А стық ұсақтағыштардың жіктелуі:
Ұсақтағыш – өндірісте астық өнімдерін майдалауға арналған таптырмас құрал болып табылады. Астық ұсақтағыштар формасы бойынша, ұсақтау ірілігі бойынша ерекшеленеді.
Ірілігі жайлы айтатын болсақ, ұсақтағыштар ірі, орта, кіші болып 3-ке бөлінеді. Ірі ұсақтау – 100 – 300 мм аралығында болса, орта – 25 – 100 мм аралығында, ал 5 – 25 мм аралығындағы ұсақтағыштар тиісінше кіші ұсақтағышқа жатады. Сондай – ақ ұсақтағыштар жұқа және өте жұқа болады. Ал егер технологиясы бойынша қарастыратын болсақ, онда ұсақтағыштарды конусты, балғалы, роторлы, беттік(щековая), білікті(валковые) болып 5-ке бөлінеді. Әр нұсқа өзінің жұмыс істеу бөлімі бойынша және мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |