Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі



Pdf көрінісі
бет33/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   98
Үміт сәулесі

ЖАҚСЫЛЫҚҚА ШАҚЫРУ ҮШІН 
КЕРЕК ҮШ СИПАТ
1. Білім. Надандықты жою үшін әрбір мұсылман 
баласына білім парыз етілген. Алла тағала алғаш Адам-
ды (а.с.) жаратып, оған барлық нәрселердің есімдерін 
үйрету арқылы періштелерден де үстем етті, әрі жер 
бетіне халифа етіп жіберді. Сондықтан Алла тағала 
адам баласына өзі дарытқан ілімін үйренуге, алған 


64
Үміт cәулесі
білімімен халықты жақсылыққа шақыруға бұйырған. 
Адамзатқа тура жол нұсқаушы, ақ пен қараның ара 
жігін ажыратушы етіп жіберілген Құран кәрімнің ең 
алғашқы аяты «Оқы! Жаратқан Раббыңнын аты-
мен!» деген әмірмен басталған. Құран кәрімнің 670 
жерінде білім жайында баян етіледі. Сондықтан да 
халықты жақсылыққа шақыру үшін білімді болу – 
Ислам дінінің ең басты талабы. Білімді адамдардың 
өзге адамдардан айырмашылығын Құран кәрім: 
«Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?»
24
деп 
көрсеткен. Пайғамбарымыздың (с.а.с) хадис шарифінде: 
«Ғалымның білімсіз діндардан артықшылығы толған 
айдың өзге ұсақ жұлдыздардан артықшылығы секілді» 
деген
25
.
Мұсылман үшін білімді болу оң-солын, әлемнің жа-
ратылу мәнін ұғынуға, қала берді халықтың ғибадатын 
кемшіліксіз орындауына жол ашады. Дұрыс діни білімі 
болмаса ғибадаттарына нұқсан келтіріп, Исламда 
бұйырылмаған бидғат істерді үйретуіне, тіпті кейбір 
теріс жолдарға кетуіне себепкер болады. Омардың 
(р.а.) бір сөзінде: «Мен бір мұсылманның күнә жа-
сауынан қорықпаймын. Мен тек Құранды негізсіз 
(білімсіз) түсіндіретін адамнан қорқамын» деген. 
Білімсіздіктің көптеген адасушылыққа жол ашады 
тіпті Алла тағала бір халықты жазалағанда олардың 
арасынан білімділерді алып қояды екен. Абдуллаһ ибн 
Амр ибн Ас (р.а.) жеткізген хадисте Әз елші (с.а.с): 
«Алла ілімді адамдардың көкірегінен суырып алмай-
ды, олардың ішіндегі шынайы ғалымдардың бірде-бірін 
қалдырмайды. Сол кезде араларында бірде-бір білімді 
24
«Зумар» сүресі, 9-аят.
25
Тирмизи, Ғылым 19. 


65
Үміт cәулесі
жан қалмаған соң адамдар надандарды өздеріне басшы 
етіп алады. Халық олардан пәтуа сұрағанда білмесе 
де пәтуа беріп, өз білгендерінше үкім шығарады. 
Нәтижесінде өздері де адасып, өзгелерді де адасты-
рады», – деп айтқан
26

2. Тақуалық. Тақуа деп Алла тағала харам қылған 
нәрселерден тиылып, бұйырған әмірлерін бұлжытпай 
орындап жүрген құлға айтылады. Басқаларды 
жамандықтан қайтарып, жақсылыққа шақыру үшін өзі 
иләһи әмірлерді орындап, тыйым салынған істерден 
сақтанып тақуалығы олардан үстем болуы керек. Әрбір 
білімді адамның білгенімен амал етуінде де тақуалық 
өте қажет. Өйткені тақуалығы арқылы басқалар оның 
сөзіне, ісіне мән бере тыңдайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
сахабаларын бір жерге Ислам дінін уағыздау үшін 
басшылық қызметіне тағайындап «Қай жерде болсаң 
да Алладан қорық!» дейтін. Өйткені бұл өсиеті халықты 
жақсылыққа шақыруға, игілікке жетелеуге және кез кел-
ген зұлымдықтан құтылуға жол ашады.
Расында абырой адамның байлығында, үйінде, 
мінген көлігінде емес. Адамның қадірі – ілімінде
көркем мінезділігінде, тақуалығында. Алла ол жайында 
«Хұжұрат» сүресінің 13-аятында: «Алланың қасында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет