Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Қазақстан 2030» даму стратегиясында мемлекет күшінің басты назары ауыл шаруашылық өндірісіндегі екі негізгі салаға мал және өсімдік шаруашылықтарына аударылған


Астық ұнтақтауға арналған қондырғылар



бет3/6
Дата03.01.2022
өлшемі1.5 Mb.
#451406
1   2   3   4   5   6
Астыкты усактау

Астық ұнтақтауға арналған қондырғылар

Астық ұнтақтауға арналған қондырғылар майлы, бұршақтектес және дәнді дақылдарды майдалауға арналған қондырғылар болып табылады. Бұл технология ұнтақталған астықтың біркелкі фракциясын алуға мүмкіндік береді. Бөліктеріне байланысты, мұндай әдіспен алынған фуражды ұндар құстар мен басқа да жануарларға арналған құрамажем өндірісне қажетті шикізат көзі болып табылады. Айта кететін тағы бір жайт, астықты ұнтақтау автономды түрде қолданумен қатар, күрделі технологиялық сызбалардың құрамында жемнің әртүрлі түрін дайындауда да қолданады.



Ерекше қабылдағыш арқылы астық дақылдары пневматика көмегімен ұнтақтауға жіберіледі. Астық құрамындағы тас тағы басқа қалдықтар магнитті қағып алғыштың әсер етуімен, жұмсақ шлангіден өту барысында алынып тасталынады. Одан соң астық массасы майдалағыш бөліміне түседі. Онда арнайы майдалағыш балға камерасында майдаланады. Мұнда балға ұмтылмалы – айналып жұмыс жасайды. Содан соң піспеген астық елек арқылы диффузорлы камераға вентилятор көмегімен түседі. Бұл жерден астық жем араластырғышқа пневматикалық жүйемен тасымалданады.

Қарастырылып отырған астық майдалағыш қондырғылары ашық және жабық типте болуы мүмкін. Ашық түрлі типтегі ұнтақтағышта майдаланылатын астық салыстырмалы түрде жұмыс камерасынан тез шығады. Жабық түрдегі майдалағышта мұндай жүйе қарастырылмаған. Мұндай машиналар әдетте нәзік және құрғақ астықтың үйкелуі үшін қолданылады. Жабық түрдегі майдалағыш құрылғыларында піспеген астық майдалау процедурасынан бірнеше рет өтеді, нәтижесінде шеңбер бойымен қозғала отырып борпылдақ, ауалы өнім қабатын түзеді. Бұл жағдайда майдалау балғаның соққы жасауы арқылы жасалынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет