Назарбаев Қазақстан халқына кезекті



бет50/60
Дата06.12.2023
өлшемі1.32 Mb.
#485683
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   60
«ЖОО болашақ музыка мұғалімдерінің вокалдық дағдыларын қалыптастыру әдістемесі» оқу құралы (6) (1)

B- dur D-dur
Es- dur A-dur
As- dur E- dur
Des-dur Ces- dur
Cis- dur H-dur
Ges- dur Fis- dur
Минорлық тональдіктер кіші әріппен белгіленеді. Минорлық ладтың 15 тональдігі бар. Оларды квинталық шеңбермен орналастырсақ:






a







d




e

g







h

c







lis

l







cis

b







as

ais




gis




el dis
Квартет - а) 4 адамнан құрылған музыкант орындаушылар; ә) 4 аспапқа арналып жазылған музыкалық шығарма.
Квинтет - а) 5 адамнан құрылған музыкант орындаушылар; ә) 5 аспапқа арналып жазылған музыкалық шығарма.
Кезең (период) - музыкалық шығарманың (әнің) белгілі бір ойды, ұғымды білдіретін бір бөлімі.
Композитор (лат. Compositor - шығарушы, құрастырушы) - музыкалық шығармалардың авторы, музыканы ойдан шығарып жазатын адам, сазгер.
Консерватория (от лат. conservare - сақтау) - жоғары білімді музыкант мамандарын даярлап шығаратын жоғары оқу орны.
Консонанс (фр. consonance, лат. consonantia) - музыкалық дыбыстардың құлаққа жағымды үндестігі.
Концерт (лат. concertо - жарысамын) - а) тыңдарман алдында музыкалық шығарманы орындау; ә) музыкалық аспаптарға арналып жазылған күрделі шығарма. Композитор П.И.Чайковскийдің фортепианоға жазған бірінші концерті. Композитор Н.Меңдіғалиевтің фортепиано мен симфониялық оркестрге жазған концерті.
Кілт - нота жақтауындағы бір сызықты белгілі бір дыбыс биіктігіне бекітетін белгі. Негізінен қолданысқа енгізілген үш кілт: до, соль және фа.
Соль кілті – бірінші октаваның соль нотасы нота жақтауының екінші сызығының үстінде жататындығын білдіретін белгі.
До кілті қай биіктікте тұрса, сол жер бірінші октаваның до нотасы екендігін білдіретін белгі.
Фа кілті – кіші октаваның фа нотасы нота жақтауының төртінші сызығының үстінде жататындығын білдіретін белгі.
Ортаңғы және жоғарғы регистрдегі дыбыстарды жазуға соль кілті ыңғайлы, оны скрипка кілті деп те атайды. Төменгі және жиірек ортаңғы регистрдегі дыбыстарды жазуға фа кілті ыңғайлы, оны бас кілті деп атайды. XII-XVIII ғасырлар аралығында вокалдық музыкада до кілті маңызды рөль атқарған. Оны әр дауыстың ыңғайына қарай әр-түрлі сызықтарға
орналастырған: 1-ші сызықта ол сопраналық (дисканттық), 2-ші сызықта – меццо-сопрано, 3-ші сызықта – альт, 4-ші сызықта – тенор, 5-ші сызықта – баритон деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет