192
Үміт cәулесі
алып, жүректері иман мен Исламды қабылдауға дайын
тұрады. Баланың табиғатына қажетті рухани азығын
беру оны тәрбиелейтін әке-шешесі мен оған әсер ететін
қоршаған ортасына байланысты. Ақша қардай көңілді
күпірлік пен күнә көр қылады. Адам күпірлік ұйығына
батып, тәкаппарлығынан айналасындағы Алланы
көрсететін дәлелдерге көз жұмып, құлақтарын бітеп,
жүрек пердесін қарайтып, өзіне нұр шашқан жолдардан
мақұрым қалып, күндіз көзін қолмен көлегейлеп «күн
жоқ» деген ғафыл рухқа ұқсайды.
Иман мен ізгі амалдар арқылы адам баласы табиғи
таза жаратылысты сақтап қалады.
Ислам рухымен
туылған әрбір жаратылыс ес білгеннен өздігінен
қоршаған орта туралы ойланып, пайда болу мақсаты
жайында толғап, ақиқатты іздеуге құлшынбаса, түбінде
христиан, яхуди немесе мәжуси болуы немесе адасқан
күпірлік ағымдарының біріне жем болып кетуі ғажап
емес.
Иә, жаңадан туылған барлық жас нәресте мұсылман
мінезімен туылады, оны әке-шешесі, достары, оқу орны
секілді сырттан келетін
әсерлер дұрыс немесе жа-
ман жолға бағыттайды. Ал тағдырда бұл себептердің
барлығы есептеліп «бұл адам таза да тұнық Алланың
берген табиғи мінезін сақтап бақытты болады» неме-
се «таза табиғатын кірлетіп күпірлікке батып адасушы
болады» деп жазылады екен.
КЕҢЕСУ
«Кеңесіп пішкен тон келте болмас» дегендей, көптің
пікірі жалғыз жарымның шешімінен әлдеқайда жөн бо-
лады. Құранда мұсылмандардың сипаты айтылғанда:
193
Үміт cәулесі
ْمُهَنْيَب ىرو ُش ْمُهُرْمَا
«Олардың істері өзара кеңесу арқылы
болады»
90
– делінген. Кеңесу – түйіні түйткіл мәселені
шешу үшін басқадан ақыл сұрау, көпшіліктің пікіріне
жүгініп, ақылдасу дегенді білдіреді. Мұндай мәселелерде
істі әбден талқылап барып шешім қабылдамаса, соңы
өкінішпен аяқталуы мүмкін. Негізінде
ең ақылды адам
Достарыңызбен бөлісу: