Лига (ойыс сызық) - бір биіктікте қатар тұрған ноталарды ойыс сызықпен бір- біріне байластыру арқылы созылым ұзақтығын ұлғайтады. Дыбыстардың үстіне не астына қойылатын таңба. Ойық сызығы қойылған дыбыстар үзілмей, бөлінбей біріктіріліп (созылып, жалғасып) орындалады.
Мажор (итал. Moggiore - үлкен, қатаң) - қатты деген ұғымды білдіреді. Тұрақты дыбыстары үлкен мажорлық үшдыбыстылық құратын жеті басқышы бар лад. Буындық жазылуы – до мажор, соль мажор, т.б., ал әріптік жазылуы –
«dur» (C-dur, G-dur).
Гармониялық мажор - табиғи мажордан өзгешелігі алтыншы саты төмендетілген. Оның анық белгісі: 6-7-ші сатыларда ұлғ. 2. орналасады.
Мелодиялық мажор - табиғи мажордан төмен бағытта алтыншы, жетінші сатылардың төмендетілуімен ерекшеленеді.
Марш (фр. March - жүру, жорық) - жігерлі, көңілді әскери музыка, салтанатты шерулерде, жүгірістерде, жорықтарда орындалады.
Мелизм - әуеннің бояуы.
Мелодия - а) белгілі бір ұғымды беретін, биіктігі әр түрлі дыбыстардың ырғақ, лад бойынша жүйеге келтірілуі (ән, әуен, сарын); ә) музыканың өзегі, арқауы, негізі.
Метр (грек. metrom - өлшем) - музыкалық шығармада күшті және әлсіз үлестердің бірқалыпты алмасып келуін өлшем (метр) деп атайды.
Mинор (итал. minor- кіші, ұяң) - ұяң дыбысты (үнді) лад. Дыбыстар бірлестігі
- ладтың тұрақты дыбысы I II III (ұяң, жұмсақ үн) дыбыс шығаратындығынан ұяң, жұмсақ үнді дыбыстар бірлестігі - лад деп аталады.
Гармониялық минордың табиғидан айырмашылығы жетінші сатысы жоғарлатылған.
Достарыңызбен бөлісу: |