Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі



Pdf көрінісі
бет51/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   98
Үміт сәулесі

ЖАРАТЫЛҒАННАН ЕМЕС 
ЖАРАТУШЫДАН ҚОРЫҚ!
Адам әлсіздігінің бірі – айналасындағы адамдардың 
айтқанымен өмір сүру. Кейбіреулердің жамандауы-
нан қорқып, кемсітуінен сақтанып, дұрыс болмаса да 
олардың қалағанымен жүру. Тіпті мәңгілік өміріне бай-
ланысты дінін қорғай алмай, кейбір надан адамдардың 
жамандауынан қорқып, «сөз болады, ұят-ақ, беделіме 
нұқсан келеді, өмір бойы жаман атты боламын» деп 
бұрыс дінді, жаман жолды ұстанып, хараммен ауыз-
данып, парыз амалдарды орындағысы келмейтіндер 
жетерлік. Пенде адамнан емес Алладан қорқуы ке-
рек. Құранда: َنيِنِمْؤُّم مُتنُك نِإ ِنوُفا َخَو ْمُهوُفا َخَت َل «Егер шы-
найы мұсылман болсаңдар, олардан емес, Менен 
қорқыңдар»
53
деп, мұсылманның тек бір Алладан қорқу 
керектігін айтқан. Тарихтан мысал келтірер болсақ, 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) атасы Әбу Тәліптің Ислам 
дінін қабыл алмауының да басты себебі қауымының 
айыптауынан қорқу болатын. Расулаллаға қаншалықты 
қаны туыс жақын болса да, қауымының жамандауы-
нан, абыройының түсуінен иман келтірмеді. Әбу Тәліп 
қайтыс болар сәтінде Алла елшісі (с.а.с.) жанына ба-
53
«Әли Имран», 175-аят. 


108
Үміт cәулесі
рып: «Көке, менің саған ақыретте шапағат етуім үшін 
«лә илаһа иллалла» деп айтшы» деп өтінеді. Әбу Тәліп 
Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Мен өлген соң жұрттың 
мені алжып, не айтқанын білмеді деп кінәламайтынына 
көзім жетсе, өтінішіңді ойланбастан орындаған болар 
едім. Құрайыш ажалдан қорқып иманын айтты деп ар-
тымнан сөз қылатынын білгендіктен айтпаймын» деген 
болатын. 
Жанындай сүйетін көкесінің ақыретте жау-
ыз мүшріктермен бірдей мүшкіл халде қалуын 
қаламағандықтан Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) оны тәухидке 
шақыруын доғармады. Әбу Тәліптің жүрегі тоқтаған 
сәтте хазірет Аббас та қасында еді. Көзі жұмылып бара 
жатып Әбу Тәліптің бір сөздерді айтқандығын дәлелге 
алып, ол мұсылман болды дейді. Бірақ бұл күмәнді. 
Өйткені Имам Әбу Ханифа иман етпей кеткендігін ай-
тады. Және Пайғамбарымыз (с.а.с.) да хазірет Аббастың 
сөзін құптамайды, өйткені нақты еш нәрсе естімеген. 
Алайда Алла елшісі (с.а.с.) бірнеше күн қатарынан Әбу 
Тәліпке дұға жасайды. Бұл жағдайды білген сахабалар 
да Ислам дінін қабылдамай өліп кеткен туыстарына 
дұға тілей бастайды. Іле-шала төмендегі аят уахи болды: 
Пайғамбарға немесе басқа мұсылмандарға туысқан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет