңғиығындағы түрлі жаратылыстардың іс-
әрекеттерін де, жердің астындағы түрлі жәндіктерді де 
еш кедергісіз көреді. Құран кәрімде: 
ِءاَم َّسلا يِف َلَو ِضْرَ ْلا يِف ٌء ْيَش ِهْيَلَع ىَف ْخَي َل َ َّللا َّنِإ
«Анығында көктегі және жердегі барлық нәрсе 
Аллаға жасырын емес»
77
– деп, біз білетін әлемнің 
барлығы Алланың бақылауында тұратындығын айтқан.
Алла ұйықтамайды, мызғымайды, шаршамайды, 
ол барлық нәрсені бақылаушы, көруші, білуші. Тіпті 
адамның не ойлап, қандай ниетте екендігін де біледі. 
Олай болса адам баласы барлық ісін Алланың алдын-
да тұрғандай істесе, сауабы мол болады. Алла көріп 
тұрғанын сезінгендіктен күнәдан аулақ жүреді. Тіпті 
біреудің жаманшылығына дәл сондай жамандықпен жа-
уап бермейді. Өйткені біреудің істеген қастандығын 
Алла көріп тұр деп жазасын ұлы сотқа қалдырады да, 
Раббына тәуекел етіп жүре береді.
Мұса (а.с.) мен Һарун залым перғауынға барған 
кезде Алла тағала: 
ىَرَأَو ُعَم ْسَأ اَم ُكَعَم يِنَّنِإ اَفا َخَت َل َلاَق 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет