мәдени кеңістіктерді бір-бірімен жалғаушы, жаңалықтарды жеткізуші болған екен.
Онымен қоймай, көшпенділер отырықшы өркениеттер аймағына құлашын кең жайған ірі
мемлекеттерді, империяларды құру дәстүрін қалдырып кетті.
Ғұндардың әсерінен Қытайдағы, Еуропадағы ұсақ бектіктер (князьдіктер) бірікті.
Бірігіп аса қуатты, құлашын кеңге жайған іргелі мемлекеттер құрды. Егер атты ұлттардың
соққысы болмағанда ол елдер көпке дейін жайбарақат күйі жатар еді. Тұтас адамзат
өркениетінің аяқалысы талай ғасырға кешеуілдер еді. Осы ойлар,
пікірлер бізге
Л. Гумилев еңбектерін оқу арқылы келді. Ол тұтас адамзат тарихын бір-бірінен бөлек
алып қарамай, оған бір тұтас органикалық тұлға ретінде қарады. Тарихтың өз келбеті де
солай. Тарих үшін бүгінгі мемлекеттер, шекаралар, этностар шартты ұғым. Ол тарихи
дамудың нәтижесі.
Тарихта Еуропа елдерінің шекарасының талай рет өзгеруі соны дәлелдейді. Азия да
солай. Бұрындары Азия бір тұтас болған. Өркениеттер бірін-бірі жатырқамаған. Сол
себептен, Азия даласынан тарихтағы түрлі
өркениеттердің, діндердің ізі байқалады.
Соның ішінде Қытай өркениеті деген өркениет бар. Сырттан келген өркениеттер туралы
сөз болғанда ол тіптен сіңіргіш, бірақ қарсылық қуаты өте жоғары өркениет. Бір қызығы
теңіз жолы дамымай тұрған ерте және ортағасырларда Үнді, Араб, Парсы және Еуропа
өркениеттері Қытайға Орта Азия арқылы жеткен. Орта Азия Шығыс пен Батыстың
арасында өткізгіштік рөл ойнай отырып, өзі де сол өркениеттердің әсеріне ұшыраған.
Демек, ортазиялық өркениет Шығыс-батыс өркениетінің жергілікті өркениетпен синтезі
арқылы қалыптасқан өркениет. Ол оңтүстіктегі ислам-будда мәдениеті мен солтүстіктегі
православия
мәдениетінің, дәстүрлі шығыс мәдениеті мен еуропалық мәдениеттің,
көшпелі мәдениет пен отырықшы мәдениеттің түйіскен тұсы. Мұнда тарихта тәңірлік,
будда, манихэй, зоорастризм, несториан, ислам секілді түлі
діндер бірінің ізін бірі баса,
қатарласа дамыған.
Дүниежүзінің ешбір жерінде мұндай өркениет қалыптаспаған. Өйткені бұл белгілі
мағынадан жағрапиялық шарт-жағдайға да байланысты. Көшпенділер осынау байтақ
кеңістіктің тарихын ат тұяғымен жазды.
1893 жылы Дат ғалымы В. Томсен Орхон даласынан табылған көне түркі
ескерткіштерінің бетіндегі руникалық жазулардың сырын ашқаннан кейін де Батыс әлемі,
кеңестік түркология бұл ұлы жаңалықты жылы жауып қойды. Советтік түркология түркі
халықтарының тарихын зерттеудің орнына түркі халықтарының тілін зерттеуге көбірек
көңіл бөлетін. Өйткені түркі халықтарының көне тарихын зерттеу олардың ұлттық
санасының оянуына қызмет етуі бек мүмкін еді. Олар үшін далалық бұратана
халықтардың тарихы түк емес болатын. Дәл осындай
кезеңде орыс халқының ұлы
перзенті Л.Н. Гумилев өз бетімен ертеде даланы мекендеген түркі-монғол халықтарының
тарихын зерттеуге кірісті. Өз өмірінің соңында ұлы ғалым «менің өмірімнің мәні...мен
шын жүрегіммен сүйген Еуразияның көшпенді халқының атақ-даңқын шығару болды»», –
деді.
Тұрсынхан Зәкенұлы
https://e-history.kz/kz/publications/view/1807