«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы


 Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет



Pdf көрінісі
бет13/73
Дата06.05.2024
өлшемі3.21 Mb.
#500653
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ЖМБ

1.6. Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет
 
Оқу мақсаттары 
10.2.2.1 ғылыми-көпшілік стильді тілдік құралдар арқылы 
тану (терминдер, тілдік оралымдар, өзге стиль 
элементтері) 
Сабақ мақсаттары 
Ғылыми-көпшілік стильдегі мәтіндерді талдайды. 
Құндылықтарды дарыту 
 
Жалпыадамзаттық құндылықтар: адамгершілік, 
мейірімділік, әділдік. 
Мәңгілік Ел құндылықтары: тарихтың, мәдениет пен 
тілдің ортақтығы; ұлттық бірегейлікті сақтау. 
Пәнаралық байланыс 
Өзін-өзі тану, әдебиет, тарих, география 
Бастапқы білім 
Тақырыпқа қатысты ғаламдық мәселелерді талдады. 
Тірек сөздер 
Қоғам, құндылықтар, Ұлы Жібек жолы, көшпенділер 
мәдениеті, өркениет, мемлекет, тарих 

Сабақтың жүргізілу барысы 
Оқылымалды тапсырма 
«Суреттер сөйлейді» әдісі.
-Берілген суреттер бойынша не айта аласыздар? 
 
701358508 200682995 

Оқылым тапсырмасы 
 
1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұны негізінде келесі сұрақтарды жұпта талдаңыздар. 
 
 
Мәтін 
ХХ ғасырдың 80-жылдарына дейін әлемдік ақыл-ой кеңістігінде көшпенділер 
өркениеті деген сөз ауызға алынбайтын. Көшпенділер тарихына еуроцентристік немесе 
азиялық центристік көзқараспен баға берілді. Еуропа мен Азия тарихын түбірінен 
өзгерткен ғұндар мен кейінгі түріктердің, монғолдардың тарихы туралы бір жақтылы 
қасаң көзқарастар ғылымда үстемдік құрып келді. Бақсақ, мейлі ғұн, мейлі түрік, мейлі 
монғолдар болсын, бәрі де жер бетіне көшпелі өркениеттің ұрығын сепкен, ұлан-ғайыр 


мәдени кеңістіктерді бір-бірімен жалғаушы, жаңалықтарды жеткізуші болған екен. 
Онымен қоймай, көшпенділер отырықшы өркениеттер аймағына құлашын кең жайған ірі 
мемлекеттерді, империяларды құру дәстүрін қалдырып кетті.
Ғұндардың әсерінен Қытайдағы, Еуропадағы ұсақ бектіктер (князьдіктер) бірікті. 
Бірігіп аса қуатты, құлашын кеңге жайған іргелі мемлекеттер құрды. Егер атты ұлттардың 
соққысы болмағанда ол елдер көпке дейін жайбарақат күйі жатар еді. Тұтас адамзат 
өркениетінің аяқалысы талай ғасырға кешеуілдер еді. Осы ойлар, пікірлер бізге
Л. Гумилев еңбектерін оқу арқылы келді. Ол тұтас адамзат тарихын бір-бірінен бөлек 
алып қарамай, оған бір тұтас органикалық тұлға ретінде қарады. Тарихтың өз келбеті де 
солай. Тарих үшін бүгінгі мемлекеттер, шекаралар, этностар шартты ұғым. Ол тарихи 
дамудың нәтижесі.
Тарихта Еуропа елдерінің шекарасының талай рет өзгеруі соны дәлелдейді. Азия да 
солай. Бұрындары Азия бір тұтас болған. Өркениеттер бірін-бірі жатырқамаған. Сол 
себептен, Азия даласынан тарихтағы түрлі өркениеттердің, діндердің ізі байқалады. 
Соның ішінде Қытай өркениеті деген өркениет бар. Сырттан келген өркениеттер туралы 
сөз болғанда ол тіптен сіңіргіш, бірақ қарсылық қуаты өте жоғары өркениет. Бір қызығы 
теңіз жолы дамымай тұрған ерте және ортағасырларда Үнді, Араб, Парсы және Еуропа 
өркениеттері Қытайға Орта Азия арқылы жеткен. Орта Азия Шығыс пен Батыстың 
арасында өткізгіштік рөл ойнай отырып, өзі де сол өркениеттердің әсеріне ұшыраған. 
Демек, ортазиялық өркениет Шығыс-батыс өркениетінің жергілікті өркениетпен синтезі 
арқылы қалыптасқан өркениет. Ол оңтүстіктегі ислам-будда мәдениеті мен солтүстіктегі 
православия мәдениетінің, дәстүрлі шығыс мәдениеті мен еуропалық мәдениеттің, 
көшпелі мәдениет пен отырықшы мәдениеттің түйіскен тұсы. Мұнда тарихта тәңірлік, 
будда, манихэй, зоорастризм, несториан, ислам секілді түлі діндер бірінің ізін бірі баса
қатарласа дамыған.
Дүниежүзінің ешбір жерінде мұндай өркениет қалыптаспаған. Өйткені бұл белгілі 
мағынадан жағрапиялық шарт-жағдайға да байланысты. Көшпенділер осынау байтақ 
кеңістіктің тарихын ат тұяғымен жазды.
1893 жылы Дат ғалымы В. Томсен Орхон даласынан табылған көне түркі 
ескерткіштерінің бетіндегі руникалық жазулардың сырын ашқаннан кейін де Батыс әлемі, 
кеңестік түркология бұл ұлы жаңалықты жылы жауып қойды. Советтік түркология түркі 
халықтарының тарихын зерттеудің орнына түркі халықтарының тілін зерттеуге көбірек 
көңіл бөлетін. Өйткені түркі халықтарының көне тарихын зерттеу олардың ұлттық 
санасының оянуына қызмет етуі бек мүмкін еді. Олар үшін далалық бұратана 
халықтардың тарихы түк емес болатын. Дәл осындай кезеңде орыс халқының ұлы 
перзенті Л.Н. Гумилев өз бетімен ертеде даланы мекендеген түркі-монғол халықтарының 
тарихын зерттеуге кірісті. Өз өмірінің соңында ұлы ғалым «менің өмірімнің мәні...мен 
шын жүрегіммен сүйген Еуразияның көшпенді халқының атақ-даңқын шығару болды»», – 
деді. 
Тұрсынхан Зәкенұлы 
https://e-history.kz/kz/publications/view/1807 
 


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет