Не журналистика кафедрасы



бет48/69
Дата12.12.2023
өлшемі0.98 Mb.
#486228
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   69
ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ. КЕШЕН

Сабақтың жоспары:

  1. Мазмұн және тақырьш.

  2. Тақырып пен идея туралы түсінік.

Бақылау сұрақтары:

  1. Тақырьш дегеніміз не? '

  2. Идея дегеніміз не?

  3. Мазмұнды нақтылауда идея мен тақырыптың ролі қандай?

  4. «Тақырып - әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе» дегенді қалай түсінесіз?

5. Мәңгілік тақырып дегенге қандай тақырыптар жатады
Глоссарий:
Тақырьш - жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея - жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы дер едік.
Авторлық идея - суреткердің о бастағы ой өзегі; объективтік идея - нақты шығармадан туатын мақсатты нәтиже.
Бір шығармадағы бірнеше және әр алуан жеке тақырыптар мен идеялардың басын бір жерге біріктірушіні негізгі идея дейміз.
Тапсырмалар:

  1. Кез келген бір көркем шығарманьщ идеясы мен тақырыбын анықта.

  2. Мәңгілік тақырып деп саналатын махаббат тақырыбына арналған қандай көркем шығармаларды білесің?

Блиц - тест:

  1. Шьшдықты суреттеудегі қаламгерге тән құштарлық, оның қоғамдық көзқарасының тұғыры, ой өзегіндеп мығым принцип:..

А) Мотив; В) Идея. С) Тақырып; Д) Деталь; Е) Тенденция

  1. Автордың шығармасында суреттеп отырған өмір құбылыстары жайлы айтқысы келген ойы:

А) Шығарманьщ идеясы; В) Шығарманың көркемділігі; С) Шығарманың композициясы. Д) Шығарманың тілі; Е) Шығарманың тақырыбы;

  1. Шығарма жазу барысында ұстанған автордың о бастағы ой өзегі қалай аталады?

А) авторлық идея; В) негізгі идея; С) қосалқы идея; Д) обьективті идея.
Е) субъективті идея;

  1. Көркем шығармадағы негізгі оқигалардьщ түйіні:

А) Фабула; В) Идея; С) Сюжет; Д) Пролог; Е) Композиция.

  1. Әдебиеттің предметі не?

А) Адам; В) өнер; С) Қоғам. Д) Қаламгер; Е) Дәуір;

  1. Әдебиеттің тектерін эпикальщ, лирикальщ, драмалық деп жіктеу неге байланысты:

А) Шындықты бейнелеу тәсілінің ерекшелігіне байланысты; В) Автордың эстетикалық мұратына; С) Шындықты тануға-көзқарасқа байланысты; Д) Тақырыпқа. Е) Идеяға;

  1. Көркем бейне басқаша атағанда

А) Әдеби қаһарман; В) Әдеби дәстүр; С) Әдеби орта; Д) Әдеби стиль.Е) Әдеби ағым;

  1. «Ақын образбен ойлайды, ол шындықты дәлелдемейді, оны көрсетеді» деген пікір иесі:

А) Белинский; В) Гельвеций. С) Аристотель; Д) Әл-Фараби;Е) Байтұрсынов;

  1. Жазушының шындық өмірден таңдап-талғап алған,өзінің көркем шығармасына арқау ететін өмір кұбылысының тобы:

А) Тақырып; В) Сюжет; С) Деталь; Д) Идея. Е) Экспозиция;

  1. Әдебиеттану тілді қай тұрғыдан қарастырады?

А) әдеби шығармашылық материал В) көркем идея С) ойлау пішіні Д) қарым-қатынас құралы Е) белгілер жүйесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет