Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде логопедиялық жұмысты ұйымдастыру
Сөйлеу тілі бұзылысының әртүрі бар мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеудің түзете-
қалыптастыру аспектісі балабақшаның арнайы топтарындағы тәрбиелеу – оқыту жүйесінің құрамды
бөлігі болып табылады. Логопедиялық түзету-педагогикалық әсер ету – балалардың сөйлеу тіліндегі
ақаулықты түзетуге, және де, мектепте оқығандағы кездесетін қиындықтардың (сауат ашуға
дайындық, дисграфияның алдын алу, танымдық процестерін жетілдіру және мектепте оқуға
тұлғаның дайындығын қамтамасыз ету) алдын алуға бағытталған. Мақсатқа жету білімділік,
түзетушілік және дамытушылық міндеттердің қойылуымен негізделеді. Оларды логопед,
тәрбиешілер арнайы жеке және топтық сабақтарда шешумен айналысады, балабақшада біркелкі
сөйлеу тәртібін (күні бойы балалардың сөйлеу тілін қадағалау) ұйымдастыруда іске асырады.
Түзете оқытуды жоспарлау және мазмұның толтыру бағдарламалармен, әдістемелік
материалдармен белгіленеді және балалардың жасын, топ ерекшелігін және сөйлеу тіл кемістігінің
белгісін ескеріп құрастырылады.
Арнайы логопедиялық топтарды құру, ондағы жұмысты ұйымдастыру және жүргізу
бірнеше кезеңнен тұрады:
-
топтарды іріктеу және топтастыру (толықтыру);
-
балаларды кешенді тексеру;
-
жеке және топтық жұмыстың алдын ала (перспективті) жоспарын құрастыру;
-
сабақтардың жоспарларын іске асырумен байланысты, негізгі кезең;
-
аралық және қорытынды бақылаудың қамтамасыздандырылуы;
-
күнделікті анамнестикалық (түзете оқыту нәтижелерін талдау, балаларға мінездеме
құрастыру).
Кемістігі бар балалармен жүргізетін жұмыстан басқа логопедтің міндеті төмендегідей:
-
медициналық-педагогикалық комиссияларды өткізу;
-
ата-аналарға кеңес беру-педагогикалық жұмысы;
-
күнделікті құжаттарын толтыру;
-
тәрбиешілерге кеңестік-әдістемелік көмек көрсету; арнайы педагогика кафедрасымен
өзара байланыс, көмек туралы келісім-шартқа сәйкес студенттермен оқу-әдістемелік жұмыс жүргізу.
Балабақшадағы жұмыстың логопедиялық бағытының даму болашағы сөйлеу тіл кемістігі бар
баланы оқытып тәрбиелеп, дамытудың әдістемелерінің мазмұнын жетілдіруге бағдарлауға
байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |