ЖАҚЫНДА БОЛАТЫНҚУАНЫШТЫ ОЙЛА! Дүниенің қиыншылығы қанша көбейсе де, түрленсе
де ол мәңгілік жалғаса бермейді. Қиыншылықтың
уақыты, қуаныштың уақытынан көп болмайды.
Ауыртпалықтың уақыты жеңілдіктің уақытынан артық
емес. Қиналып төрт жыл оқуың қырық жылға жетеді.
Ал жетпіс жылдық бұл дүние өмірінде сабыр еткен жан
жаннатқа кіріп, мәнгілік рахат өмір сүреді. Құранда
«ауыртпалықтан кейін жеңілдік бар» деген. Басқа
келген бәлені көріп, одан да қиынына ұшыраған жан-
дарды еске алу және бұл келген қиындықтар, күнәнің
кешірілуіне себеп деп білу үлкен сауапқа кенелудің ең
төте жолы. Бұл жайлы Құранда: ِرْيَغِب ْمُهَر ْجَأ َنوُرِبا َّصلا ىَّفَوُي اَمَّنِإ
ٍبا َس ِح «Шын мәнінде сабыр етушілердің сыйлықтары
есепсіз беріледі»делінеді.
Олай болса, кішкене ауыртпалыққа, қиындыққа
түңілмейік, мұның барлығы өткінші екеніне сенейік.
Адамдардың ең бақыттысы бұл өмірдің кемшіліктерін
толықтыруға тырысқан емес, ақыретін ойлаған адам.
Алла тағала аманаттаған нәрсесін қолыңнан қайта
алғанда сабыр сақтап, үмітсіздікке түспесең, орнына
одан әлдеқайда қайырлысын нәсіп етеді. Бұл жай-
ында Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадистерінде бы-
лай делінген: «Екі көзінінен айырылған адам сабыр сақтаса, қарымына жаннатты сыйлаймын» 11 . Басыңа бейнет келсе өкінбе, расында оны тағдырыңа
жазған Алланың өзі. Оның құзырында жаннат әрі зор
сауап бар. Сынаққа тап болып, басына қиыншылық
келген Алланың жақын құлдары үшін фирдаус жан-
11
Тирмизи, Ахмад ибн Ханбал.