37
Үміт cәулесі
көптеген аяттарда сабырлы болуды дәріптеп, сабыр-
лы құлдарды жақсы көретіндігін, сабырлы жандарды
айтулы сый-сыяпатқа бөлейтіндігін қуана жеткізген.
Айталық, «Әли Имран» сүресінің 146-аятында:
«Алла
сабырлыларды жақсы көреді» деп, өз сүйіспеншілігіне
артығымен бөленетіндердің сабырлы жандар екендігін
білдіреді. Ислам ғалымдары сабырды бірнеше топқа
бөліп қарастырған. Солардың бірқатарын атай кетсек:
– дүниелік қиындықтарға сабыр;
–
нәпсінің қалауына қарсы сабыр;
– Аллаға бағыну үшін сабыр;
– адамдарды дінге
шақырғанда басқа келетін
қиындықтарға сабыр;
– дұшпанмен кездескенде көрсетілетін сабыр;
– қарым-қатынас нәтижесінде адамдар арасында
туындайтын түрлі қиыншылықтарға сабыр.
Алла елшісінің (с.а.с.) өмірін зерделей қарасақ, асқан
сабырлығы мен парасат-пайымының кереметтігіне куә
боламыз. Адамзаттың ардақтысы (с.а.с.) қиын-қыстау
сын сағаттардың бәрінде бір сәт те босаңдық танытпаған.
Ет жақындары дүниеден озғанда да,
Алланың асыл
дінін насихаттау барысында қалың елдің мазағы мен
қастандығына
душар болса да мойымай,
халықтың
жүрегіне жол табуды мұрат тұтып, қажыр-қайратын
соңына дейін дін жолында сарп етті.
Сол себепті
ақиқатты айтып түсіндіру мүмкін емес деген көптеген
адамдардың
өзі Исламға бас иіп,
тас болып қатқан
жүректері жібіп сала берді. Егер Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) бойында осындай мызғымас сабырлық қасиеті
болмағанда, мыңдаған адамның Исламды қабылдауы
сірә мүмкін болмас еді?!