Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі


ұдай мұсылман мен кәпірдің ортасында»



Pdf көрінісі
бет97/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   98
Үміт сәулесі

ұдай мұсылман мен кәпірдің ортасында» – деп, бірде 
мұсылмандарға, бірде мүшріктерге болысып, екіарада 
жүре беретіндіктерін айтқан. Және бір хадисте: 
قفانملا لثم


196
Үміт cәулесі
نيضبر نيب ةاشلاك «Шындығында, мұнафықтар екі отардың 
ортасында қалған мал секілді», – деген. Сондықтан 
олар әрдайым екіойлы жүргендіктен, Аллаға сеніп
тәуекел ете алмайды.
Уиллиам Джеймс былай дейді: «Сол күні орындалуы 
керек болған істі орындауға бел бусаң, өзіңді мәселенің 
нәтижесімен ойландырып қоятын уайымнан толықтай 
айрыласың. Бұл дегеніміз – егер сен дәлелге сүйенетін 
жақсы шешімге келсең, еш бүгілмей, қобалжымай, 
артқа шегінбей соны орындауға кіріс. Өзінен кейін тек 
күдік қана туғызатын бос уайыммен уақытыңды далаға 
кетірме және артыңа қарама».
Шешім қабылдаудағы батылдық қобалжу мен 
күйзелістен құтқарады. «Мұхаммед» сүресінің 21-ая-
тында: 
مُهَّل ًارْي َخ َناَكَل َ َّللا اوُقَد َص ْوَلَف ُرْمَ ْلا َمَزَع اَذِإَف «Іске бекінген 
сәтте, Аллаға берген сөздерінде тұрса, олар үшін 
қайырлы болар еді», – деген.
ҚАБІРДІ ЗИЯРАТЫ
Ата-ананың, туған-туыстардың қабірлерін зиярат 
жасау – сауабы мол амал. Бұл, әрине ер кісілерге тән. 
Әйел кісілерге ол жерде сезімге беріліп, дауыс көтере 
жылап, діннің әдебіне қайшы істер істемеу шарты-
мен оларға да рұқсат бар. Алла елшісі (с.а.с.) алғашқы 
уақытта, діни сенім адамдарда толық қалыптасып, дінге 
қайшы әдеттерден тазарғанға дейін қабірлерді зиярат 
етуге тыйым салған. Сонымен қатар ол кездері мазар 
жерлері таза болмағандықтан, Құран тек таза жер-
де оқылуы керектігін алға тарта отырып, мазарларда 
оқылмайды делінген. Алайда қазіргі таңда мазарлар 
мен қабірлердің айналасы таза, тіпті кейбір жерлерін 


197
Үміт cәулесі
зияратшыларға Құран оқуына ыңғайлы етіп те қойған. 
Шариғатта мазарда Құран оқу жайлы нақты үкім 
айтылмаған. Сондықтан ол жерлерде Құран оқудың 
оқасы жоқ.Тақуа кісілердің кейбіреулерінің қабірді 
зиярат еткенде «Ясин», «Мүлік», «Ықылас» сүрелерін 
оқығандығы мәлім. 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қабірлерді зиярат 
жасағандығы жайында хадис кітаптарында мәліметтер 
жеткілікті. Ол (с.а.с.) зиярат жасағанда қабірдегілерге: 
«Ассаламун алайкум, әй, қабір халқы! Алла сіздерге 
де біздерге де кешірім етсін. Сіздер біздің алдымызда 
болғансыңдар, біз де сіздердің арттарыңыздан келеміз», 
– деп сәлем беріп, үн қататын. 
Осман ибн Аффан (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
мәйітті жерлеп болған соң қабір басында тұрып: 
«Бауырларың үшін Алладан кешірім тілеп, (Мүнкәр-
Нәкір періштелерінің алдында) иманына берік болуын 
сұраңдар. Өйткені, ол дәл қазір сұраққа тартылып 
жатыр» – деп айтатын еді»
92
– деген.
Тағы бір хадисте қабір зияратын Ибн Масғуд бы-
лай деп түсіндіреді: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) жерге 
қолындағы таяқшасымен төрт бұрышқа ұқсас етіп сыз-
ды. Сосын оның ортасына бір ұзын сызық, бұл ұзын 
сызықтың сыртына тағы бір сызық сызды. Сосын бұл 
үлкен сызықтың жанына да бірнеше сызықтар сызды. 
Алла елшісі (с.а.с.) бұл сызғандарын былай деп 
түсіндірді: «Мынау сызық – адам. Бұның төңірегіндегі 
төрт бұрышты сызық – оның ажалы. Ал мына 
сыртындағы сызықтар – адамның армандары. Бұл ар-
ман сызығын кесіп өткен кішкентай сызықтар – оның 
92
Әбу Дәуіт, Жәнәйз 69. 


198
Үміт cәулесі
қиыншылықтары. Адамға бұл қиыншылық оқтарының 
бірі тимесе бірі тиеді. Бұл да тимесе ажал оғы тиеді» 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) осылайша сахабаларға 
өлімді, ажалды естеріне түсірген кезде, сахабалардың 
көзінен жас парлап ақты. Қабір пендені не бақытқа не-
месе мәңгілік азапқа апарар жер.
Бүрәйда (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз 
(с.а.с.): «Мен сендерді қабірлерді зиярат етуден тыйған 
едім. Енді зиярат етулеріңе болады» – деп айтты»
93
– 
десе, ендігі бір хадисте «Кімде-кім қабірлерді зиярат 
етуді қаласа, зиярат етсін. Өйткені қабір пәни дүниені 
ұмыттырып, ақыретті есімізге салады»
94
– делінген. 
Олай болса қабір зияратының басты мақсаты – бұл 
дүниенің пәни, ақыреттің мәңгілік мекен екендігін ой-
ланып, соған қарай амал ету.
Өкінішке орай қазіргі таңда адамдардың көпшілігі 
қабірге, тіпті өлім болған үйге барса да, өз ақыретін еске 
алмауда. Өте аз адамдар ғана ғибратпен қарап, ойланып, 
өз-өзіне есеп беруде. 
93
Мүслим, Жәнәйз 106 
94
Тирмизи, Жәнәйз 60; Әбу Дәуіт, Жәнәйз 77 


199


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет