Жаттығуларды дұрыс орындау тәсілдеріне тоқталайық. 1. «Күрекше» жалпақ тілді ауыз қуысынан
шығарып, төменгі ерінге салып 10-15 секунд ұстап тұру керек. Тілді
қимылдатпай ұстап тұруын
қадағалау керек. /40 сурет/. 2. «Кесе» ауыз кең ашық. Жалпақ тілді жоғары тіске қарай көтеріп 10-15
секунд ұстап тұру керек. Бірақ тіл тіске тимеуі керек. /41 сурет/. 3. «Ине» ауыз ашық. Тілді
жіңішкертіп ауызды шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек. /42 сурет/. 4. «Төбешік» ауыз сәл ашық.
Тілдің екі бүйірі жоғары азу тістерге тиіп тұр. Тілдің ұшы алдыңғы төменгі тістерге тірелген. Осы
қалыпта 10-15 секунд ұстап тұру керек. /43 сурет/. 5. «Түтікше» жалпақ тілді ауыз қуысынан
шығарып бүйірлерін жоғары көтеріп түтікшеге ұқсатып тұрып үрлеу. /44 сурет/. Осы жаттығулардың
бәрін баяу қалыпта орындап 8-10 рет қайталау қажет. 6.«Сағат»
жіңішке тілді ауыз қуысынан
шығарып оңға, солға қимылдату керек. 15-20 рет қайталау. /45 сурет/. 7. «Ат шауып келеді» тілді
таңдайға жабыстырып баяу, жылдам қағу керек. Тіл асты желбезегін созу. Жаттығуды 10-15 рет
қайталау. /46 сурет/. 8. «Саңырауқұлақ» ауызды кең ашып тіл ұшын таңдайға жапсырып ұстап тұру
керек. /46 сурет/. 9. «Алтыбақан» тілді жіңішкертіп ұстап кезекпен мұрынға, иекке қарай созу. Бірақ
ауызды ашып ұстау керек. Осылайша 15 рет қайталау қажет. /47 сурет/. 10. «Тәтті шырын» жалпақ
тілмен жоғарғы ерінді жалап ауыз қуысына тереңірек кіргізіп ұстау. Осылайша 15
рет қайталау
қажет. 11. «Жылан» ауызды кең ашып, тілді молырақ алға қарай жылжытып жіңішкертіп, қатайтып
ұстап, сосын осы қалыпта ауыз қуысына ақырындап кіргізу. 12. «Сылақшы» ауыз сәл ашық, тілді
шығарып
әуелі жоғарғы ерінді, сосын төменгі ерінді жалау. Бағытын өзгерте отырып 10-15 рет
қайталау. Көрсетілген жаттығулардан логопед қойылатын дыбысқа керектілерін ғана іріктеп алады.
Достарыңызбен бөлісу: