Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі



Pdf көрінісі
бет16/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   98
Үміт сәулесі

САБЫР ЕТУ ШҮКІРДЕН АРТЫҚ
Адамдар сабыр мен шүкірді салыстырып, сабыр 
шүкірден жоғары десе, енді біреулері шүкір сабыр-
дан жоғары деген. Ал енді біреулері екеуі тең деген. 
Төртінші пікірдегі кісілер болса, бұл екеуінің қайсысы 
жоғары болатындығы жағдайға байланысты өзгереді 
деген. 
Бір риуаятта былай делінген: «Жер бетіндегі ең 
көп шүкір еткен адамды алып келеді. Алла тағала 
оған шүкір еткені үшін қарымын береді. Сосын жер 
бетіндегі ең көп сабыр еткен адамды алдырады. Оған 
былай дейді: «Шүкір еткенге қанша берсек, саған да 
сол мөлшерде бергенімізге разы боласың ба?» Ол: «Иә, 
Раббым! Разы боламын», – дейді. Сонда Алла тағала: 
«Жоқ, мен оған нығмет бердім, ол шүкір етті. Ал саған 
қиындық бердім, сен сабыр еттің. Сондықтан сенің 
ақыңды оның ақысынан бірнеше есе арттырамын», – 
дейді
9
. Құранда «Зумар» сүресінің 10-аятында: «Сабыр 
етушілерге есепсіз сый-сыяпат береміз», – деген.
Адам кедей кезінде сабырлы бола алады. Ал бай, дені 
сау, дәрежесі жоғары адам кедейге қарағанда көбірек 
сабыр сақтауға аса мұқтаж. Себебі пенде дүниенің 
байлығына беріліп, нәпсі жетегінде кетсе, дүние мен 
ақырет бақытынан айырылады. Тіпті, әулиелердің бірі 
былай деген: «Таршылықта тек мүмін, ал кеңшілікте 
тек шыншылдар ғана сабыр ете алады».
9
Ғазали, Ихия улумиддин, «Хақиқату ас-сабр». 


36
Үміт cәулесі
Сондықтан кеңшілікте, баршылықта, деннің 
саулығында сабырлы болу таршылықта, жоқшылықта 
сабыр етуден қиын. Сондықтан байлық сынағы 
кедейліктің сынағынан ауыр. Алла тағала мүмін 
пенделеріне байлық, әйел және бала сынағын ескертіп: 
َكِلَذ ْلَعْفَي نَمَو ِ َّللا ِرْكِذ نَع ْمُكُد َلْوَأ َلَو ْمُكُلاَوْمَأ ْمُكِهْلُت َل اوُنَمآ َنيِذَّلا اَهُّيَأ اَي
َنوُر ِسا َخْلا ُمُه َكِئَلْوُأَف


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет