«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет11/73
Дата06.05.2024
өлшемі3.21 Mb.
#500653
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   73
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ЖМБ

519059626 
 693103291 776546197 
Тыңдалым тапсырмасы. «Сындарлы оқырман» тәсілі. Мәтінді тыңдаңыз.
 
Жұпта кестені толтырып, топпен талқылаңыздар. 
 
Тыңдалым мәтіні 
2018 жылғы Канн кинофестивалінің еліміз үшін бәсі де, бағасы да бөлек болды. 
Франция төрінде 71-ші мәрте ұйымдастырылған өнер додасы Самал Еслямованың 
арқасында жаһан назарын қазаққа бұрғызды. Режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» 
фильмінде басты рөлді кейіптеген өнер иесі «Үздік әйел рөлі» аталымында топ жарды. 
Бұл режиссер мен актрисаның алғашқы жұмысы емес. Осыдан тура 10 жыл бұрын 
жарыққа шыққан «Тюльпан» фильміндегі таланттар тандемі сол кездің өзінде-ақ Канн 
фестивалі сарапшыларын таңғалдырып, аталған кинокартина 2008 жылы «Айрықша 
көзқарас» аталымындағы жүлдеге лайық деп танылған болатын. Енді міне, араға 10 жыл 
салып өмірге келген «Айка» психологиялық драмасы да әйгілі кинофестиваль 
сарапшыларын бейжай қалдырмады.
– Сергей мырза, күні кеше әлем деңгейінде мойындалып, үздік актриса 
атанған Самал Еслямовны өнер әлемінде небәрі 19 жасында жолықтырып, бірден басты 
рөлге бекіткен екенсіз. Актриса несімен баурап алды? 
– Мен Самалды бірінші рет «Қазақфильм» киностудиясымен бірлесе түсірген 
туындымыз – «Тюльпан» фильмінің кастингінде көрдім. Ол кезде Самал Петропавлдағы 
өнер колледжінің студенті болатын. Әрине психологиялық фильм үшін өте жас әрі «19 
жастағы бойжеткен 3 баланың анасын өз деңгейінде алып шыға алар ма екен» деген де 
ішкі күдігімнің болғанын жасырмаймын. Бірақ режиссерлік түйсік деген болады. 
Шығармашылық адамына тән сол бір ішкі сезім мені жібермей қойды. Сөйтіп тәуекел етіп 
Самалды басты рөлдердің біріне бекіттік. Менің үміт артқаныма сай, актриса жан дүниесі 
бай, барлық көңіл күйді ішінен өткізетін психологиялық рөлдің актері болды. Ол сыртқы 
жарқ-жұрқты басты планға шығарған иллюстратор емес, шын мәніндегі сезімнің 
актрисасы екенін аз ғана уақыттың ішінде дәлелдеп көрсетті. Жалпы, актерге туа бітті 
таланттан бөлек, мінез де керек. Самалдың бойында қолға алған ісін соңына жеткізбей 
тынбайтын қайсар да өжет мінез бар. Сырттай өте нәзік көрінгенімен, ішкі қуаты мықты. 
Осы тұрғыдан келгенде біз жақсы түсіністік. Өйткені мен – өте талапшыл режиссермін. 
Мен үшін фильмімдегі әр детальдің шынайылығы маңызды. Табыс үшін емес, өнер үшін 
тырбанып жүргеннен кейін де, әрбір жұмысымда адамның тағдыры, адамның сезімі алға 
шықса деймін. Себебі сезім бар жерде шынайылық қатар жүреді. Өзіңіз ойлап көріңізші, 
мына жалғанда сезімнен аяулы не бар?! Меніңше, өнер деген – сол! 
– Күні кеше 71-ші Канн кинофестивалінде жүлдегер атанған «Айка» фильмі де 
Самал екеуіңіздің шығармашылық тандеміңізден туған туынды. Түсірілім барысында үне-
мі бір актрисамен жұмыс істеу режиссерлік стиліңізді таптаурындылыққа түсіріп жібереді 
деп қорықпадыңыз ба?
– Жоқ, керісінше. Мен «Айка» арқылы Самалдың актриса ретіндегі 
шығармашылық өсу эволюциясын көрсеткім келді. Алғашқы фильммен салыстырғанда 
бұл кинотуындының тақырыптық һәм әлеуметтік салмағы ауырлау. Режиссерлік талап та 


бірнеше есеге жоғары болды. Актрисаға психологиялық тұрғыда жіті іздену 
жауапкершілігі жүктелді. Оның үстіне, отбасын құрып, әлі ана атанып үлгермеген 
бойжеткенге баласын өмірге әкеле салып, тұрмыс тауқыметінің салдарынан одан бас 
тартуға мәжбүр болған қырғыз қызының шарасыз һәм трагедиялы күйін шегіне жеткізе 
ойна деп талап қоюым да менің тарапымнан әділетсіздік болар еді. Тіпті өзгені 
айтпағанда, жұмысымның шынайы шығуын ойлап, басты рөлге қазақты емес, қырғыздың 
актрисасын бекітуді ойладым. Бірақ тағы да режиссерлік ішкі түйсігім Самалды таңдады.
– Жалпы, өзіңіз бұл жеңісті қалай бағалайсыз?
– Мұндайда ауызға сөз түспейді екен. Талас жоқ, бұл – үлкен марапат, кино 
өнерінің жаңа бір белесі деп білемін. Сіз білесіз бе, әлемде қанша фильм түсіріліп жатыр? 
Қанша актер бар? Соның ішінен суырылып шығып, қазақстандық актриса үздік атанды. 
Мұндай талантты қазақ топырағы өмірге әкелді, тәрбиеледі. Сондықтан да бұл жеңіспен 
мақтану керек. Самал Еслямова – талантты ғана емес, кәсіби деңгейде білім алып, 
шыңдалған өнер иесі. Ол Мәскеудің ең үздік оқу орындарының бірі – Ресей театр өнері 
университетінде (ГИТИС) оқыды. Біз қарбаласта жүріп, кейде өмірлік маңызы бар 
дүниелерге мән бермей жатамыз. Кино саласында ұзақ жылдар қызмет етіп келе жатқан 
адам ретінде айтамын. Бұған қуану керек және қазақ киносының болашағы туралы 
ойлануымыз қажет. Мен қазір де Самалға жалғыз ғана дүниені айтамын: сол алған 
біліміңді Қазақстанға алып келіп, кәсіби мектептер ашып, сол арқылы еліңдегі өнерге 
құштар жастарға әлемдік деңгейдегі актерлік мектепті үйретіп, жаһандық кино мен театр 
мәдениетінің талаптарын солардың бойына сіңіруге күш салсаң, Отаныңа бүгінгіден де 
көбірек пайда келтіресің деймін. Өйткені, Самалдың өте ұлтжанды қыз екенін білемін. 
Жүрген жерінде үнемі Қазақстанды айтып жүреді
– Әңгімеңізге рахмет.
Назерке Жұмабай
https://egemen.kz/article/169281
  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет