Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі



Pdf көрінісі
бет89/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   98
Үміт сәулесі

құрметтеуші болмайды», – дегені де нақты. Куәлік 
сөзін айтқан пайғамбарлар мен дін жолында өмірлерін 
сарып еткен шаһидтердің денелері шірімейді де олардың 
денелеріне ешбір тірі жәндік зиянын тигізе алмайды.


182
Үміт cәулесі
Егер бұл қасиетті сөзді толық айта алмасаң
жиған-терген дүниеңмен арқаланба. Өйткені дүние 
сені құтқара алмайды. Құранда мал-пұлдың жәрдем 
бермейтіндігі жайлы «Хаққа» сүресінің 28-29-аятын-
да: «Малым маған еш пайда бермеді. Күш қуатым 
жойылып кетті (дейді)» дейді екен. 
Егер Жаратушы иеңнен алыстап жатсаң, сәтін та-
уып жатқан ешбір ісіңмен мақтанба! Расында одан 
бас тартуың үлкен сәтсіздік, қасіреттің шыңы және 
қорлыққа апарады. Алла «Бақара» сүресінің 61-аятын-
да: «Оларға қорлық, жоқшылық жүктелді», – деген.
НАМАЗ
Намаз. Жаратқан хақ тағала: ِرْب َّصلاِب اوُنيِعَت ْسا اوُنَمآ َنيِذَّلا اَهُّيَأاَي 
ِة َل َّصلا َو «Әй, мүміндер! Сабыр және намазбен жәрдем 
тілеңдер!» деп, қиналғанда демеу болар дұрыс жол-
ды көрсеткен. Сондықтан бойыңды қорқыныш билеп, 
қайғыға батсаң, бірден намазға тұр. Жаның жай тауып, 
өз-өзіңе келесің. Намаз Алланың қалауымен адамның 
бойындағы қандай қайғы, үрей болсын, уытын басушы, 
әрі адамның жан дүниесін әр түрлі бәледен азат етуші. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) басына бір іс түссе «Әй, Біләл! 
Жанымызды рахатқа бөлеші», – деп азан айтуға иша-
рат ететін. Өйткені, намаз пайғамбарымыздың (с.а.с.) 
көзінің қарашығы, қуанышының негізі болатын. 
Өткен тарихтағы біртуар тұлғалардың өміріне 
үңілсек, дау-дамайға душар болған қиын-қыстау кез-
дерде, Алланы ұлықтаған күйде, жалбарына намаз 
оқығандарын көреміз. Міне, осындай ізгі жандар намаз 
арқылы қайғы отын сөндіріп, жан рахатына бөленетін. 


183
Үміт cәулесі
Басына қиындық келген адамдардың мешітке жиі 
барғаны дұрыс. Әрі Раббысын разы қылып, өзін жан 
күйзелісінен құтқару үшін маңдайын сәждеге қойғаны 
абзал. Егер олай істемесе, жан күйзелісіне шыдамай 
іштей құлазып кетуі ғажап емес. Адам жанына ра-
хат сыйлайтын намаздан басқа еш нәрсе жоқ. Егер 
ақылға салып қарасақ, күнделікті бес уақыт намаз 
нығметтердің ішіндегі ең ұлысы екеніне көз жеткіземіз. 
Намаз біздің дәрежемізді көтереді, қайғы-мұңды ба-
сады әрі сырқатты емдеудің бір жолы. Жүрекке иман 
нұрын сеуіп, қуанышқа бөлейді. Қазақ халқы жарапазан 
айтқанда да намазды қосып айтып, оның қуанышы мен 
қайғысын былайша түсіндірген: 
Намазды оразамен ұстап барсаң,
Үстінен қыл көпірдің секіртеді.
Намазды оразамен ұстамасаң,
Астында қыл көпірдің өкіртеді.
Хақ тағала намаз жайлы «Таһа» сүресінің 132-ая-
тында: 
اَهْيَلَع ْرِبَط ْصاَو ِة َل َّصلاِب َكَلْهَأ ْرُمْأَو «Үй ішіңді намазға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет