Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі


“Уа, Алла тағалам! Алдымнан, артымнан



Pdf көрінісі
бет55/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   98
Үміт сәулесі

“Уа, Алла тағалам! Алдымнан, артымнан
оңымнан, солымнан және үстімнен (келетін барлық 


117
Үміт cәулесі
қауіп-қатерден) мені қорғай көр. (Жермен-жексен 
болу секілді) аяғымнан шалынып, құрдымға кету-
ден Сенің ұлықтығыңа сыйынамын!
ДҰҒАҒА ЖАУАП БЕРУШІ АЛЛА
Қиналған жанның панасы, басына іс түскеннің 
көмекшісі, бүкіл жаратылыстың зікір етіп ұлықтаушысы 
– Алла тағала. Кеңшілікте де, таршылықта да, 
қиыншылықта да, жақсылықта да Одан дұға тілеп
жалбарыну, әрдайым Оны өзімізбен бірге сезініп, дұға 
есігін қағу біздің міндетіміз. Міне, сонда бізге деген 
көмегі мен жәрдемі, жеңілдігі жетеді. Хақ тағала: 
نَّمَأ ُ 
ُهاَعَد اَذِإ َّر َط ْضُمْلا ُبي ِجُي «Қиналған жан жалбарынғанда, 
сұрағанын беретін» («Нәміл» сүресі, 62-аят) деп осыны 
бізге тәлім етеді. Егер Оған деген сеніміңді жоғалтсаң, 
барлық нәрсені жоғалтқаның. Раббыңа жалбарынып 
дұға жасау өз алдына бір құлшылық. Дұға жасауды 
әдетке айналдырған құл өкінуге, қайғыруға, қобалжуға 
лайық емес. Алла бізге өте жақын әрі естуші, дұғаны 
қабыл етуші, егер қиналған адам Одан дұға тілеп
көмек сұраса оның дұғасын қабыл етеді. Сен әлсізсің, 
мұқтажсың, ал Алла мұқтаж емес әрі күш құдірет иесі. 
Құранда: ْمُكَل ْب ِجَت ْسَأ يِنوُعْدا «Маған дұға етіңдер, сендерге 
жауап берейін (яғни дұға-тілектеріңді қабыл етейін)» 
(«Ғафир» сүресі, 60-аят) – деп Жаратушымыз ескертеді. 
Олай болса, басыңа қиын іс түссе, қайғыға батсаң
Раббыңды көп есіңе ал, ұлық есімдерін атап зікір ет, 
құдіретінен медет сұра, жалбарынып жәрдем тіле. Оның 
есімін ұлықтау және бостандықтың тәжін кию үшін 
маңдайыңды сәждеге қой. Балшықтан жаратыла тұра 
азаттық алқасын тағу үшін қолыңды созып алақаныңды 


118
Үміт cәулесі
жай. Тіліңмен қадам басып, қажетіңді сұрауды көбейт. 
Қайта-қайта сұрап, дұға есігін қақ. Оның мейірімінен 
үміт етіп, жәрдемін күт. Ол жайында жақсы ойда бол. 
Қашан қуанышқа бөленіп құтылғаныңша жалбарын. 
Себебі Алла елшісі (с.а.с.) хадисінде: «Қайсыбірің 
«Раббыма қанша дұға етсем де қабыл алмады» деп 
асығыстық жасамаса болғаны, дұғасы міндетті түрде 
қабыл болады»
58
,– деп біздерге жол көрсеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет