70
Үміт cәулесі
ЕҢБЕК ЕТУ
«Кейбір күнәлар бар, ол күнәларды қиыншылық пен
шаршап-шалдығу ғана өшіре алады», «Адал саудагер
қиямет күнінде шыншылдар мен Алла жолында жанын
пида еткен шаһидтермен бірге болады»
31
, «Кімде-кім
тіленші болуды қаламай, бала-шағасының нәпақасын
табу үшін және кедей көршілеріне жәрдем беру үшін
адал еңбек етіп табыс тапса, ол адам қиямет күні
Алланың құзырында жаңа туған айдың нұрындай жүзі
нұрланып тұратын болады», «Шындығында Алла
тағала, қолынан бір іс келетін құлды жақсы көреді»
32
.
Алла елшісі (с.а.с.) бірде сахабалармен бірге
отырған болатын. Сахабалар бір жас жігіттің таң ат-
пастан жұмысқа кетіп бара жатқанын көріп: «Бұл жас
жігітке обал болды-ау! Шіркін, осы жастық шағы мен
мол күш-қуатын Алла жолына арнаса болар еді» дейді.
Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Бұлай демеңдер! Егер
ол елге қол жаймау үшін еңбек етіп жүрген болса, бұл
еңбегі Алла жолында жүргенмен тең саналады. Әлсіз
әке-шешесінің немесе бала-шағасының нәпақасын табу
үшін, олардың тіленшілік жасамаулары үшін несібесін
табуға кетіп бара жатқан болса, бұл да Алла жолында
болып саналады. Ал егер мақтаныш үшін, байлығының
көптігімен достарына өркөкіректеніп, тәкаппарлану
үшін жұмыс істеп жүрсе, оның бұлайша жұмыс істеуі
шайтанның жолы» дейді
33
.
Иса (а.с.) пайғамбар
ғибадатқа ден қойған бір
кісіден:
31
Тирмизи, Әбу Сайдтен риуаят етілген.
32
Ибн Адия, Ибн Омардан риуаят етілген.
33
Табарани.
71
Үміт cәулесі
– Сенің күнделікті ішіп-жеміңді кім тауып беруде?
– деп сұрайды. Әлгі кісі:
– Бауырым,
– деп жауап береді.
– Олай болса бауырың сенен артық ғибадат жасай-
ды екен, дейді Иса пайғамбар.
Алла елшісі (с.а.с.):
«Кімде-кім тіленшілік жа-
сап, тіленудің бір есігін ашар болса, Алла тағала
кедейліктен оған тіленудің жетпіс есігін ашады»
34
деп
еңбек етуден, шаршап табыс табудан бас тартып, оңай
тіленшілікке бастайтын болса, Алла оның тіленшілігін
одан
сайын арттырып, тапқан табысын еш уақытта
жетпейтін етіп, тіленші халге жетпіс есе артығымен
түсіреді.
Лұқман хакім баласына былай дейді: «Балам, адал
еңбек ет. Кедей болудан сақтан. Өйткені кедей адам
мына үш жағдайға ұшырайды: Діні әлсірейді, ақылы
әлсірейді, көркем мінезі жоғалады. Бұл үшеуінен де
ауыры көпшілік оны келеке ететін болады».
Омар (р.а.): «Ешбіріңіз отырып алып: «Алла
тағалам! Маған рызық бере гөр» деп дұға етпесін.
Аспаннан алтын мен күміс еш уақытта жауған емес»
деп еңбексіз құр дұғаның пайдасы жоқ екендігін айтқан.
Ибн Масғұд (р.а.): «Не дүниесі үшін еңбек етпейтін,
не ақыреті үшін құлшылық жасамайтын адамды жек
көремін» дейді.
Ибраһим Наһаиден біреу: «Сіздің ойыңызша, әділ
саудагер артық па, жоқ әлде толығымен құлшылыққа
бекінген құл артық па?» деп сұрады, сонда Ибраһим
Наһаи: «Менің ойымша, саудагер артық. Өйткені әділ
саудагер үнемі жиһад етеді. Шайтан таразыда әрдайым
оны азғырып, бергенде кем бер деп азғырып, алғанда
34
Тирмизи.
72
Үміт cәулесі
молынан ал деп азғырып тұрады. Саудагер саудада адал
болу үшін шайтанның азғыруына төтеп беріп, үздіксіз
шайтанмен де, нәпсімен де күресумен болады» деп жа-
уап береді.
Әюб ибн Тамими әс-Сахтияни: «Еңбек етіп, адал-
дан тапқан табысым аз болса да, тіленіп көп тапқан та-
бысымнан жақсы» деген. Және бір сөзінде: «Еңбек ет.
Өйткені ең үлкен бақыт басқаларға мұқтаж болмау»
деген екен.
Бұл хадистер мен
риуаяттардан адал еңбектің
дұрыс екендігін түсінеміз. Бірақ жұмыс істеу адамды
дүниеқоңыздыққа салып, құлшылықты тәрк еткізіп,
тіпті Алланы ұмыттыруы да мүмкін. Егер бұлай бола-
тын болса, жұмыс істеудің ақыреттік еш пайдасы бол-
майды. Сондықтан жұмыс істеу адамның қажеттілігіне
қарай міндет болады. Иманды мұсылман сауда жасау-
да өзіне, отбасына аса қажет болғандығы үшін жұмыс
істеп жүрсе және құлшылығын да қалдырмаса, онда ол
дүние мен ақыретін бірге алып жүрген нағыз тақуа адам
болғаны. Ал егер отбасына жетерлік мал-мүлкі бола
тұра одан артық табыс тапқысы келсе, дұрыс ниетте бо-
луы керек. Мол табыс тауып садақа берейін, малымды
көбейтіп зекет берейін, жұмыссыздарға жұмыс беріп
көмектесейін деген ниетпен жұмыс істеуі қажет. Сонда
ғана істеген жұмысының барлығы сауапқа айналады.
Ал егер тәкаппарлыққа салынып, достарына мақтаныш
үшін еңбек етіп, мол табыс табуға тырысса, ниеті дұрыс
болмағаны үшін бұл тапқан табысының еш пайдасы
болмайды.
Олай болса нағыз тақуа кісі
– діні мен дүниесін
бірге алып жүре алған адам. Құранда 115 жерде
ақырет сөзі келсе, 115 жерде дүние сөзі айтылған. Дін
73
Үміт cәулесі
ғибадаттан тұрады, ал дүние тіршілікке қатысты сала-
лардан тұрады. Әрбір адам өзінің жетік меңгерген са-
ласын ары қарай дамытуы керек. Сол салада жетістікке
жетіп еліне пайдалы болуы дінімізде үлкен сауапты іс
саналмақ. Алланың берген аманатын дұрыс қолдану
иманды адамның міндеті. Егер адам баласы аманатқа
қиянат жасап, арам пиғыл мен жетесіздік салдарынан
талай теңіздің табаны құрғап, өзен сулары батпаққа ай-
налып, ауа ластанып уға айналса, ақыретте бұлар үшін
адам баласы сұралады. Құранда «
Адамдардың істеген
Достарыңызбен бөлісу: