жылының басында нұсқаулық құжаттар арқылы бекітіледі, пәндер бойынша
оқу бағдарламасындағы ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес анықталады:
•
жаратылыстану-ғылыми пәндер – бөлім бойынша;
•
әлеуметтік-гуманитарлық пәндер – ортақ тақырыптар бойынша;
•
тілдік пәндер – сөйлеу әрекеттері түрлері бойынша. Тоқсанда 2
жиынтық бағалау өткізіледі: тыңдалым мен айтылым, оқылым мен жазылым.
Бөлім немесе ортақ тақырыптар бойынша
бағалауға жататын оқу
мақсаттарының саны пәнге қатысты әртүрлі болуы мүмкін. Сәйкесінше
жиынтық бағалау рәсімдерінде де айырмашылықтар болуы мүмкін: жобалық,
бақылау
немесе лабораториялық жұмыстар, жазбаша не ауазыша
таныстырылым және т.б.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау үшін
тапсырмаларды құрастыру кезінде мұғалім
жиынтық бағалауға арналған
әдістемелік ұсыныста берілген үлгілерді қолдануына, не болмаса талаптарға
сәйкес өз бетінше құрастыруына болады.
Жиынтық жұмысының нәтижесі бойынша мұғалімге оқушылардың оқу
жетістігі деңгейін анықтау жолымен оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ
тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелеріне талдау жүргізу
ұсынылады.
Оқушылардың оқу жетістігі деңгейлерінің жалпы сипаттамасы 3-кестеде
берілген.
Достарыңызбен бөлісу: