Мyзыкaны оқытy әдicтeмeci – болaшaқ мyзыкa пәнi мұғaлiмiнiң мyзыaлық бiлiм бepy пpоцecтepiнiң әдicтepiн, құpaлдapын жәнe ұйымдacтыpy фоpмaлapын зepттeyгe, тeоpиялық бiлiмдepiн пpaктикa жүзiндe қолдaнa бiлyгe үйpeтeтiн пән.
Мyзыкaны оқытy тeоpияcы – мyзыкaлық бiлiм бepy пeдaгогикacының зaңдылықтapы мeн нeгiзгi қaғидaлapын зepттeйтiн пән. Мyзыкaнт-пeдaгогтың мәдeниeтi – түpлi пeдaгогикaлық көзқapacтapды caлыcтыpa бiлy, пaйымдay жәнe өзiнiң қоpытқaн пiкipiн қоpғay, оны ғылыми нeгiздeй aлy қaбiлeтi.
Музыкалық драма - 1. Операның ертедегі атауларының бірі. 2. IXX ғасырдың 2-ші жартысында қолданылып жүрген термин, ол операға драмалық театрдың принциптерін енгізуін бейнелеген болатын. 3. Айтарлықтай орнын музыка (вокалды және аспапты) алатын драмалық шығарма.
Музыкадағы ұзақтықтарды еркін (шартты) бөлудің түрлері - Дыбыс ұзақтығын негізгі, жұптап бөлуден басқа, еркін (шартты) бөлу түрлері де кездеседі. Мұнда, негізгі ұзақтықтарды (т.с.с.). Шартты түрде кез келген бөлшектерге бөлуге болады. Мұндай еркін бөлудің ең жиі кездесетін түрлеріне төмендегілер жатады:
Триоль – негізгі ұзақтықтарды екіге бөлудің орнына шартты түрде үшке бөледі; Квинтоль – негізгі ұзақтықты төртке бөлудің орнына шартты түрде беске бөледі;
Секстоль – негізгі ұзақтықты төртке бөлудің орнына шартты түрде алтыға бөледі;
Септоль – негізгі ұзақтықты төртке бөлудің орнына шартты түрде жетіге бөледі;
Дуоль – жанында нүктесі бар негізгі ұзақтықты үшке бөлудің орнына, екіге бөледі;
Дуольдің орнына әдеттегідей дәлме-дәл бөлсек, былай болар еді:
Квартоль – жанында нүктесі бар негізгі ұзақтықты үшке бөлудің орнына, төртке бөледі;
Еркін бөлудің құрамындағы дыбыстардың ұзақтықтарын үзіліспен (паузамен) алмастыруға болады;
Жоғарыдағы негізгі ұзақтықтарды еркін (шартты) бөлудің түрлерінен басқа, одан да ұсақ бөлшектерге бөлудің түрлері болады. Мысалы, кейде кейбір топтар 9, 10, 11 дыбыстардан да тұрады, бірақ бұлар сирек кездеседі.
Музыкалық қалып (форма) - музыкалық шығарманың құрылымы, оның құрамадас бөліктерінің өзара қатынасы.
Достарыңызбен бөлісу: |