Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі


ТОҚТАУСЫЗ АРМАН ЖОҚТАУСЫЗ



Pdf көрінісі
бет53/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   98
Үміт сәулесі

ТОҚТАУСЫЗ АРМАН ЖОҚТАУСЫЗ 
ҚАЛДЫРМАС
Адам дүниеде нәпсінің жетегінде кетіп 
дүниеқұмарлыққа салынғандықтан, дүние тәтті көрініп, 
бұл дүниеден кеткісі келмейді. Пенде өлім жайлы 
ойлағысы келмейді. Кімде-кім бір нәрсені ұнатпаса, оны 
өзінен алыс санайды, алыстатады да. Өзіне ұнағанын 
армандайды. Нәпсіге ұнайтыны да осы дүниеде қалу. 
Бұл өмірде мәңгі қалудың шарасын жасайды. Өзіне 
қажет санаған байлық, отбасы, үй, достары және басқа 
нәрселерді іздестіреді. Осылайша оның жүрегі осыларға 
беріліп, осылардан айырылғысы келмейді. Өлімді еш 
ойламайды, ойлауға да мұрша таппайды. Егер өлім 
жайлы ой келсе, оны кейінге ысырады. «Алдыңда ұзын 
өмір бар, өлімге әлі ерте, қартайғанда тәубе етсең де 
жетеді» – деп өзін алдаусыратады. Қартайғаннан кейін: 
«Әлі біраз уақыт бар. Әуелі мына үйімді бітіріп алайын, 
мына бау-бақшаның жемісін жейін, сосын тәубе етіп 
үлгерермін. Соларды бітіріп алған соң балама үй салып 
берейін» деген секілді ойларға алданып, тағысын тағы 
бітпейтін тіршіліктен өлімді ойлауды кешіктіре береді. 
Бір ісі біткен соң шаруа, тіршілік тағы шыға береді. 
Осылайша күтпеген мезетте ажал келіп, алқымынан 
алғанға дейін өлімді ойлауды кейінге қалдыра береді. 
Өлім келгенде қатты қайғырады, өкінеді. Бірақ ол кезде 
тым кеш болады. Тозақтықтардың көпшілігі тәубені 
кешіктіргендер болады екен.
Дүниеге берілген адам бір күні бос уақыт тауып 
тәубе етемін деп ойлайды. Алайда олай емес. Дүниеден 
тек дүниені тәрк еткендер ғана құтылған. Бір хадисте: 
«Кімді жақсы көрсең оны жақсы көр, бәрібір сен одан 
айырыласың» – делінген. Айналамызға қарасақ бұны 


114
Үміт cәулесі
анық көреміз ғой. Көбіміздің кезінде жылы-жұмсақтың 
бәрін аузымызға тосып, қанаттыға қақтырмай, 
тұмсықтыға шоқтырмай отыратын данагөй апа-атала-
рымыз, түнгі ұйқысын төрт бөліп, өздері жемей жегізіп, 
өздері кимей кигізген ата-аналарымыз, қиналғанда 
көмек қолын созған дос-жаранымыз, құлын-тайдай 
тебісіп қатар өскен құрбы-құрдастарымыз бен туған 
бауырларымыз арғы ақиқат дүниеге аттанып жатқан 
жоқ па? Пенде әрдайым басқалардың өліп жатқанын 
көре тұра, өзін ең соңғы өлетін адамдай ойлайды. Өлім 
жақын уақытта өзіне келмейтіндей сезінеді. Аурудың 
айтпай келгеніндей, өлім де ескертпей келеді.
Осыған қатысты Мәлік ибн Динар деген бір тақуа 
кісі: «Кімде-кім дүниеге үйленуге ұсыныс жасаса, одан 
қалың мал ретінде дінін түгел беруін сұрайды», – деген 
екен. Иә, дүние қылықты қалыңдық секілді. Бірақ ол 
адамға жар болып жарытпайды. Сондықтан дүниенің 
осы алдамшылығын білген данагөйлер оны құлай 
сүймеген. Осыған орай Шал ақын:
«Жігіттер, жалған дүние бізден қалар,
Бір күні ажал келіп жаныңды алар,
Жан шығып, дүниеден көшкеннен соң,
Мал-мүлкің, қатын-балаң бәрі қалар», – деген. Бұл 
дерттен құтылудың ең негізгі жолы – терең ой жүгіртіп, 
жаратылыстың түпкі мақсатын ойлап, дүниенің 
ләззаттарын жоятын өлімді жиі еске алу. Сахабаларды 
шыңдардың шыңына шығарған негізгі қасиет олардың 
бұл дүниеден гөрі ақырет әлеміне терең сенулері 
еді. Сондықтан олар қара қылды қақ жарардай терең 
жауапкершілікпен өмір сүрді. 


115
Үміт cәулесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет