184
Үміт cәулесі
етіп, қиыншылықты айықтыратын кім?» дегеннің
елшісімін», – деген екен».
САЛАУАТ
Қысылған кеудеге кең тыныс алдыратын, қайғы-
мұңды кетіретін, ашуды басатын себептердің бірі –
пайғамбарға салауат айту. Алла «Ахзап» сүресінің 56-
аятында:
ًاميِل ْسَت اوُمِّل َسَو ِهْيَلَع اوُّل َص اوُنَمآ َنيِذَّلا اَهُّيَأ اَي
«Оған салауат
айтып, ықыласпен сәлем жолдаңдар», – деген.
Тирмизидің «Сүнән»
хадис жинағында
баяндалғандай Үбай ибн Кағб бірде пайғамбарға:
«Уа, Алланың елшісі, сізге
дұға еткенде салауатты
қаншалықты айтайын?» – дегенде, ол: «Қалауың білсін»,
– деді. Сонда Үбай ибн Кағб: «Төрттен бірін бе?» – де-
генде, ол: «Қалауың білсін, егер артығырақ айтсаң өзің
үшін жақсы», – деді. Кағб: «Жартысынан көбін бе?» –
дегенде, ол: «Өзің білерсің, егер арттырсаң қайыр бар»,
– деді, Кағб оған: «Ал толығымен сізге салауат айтсам
ше?» – дейді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ендеше,
күнәларың кешіріліп, қайғың кетеді»,– деген екен.
Мына бір хадисте пайғамбарға салауат айту
қайғыны кетіретінін растайды.
Адамзаттың асылы
(с.а.с.) бір хадисінде: ُ ّٰهللا ىّٰهل َص ًة َل َص َّيَلَع ىّٰهل َص ْنَم ُهَّنِإَف َّيَلَع اوُّل َص
اًر ْشَع اَهِب ِهْيَلَع
«Маған салауат айтыңдар. Өйткені, маған
бір рет салауат айтып, мен үшін Алла тағаладан
мейірім тілегенге он есе мейірім көрсетіледі» және
тағы біреуінде:
185
Үміт cәулесі
ْمُكَت َل َص َّنِإَف ِهيِف ِة َل َّصلا َنِم َّيَلَع اوُرِثْكَأَف ِةَعُم ُجْلا َمْوَي ْمُكِماَّيَأ ِل َضْفَأ ْنِم َّنِإ
؟ َتْمَرَأ ْدَقَو َكْيلَع اَنُت َل َص ُضَرْعُت َفْيَكَو ِ ّٰهللا َلو ُسَر اَي :اوُلاَقَف »َّيَلَع ٌة َضوُرْعَم
ِءاَيِبْنَ ْلا َداَس ْجَأ ِضْرَ ْلا ىَلَع َمَّر َح َ ّٰهللا َّنِإ«:َلاَق َتي۪لَب: ُلوُقَي
«Маған салауаттарыңды жұма күні мен түні
көбейтіңдер! Өйткені салауаттарың маған жетеді»,
– дегенде, сахабалар одан: «Сіздің денеңіз шіріп кетсе
қалай жетеді?» – деп сұрайды. Ол (с.а.с.): «Расында
Алла тағала жерге пайғамбарлардың денелерін шірітуін
харам еткен», – дейді. Егер кім оның көрсеткен нұрлы
жолымен жүріп, соңынан ерсе, онда бұл еруі көңіліне
кеңдік, қадірінің өсуі және жақсы ат бермек.
Расында пайғамбарға салауат айтудың ең толығы
намаздағы: «Уа, Алла тағалам! Ибраһим және оның
отбасына игілік еткендей Мұхаммедке және оның от-
басына да игілік ет. Шын мәнінде Сен аса мақтаулы
әрі жоғарысың. Уа, Алла тағалам! Ибраһим мен оның
отбасына береке бергеніңдей, Мұхаммедке және оның
отбасына да береке бере гөр. Шын мәнінде Сен аса
мақтаулы әрі жоғарысың» деген салауат екені белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: