Не педагогика факультеті



Pdf көрінісі
бет8/89
Дата25.02.2024
өлшемі2.07 Mb.
#493148
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   89
Логопедиялық технология лекция

Әдебиеттер: 
1. Волкова Г.А. Логопедическая ритмика.- М.: Просвещение, 1985. 
2. Запорожец А.В. Развитие произвольных движений.- М., 1960. 
3. Логопедия / Под ред. Л.С. Волковой, С.Н. Шаховской.-М.: Владос, 2002. 
4. Руднева С., Фиш Э. Ритмика, Музыкальное движение.- М., 1972 
5. Т.Б. Филичева, Н.А. Чевелева, Г.В. Чиркина Основы логопедии.- М.: Просвещение, 1989. 
5. Балалардың сөйлеу мәнерін түзету және қалыптастыру. 
1.Баланың эстет икалық шығармашылығын дамыту 
Адамның эстетикалық шығармашылық жан-жақты үйлесімді дамуына сан алуан өнердің 
арасында музыка өнері ерекше ықпалын тигізеді.Музыка адамды өмір бойы жетелейді. Музыка 
баланың сезімдеріне ықпал етумен қатар оның моральдік бейнесін қалыптастырады.Балалардың 
музыкамен айналысуы олардың жалпы тәртіп мәдениетіне ықпалын тигізеді. Музыка адамның жан 
дүниесін тебіренте отырып, оның өмірге деген көзқарасын, әдет, мінез-құлқын қоғам мүддесіне 
сәйкес қалыптастыруға, әдемілік заңымен өмір сүруге тәрбиелейді.Балабақшадағы музыка 
сабағының жүйелігі балалардың музыкалық қабілеттерінің жақсы дамуына себін тигізеді.Мектепке 
дейінгі мекеме тәрбиленушілерінің көбінде таза сөйлеу мәнері 5 жастан басталады,осы жасқа дейін 
балалардың тілдерін жаттықтыру мекемедегі логопед маманымен қатар тәрбиеші,психолог,музыка 
жетекшісінің міндеттері болып табылады. Жыл сайынғы жасалатын мониторинг көрсеткіштеріне 
үңілсек балалардың таза сөйлеу мәнері түсіп келе жатқанына көзіміз жетеді,оған көптеген себептер 
келтіруге болады.

Сөйлеу аппаратының анатомиялық құрылымының бұзылуы. 

Бет бұлшықеттерінің дамымауы,әлсіз болуы. 

Туу кезінде алынған жарақаттар. 



Қазіргі 
заманда 
көп 
балалардың 
жүйке 
жүйесінің 
патологиясына 
байланысты,балалардың тілдері,сонымен қатар ұсақ және күрделі моторикасы дамымай келеді. 

Ата-аналардың балаларымен ана тілінде сөйлемеу,тілдік қарым-қатынастың болмауы. 
Дыбыстық деффекттер өздігінен түзелмейді бірақ оқытудың ыңғайлығы мен жүйелігі 
арқасында балалар өздерін қадағалай алады.Мен музыка сабақтарында көптеген логоритмикалық 
жаттығуларды қолданамын.Логоритмикалық жаттығулар кезінде балалардың ырғақтық сезімдерімен 
қатар тыңдау,темпті сезіну қабілеттері дамиды.Логоритмикалық жаттығулардың басты мақсаты 
музыканы,қимылды және сөзді өзара байланыстыруды балаларға үйрету.
Музыка сабақтарында төмендегі логоритмикалық элементтер қолданады: 
1. 
Логопедиялық гимнастика. 
2. 
Жаңылтпаштар 
3. 
Музыкалық-ырғақтық қимылдар 
4. 
Фонопедиялық жаттығулар 
5. 
Ән айтуға арналған логопедиялық жаттығулар 
6. 
Қимылды әндер
7. 
Музыкалық ойындар 
8. 
Музыкалық санамақтар 
9. 
Ертегілер 
10. 
Релаксациялық жаттығулар 
11. 
Би 
Музыка сабақтарында балалардың тыңдау,сезіну,орындаушылық, эмоциялық сезімдері 
қалыптасады. Қазіргі заман музыка жетекшілерінің жұмысы жаңа мазмұнды талап етеді-дербес 
шығармашылық еңбек ете алатын,белсенді іздеуші тұлғаны ,алғыр адамды тәрбиелеп 
шығару.Мектеп жасына дейінгі балалардың қуанышының бастауы музыкадан нәр алады.Музыка 
сабақтарында 
әртүрлі 
педагогикалық 
әдістерді 
қолдану 
–ең 
маңызды 
мақсаттарды 
шешеді:балалардың ерте музыкалық тәрбиесінің қалыптасуы,музыкалық компонентінің құрылымы-
балалардың музыкаға деген эмоциялық сезімдерінің дамуы.
Музыка сабағы бірнеше бөлімнен тұрады: 

Марш 

Музыкалық-ырғақтық жаттығулар 

Музыка тыңдау 

Ән айту 

Би элементтерімен танысу. 

Аспапта ойнау 

Ойын 
Логоритмикалық жаттығуларды жоғарыда көрсетілген әр бөлімде қолдануға болады.Музыка 
саба.ы 
толығымен 
ырғақпен 
қатар 
сөздерденЖаттығуларды 
ақырындап 
сабақтарға 
енгізіледі,алғашында демдік жеңіл жаттығулардан бастаса,сонан соң күрделірек жаттығуларды алуға 
болады.Әр жаттығу баланың жас ерекшеліктеріне сай болу керек.Алдымен жаттығуда берілген 
сөздерді балаларға бос кездерінде асықпай,жаттату керек.Әр сабақтан бос кезін қолайлы пайдаланып 
сөздерді қайталай берсе балалар өздері де тез үйреніп жаттап алады.Әр жаттығу алдында балалардың 
көңілін көтеріп ,қуаныш сезімдерін оятып қызықтырып алу міндетті болып табылады.Мысал ретінде 
музыка сабақтарында өзім қолданатын бірнеше ойын-жаттығу түрлерін ұсынамын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет