1.4. Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет
Оқу мақсаттары
10.3.3.1 қажетті клишелер
мен лексикалық құрылымдарды
қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп
эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі)
Сабақ мақсаттары
Эссе жазады.
Құндылықтарды дарыту
Жалпыадамзаттық құндылықтар: адамгершілік,
мейірімділік, әділдік.
Мәңгілік Ел құндылықтары: тарихтың, мәдениет пен
тілдің ортақтығы; ұлттық бірегейлікті сақтау.
Пәнаралық байланыс
Өзін-өзі тану, әдебиет, тарих,
география
Бастапқы білім
Тақырыпқа қатысты мәселелерді талқылады; мәліметтер
мен пікірлерді өңдеді.
Тірек сөздер
Қоғам, құндылықтар, жастар мәдениеті, тәрбие, өркениет,
заман талабы, ұлттық сана-сезім
Сабақтың жүргізілу барысы
Жазылымға дайындық тапсырмасы
1-тапсырма. «Сындарлы оқырман» тәсілі. Мәтінді оқыңыз. Жұпта кестені
толтырып, топпен талқылаңыздар.
Мәтін
Болашақ дамуы мәдениетке сүйенген құндылықтар жүйесімен тығыз байланысты,
себебі құндылықтық қатынас арқылы барлық нәрсенің маңыздылығын айқындауға
болады. Ал адамды басты құндылық деп қабылдайтын ұлттық тәрбие әрдайым жоғары
тұрады.
Ғасырлар тоғысында, жаңа мыңжылдықта өткен тарихи-мәдени жолды зерделеп,
болашақты болжау қалыпты жағдай. Өткенді сана толқысынан, ой
таразысынан
өткізбейінше, болашақты анық бағдарлау мүмкін емес. Халықтың алға басуы тек саяси-
экономикалық ахуалға ғана емес, оның руханилығына да тікелей байланысты.
Осы орайда Гегельдің «рухы оянбаған халық тарих көшінен шет қалады» деген
ойына назар аударған жөн. Ұлттық рух дегеніміз сайып келгенде оның өзіндік санасы,
тарихи жады. Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті ғасырлар қойнауынан бастау алады
және көптеген тарихи қабаттардан тұрады, осыған орай мәдениеттің тарихи қозғалысын,
заңдылықтарын танудың маңызы артып отыр. Бұл талапты қанағаттандыру үшін өткен
дәуірлердің рухани мұрасын тарихи-философиялық тұрғыдан байыптау қажет. Осы
орайда белгілі философ А.Х. Қасымжанов: «Қайта жаңару уақыты туды. Ол
рухани
тамырламызды зерттемей, ұғынбай іске асуы мүмкін емес. Іздену, ұғыну өткенге
құрметпен қарау, бұл халықтың іштей түлеп өзін-өзі тану жасына түсуі, өркениетті
қоғамдағы озық халықтардың тарихи мұрасының өрлеу ұлттық сана-сезімінің өсу
процесінің негізгі бөлігі болып табылады. Мұнсыз халық тәуелсіздігі дегеніміз бос сөз
болып қала бермек» дейді. Сөйтіп өткен дәуір рухани бастаулары бүгінгі күн мен
болашақтың өзегіне айналып отыр. Халқымыздың моральдық адамгершілік, халықтың ізгі
қасиеттерін бойға сіңіру-әрбір азаматтың борышы.
Халқымызда әдепті, инабаты мол жасты «көргенді елдің баласы» деуі тегін емес.
Бұл – ұлттық тәрбиені дамыта беру деген сөз. Сонымен тәрбие дегеннің өзі не?
Тәрбие –
қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын
даярлауды мақсат етіп қойған, жеке адамды қалыптастырудың жүйелі процесі. Тәрбие
білім берумен тығыз байланысты. Сонымен бірге ол адамға қоғам құрылысы, ғылым мен
техниканың дамуы, әдебиет, өнер, бұқаралық ақпарат және насихат құралдары (баспасөз,
радио, телевизия) арқылы ықпал етеді. Тәрбие мәселесінде айрықша мән беріп, сол
жайында қазақ тілінде алғаш «Педагогика» атты еңбегінде Мағжан Жұмабаев: «Тәрбие,
кең мағынасында алғанда, қандай да болса бір
жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан
иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету» деген сөз. Адамзат қауымының ғасырлар бойғы
тарихы имандылық, ғибраттық, әдет-ғұрып, салт-дәстүр,
ұлттық тағылым ұрпақ
тәрбиесінің қыруар үлгілерін мұралыққа қалдырғаны бәрімізге белгілі. Қазіргі таңда сол
құндылықтарымыз қаншалықты сақталып, ұрпақ санасына қаншалықты беріліп
жатқандығы – басты мәселе.
Максотова Калиса Еламановна
https://ust.kz/word/pedagogikalyq_oqy_ulttyq_qundylyq_ryhani_qundylyq_negizi-
57332.html
Достарыңызбен бөлісу: