Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі


шындық әрі туралықпен тәмамдалған...»



Pdf көрінісі
бет68/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   98
Үміт сәулесі

шындық әрі туралықпен тәмамдалған...»
69
.
ПЕНДЕ СҮРЛЕУІ
Адам баласы Хақ тағаланың ерекше етіп жаратқан, 
бойына әр қилы қасиет дарытып, Өзінің көркем есімдерін 
ең жақсы бейнеде көрсете алатын шеберлігінің туын-
дысы. Тұла бойдағы сан қырлы қабілеттерді ғылым 
әлі толық танып біле алған жоқ. Бәрінің анотомиялық 
құрылысы бір болғанымен, қабілет-қарымы мен мінез-
құлқы әр алуан. Сан түрлі болуының өзі Жаратқан иенің 
нағыз шеберлігін көрсететін дәлелдердің бірі. Құран 
кәрімде осы мәселеге қатысты:
ٍتا َجَرَد ٍضْعَب َقْوَف ْمُك َضْعَب َعَفَر َو ِضْرَ ْلا َفِئ َل َخ ْمُكَلَع َج يِذَّلا َوُهَو
«Ол сендерді жер бетінің халифалары қылды 
және сендерді берген нығметтері арқылы сынау 
үшін (байлық, мансап, күш-қуат және ақыл-ой 
тұрғысынан) біріңді біріңнен әр түрлі дәрежеде үстем 
етті» («Әнғам» сүресі, 165-аят) делінген. 
Міне, осы мәселені нақты білген Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.) адамдармен қалай қарым-қатынас жасағанына 
үңілсек, ол кісінің шебер әрі көреген басшы болғанына 
көзіміз жетеді. Ол ешқандай қабілеттерді ысырап 
етпей қолданғандықтан, аз уақыттың ішінде адам 
сенгісіз үлкен жетістіктерге жетті. Өзінің сахаба-
ларын бойларындағы қабілеттеріне қарап, лайықты 
69
«Әнғам» сүресі, 115-аят. 


143
Үміт cәулесі
орындарға тағайындаған. Мысалы, Әлиді қазылыққа, 
Муазды ұстаздыққа, Халидті қолбасшылыққа лайық 
көрген. Ал өзінен басшылық сұрап келген Әбу 
Зәррға көтере алмайтындығын білгендіктен он-
дай міндетті бермеген. Адамдардың сипаттарының 
әрқилы, тілдерінің, түстерінің сан алуан болуы Алла 
тағаланың құдіреттілігінің айқын белгілерінен. Әбу 
Бәкір (р.а.) өзінің мейірімділігімен, жұмсақтығымен 
Ислам үмбетіне өзіндік пайдасын тигізді. Ал Омар (р.а.) 
болса өзінің қаталдығымен дұшпандардың кесірінен 
сақтандырып жәрдемдесті.
Мәселенің барлық түйіні адамның өз қабілеттерін 
дұрыс танып-білуіне келіп тіреледі. Адам баласы өмірде 
жақсы жетістікке жетуі үшін бойындағы қабілеттері 
мен бейімділіктерін дөп басып анықтауы қажет. Сол 
кезде ғана өзінің жақсы көретін ісін таңдап, үлкен 
жетістіктерге жете алады. Адам ұдайы тәрбиеленіп, 
жетіліп отыратын тіршілік иесі болғандықтан, өзін дамы-
тып отыруы тиіс. Мына нәрсе менің қолымнан келмейді 
екен деп әр нәрсенің басын бір шалып, жалқаулық таны-
тып, өмірден күдер үзуге болмайды. Өзінің бейімділігін 
тура анықтай алған жағдайда болашақ кәсібін де 
соған сай реттейді. Ақиқатында, әрбір адамға шама-
сы жететін істі атқаратындай өзіне тән қабілет-қарым 
берілген. Психолог мамандар: «Өз-өзіңді таны да, не 
істейтініңді анықта» деп ой қорытады. Осыған қатысты 
Жүсіпбек Аймауытов «Неге арналсаң, соны істе» деп 
орынды айтқан. Сол кезде ғана оның өзіне әрі өзгеге 
пайдасы тиеді. Әйтпесе басшылыққа қабілеті жоқ адам 
міндетті түрде елді аузыма қаратып, оларды дегеніме 
көндіремін деп тыраштанса, масқара болудан басқа түк 
таппайды. Негізінен қабілетсіз адам жоқ. Тіпті кейбір 


144
Үміт cәулесі
мүгедек жандардың он екі мүшесі сауларға қарағанда 
үлкен жетістіктерге жетіп жатқанын өмірде кездестіріп 
жатқан жоқпыз ба? Мәселе жалқаулыққа салынбауда. 
Жетістікке жету үшін алдыменен мақсат, содан соң оған 
деген нақты сенім мен жігер қажет.
Негізінен кісінің бойында жақсылықпен қатар 
жамандыққа бейім қасиеттер де берілген. Сол сезімдерді 
орнымен пайдаланған кезде ғана кәмілдікке жете ала-
ды. Мәселен, адам баласы құмарлық сезімдерін адал 
жолмен неке қидырып үйлену, бала-шағалы болу 
арқылы тәрбиелесе, жақсылыққа қол жеткізеді. Ал 
жаман жолда пайдаланса, арсыздық пен ұятсыздыққа 
жол беріп, масқаралыққа душар болады. Сол секілді 
қырсықтық мінезді нәпсінің жетегінде кетпей, білім алу, 
халыққа қызмет жолында қолданса, үлкен жетістікке 
қол жеткізеді. Егер бұрыс бағытта қолданса, онда әдейі 
Жаратушыны танығысы келмейтін зұлымдардың бірі 
болып шыға келеді.
Доктор Джеймс Гордон Галилки: «Расында адамның 
өзгедегіні қалауы деген нәрсе ежелден бері жалғасып 
келе жатқан құбылыс. Өзінде жоқты қалау барлық адам 
баласына тән жайт. Ал мүлде қаламау деген нәрсе жан 
дүниені рухани жүдеуге алып барады. Осы екі нәрсе 
адам үшін проблема болып табылады» деген.
Бір оқымысты: «Сенің жаратылысың басқа, ешкімге 
ұқсамайсың, саған да ешкім ұқсамайды. Өйткені жа-
ратушы жаратылғандарды бір-бірінен бөлек қылып 
жаратқан. Алла «Ләйл» сүресінің 4-аятында: «Негізінен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет