Әдебиет:
1.
Логопедия./ Под ред. Волковой Л.С.-М.: Просвещение, 1989.
2.
Филичева Т.Б. и др. Основы логопедии.- М.: Просвещение, 1989.
3.
Буденная Т.В. Логопедическая гимнастика.- СПб., 2001.
4.
Фомичева М.Ф. Воспитание у детей правильного произношения. М.: Просвещение,
1989.
5.
Волкова Л.С. Хрестоматия по логопедии. – М.: Владос, 1997
3. Логопедиялық гимнастика өткізу технологиясы
Мектепке дейінгі жастағы баланың сөйлеу тілінің дамуын тексеру кезінде сөз байланысын
дағдыландыруын: енжар және белсенді сөздік қорының көлемін; сөйлеу тіліндегі грамматикалық
құрылыстың қалыптасу дәрежесін; сөйлеу дағдылануын; фонетикалық есту және түйсіну қабілетін
қарастырады. Тексеруді ойын ойнату барысында жүргізген тиімді.
Сөйлеу тілі жүйесінің бір бөлігіндегі ауытқудың қалыптасуын анықтап қана қоймай, осы
бұзылудың ерекшелігін дұрыс сөйлеу тілінің жүйесімен салыстыра отырып талдап шығу қажет.
Баланы тексеру бастар алдында оның физикалық есту қабілеті мен ой-өрісінің /маманның
қорытындысы/ жағдайы туралы мәлімет қолда болу керек, сөйлеу тілі дамуының бұған дейінгі
деректерімен танысып шығу қажет /тілі қашан шықты, сөйлемді қашан құрап сөйлей бастайды/.
Ата-анасымен алдын-ала жүргізген әңгімеде логопед: баланың қандай жағдайда тәрбиеленіп
жатқанын, бақшаға баратын, бармайтынын, айналасындағы онымен сөйлесіп жүргендердің сөйлеу
тілі дамуының сәттілігін, ата-анасы баланы тәрбиелеумен қалай айналысатынын, баланың сөйлеу тілі
дамуы барысында оларды мазасыздандырып жүрген күдіктерін /сөзді нашар түсіну, синтаксикалық
құрылыс пен грамматикалық тұлғаны қолдануды білмеу, сөйлегенде дыбыстарды қателесу/
анықтайды. Бұрын логопедке қаралған-қаралмағанын, егер қаралса логопедияның көмегімен қандай
болғанын білу қажет.
Баланың сөйлеу тілі туралы логопед бірінші әсерін оның өзімен әңгімелескеннен кейін алады.
Әңгімеге қатысты қойылған сұрақтарды баланың жас мөлшеріне және дербес өзгешелігіне қарап
іріктеп алады. Қойылған сұрақтар ең алдымен айналасындағы тіршіліктің шындығын бағдарлауға
дағдыланғандығын білуге бағытталуы тиіс /баланы өзі туралы, оның үйелмелісі туралы, бала-бақша,
жолдастары, ойыншықтары туралы/.
Балаға қойылатын сұрақтар тек қана қысқа жауап емес, кеңейтіп те берілуін ескертеді.
Мысалы: «Атын кім? Әкеңнің аты кім? Жасың қаншада? Қайда тұрасың? Бала-бақшаға қалай
барасың? Үйелмелінде қанша адам бар? Әкең мен шешең немен айналысады? Сенің қарындасың,
апайың, ағайың, інің қанша? Олардың жастары қаншада? Бүгін ауа райы қандай? Сен бүгін үйде
/бақшада/ қандай тамақ іштің? Қыста, жазда қандай киім киесің? Қандай ойынды, кіммен ойнағанды
жақсы көресің? Орманда қандай аңдар жүреді? Қоян түбіті қыста неге түлейді?» т.б.
Әңгіменің барысында анықталатыны тілмен жатық сөйлей ме, жоқ әлде жеке сөздерді
бөлшектеп айта ма, бала қалай тез әңгімеге тартылып кісімен еркін сөйлеседі. Грамматикалық
тұлғаны қолданудың дұрыстығын, сөздігін көлемін, дыбыстық айтылу жағдайын айқындау үшін
әңгімені соған ыңғайлап құру керек. Ол үшін балаға таныс тақырыпты таңдау ұсынылады /жабайы
және үй жануарлары, киім, төсек, ыдыс, көлік/, сонымен, жануарлар бейнеленген суретті қарап
отырғанда баланың енжар және белсенді сөздігін, грамматикалық дағдысын айқындауға бағытталған
сұрақтар қойылады. Мысалы: «Қандай үй жануарларын және жабайы жануарларды білесің, аттарын
ата?» Кірекейді, тиінді, көжекті көрсетші. Аюдың денесі немен жабылғанын айтшы. Түлкі мен тиін
қайда жүреді? Иттің, шошқаның, сиырдың жылқының балаларын не деп атайды? Олар немен
тамақтанады? Олар қалай және немен қорғанады? Түлкі туралы не айтуға болады? Ол қандай?
Лексикалық қорын тексеру кезінде зат есімнің, сын есімнің, етістіктің сандық қорын айқындау
ғана емес, сонымен бірге оларды сөйлеу тілінде өз бетінше қолдануын тексеру маңызды. Ол үшін
балаға мағынасы бойынша жетпей тұрған сөзді қосып, сөйлемді аяқтауды ұсынады. Мысалы:
«Түлкінің құйрығы ұзын, ал қоянның...... қысқа».
Баланың сөйлеу тілінің грамматикалық дұрыстығын тексеру кезінде қажетті грамматикалық
тұлғаны пайдаланып сурет бойынша, сұрақ бойынша сөйлем құрастыру, көрсетілген сурет бойынша
қимыл – іс әрекеттерді бейнелеп жазу, берілген сөзді керекті септікке келтіріп, сөйлемді толықтырып
айту сияқты тапсырмалар беріледі. Мысалы: Самғат қайда барады? Самғат кіммен барады? Қайдан
келеді? т.б.
Сын есім мен сан есімді зат есіммен байланыстыра алатындығын, зат есімнен тәуелді сын
есімді, мағынасы кішірейтіліп – еркелетіп көрсетілетін зат есімді жасай алатындығын тексереді.
Балалармен ойындар өткізуге болады: «керісінше» ойыны. Логопед: мен бір сөз айтам, сен
маған керісінше жауап бересің. Мысалы: биік – аласа, жарық – қараңғы, жуан – жіңішке,т.б, «аз –
көп» ойыны. Мысалы: ойыншық – ойыншықтар, бала – балалар, үй – үйлер,т.б.
Баланы бақылау барысында дыбыстық айтылу жағдайы айқындалады. /Фонетикасын арнайы
тәсілмен тексерілгені жөнінде осы оқулықтың «Дислалия» деген тарауында егжей – тегжейлі
жазылған/.
Баланың фонематикалық есіту қабілетін тексеру үшін мынадай тапсырмалар беріледі:
а/ дыбыстары дұрыс айтылған бірнеше буындарды /па – ба – па – та – да – де сияқты түрлерін/
қайталау және жадында сақтау;
б/ берілген дыбыс бар сөзді басқа сөздердің ішінен тауып алу;
в/ берілген дыбысы бар суретті іріктеп алу;
г/ берілген бір дыбысқа өз бетінше сөйлем ойлап табу.
Байланысты сөзді тексеру үшін қозғалмайтын және қозғалмалы суреттерді пайдаланады. Жеке
сурет және сериялы суреттер бойынша әңгіме құрастыру үшін баланың жас мөлшеріне қарай, осы
жастағы жәнеде оданда төменгі жастағы топтардың бағдарламасының талабын, сонымен қатар
бөбектің сөйлеу тілі мен психикасының ерекшелігін ескеріп іріктеуді ұсынды. Суретті мұқият қарап
шығуға алдын ала уақыт береді, оның мазмұны бойынша әңгіме өткізеді, жеке сөздердің мағынасын
анықтайды. Одан кейін әңгімеге жоспар жасауды ұсынады, егер бала қиналатын болса /ол
тапсырманы түсінбеуі мүмкін/, логопед әңгіменің үлгісін береді. Бала оны қайталайды. Содан кейін
басқа материалдан соған ұқсас тапсырма беріледі.
Байланысты сөзді тексеру үшін «Біз ойнаймыз», «Үй және жабайы жануарлар» деген сияқты,
сонымен қатар «Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің мүкістігін түзетуге арналған
дидактикалық материал» деген суреттердің ішінен алуды ұсынады:
Баланың сөйлеу тілі құрылысының дұрысын да, дұрыс емесін де сөздік анықтамаға жазып
алады.
Сөйлеу тілі дамуы әртүрлі дәрежедегі балалармен түзету-тәрбие жұмысы сөйлеу тілі жалпы
толық дамымаған балалардың арнайы топтарында жүргізіледі.
Сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған мекеменің үлгі ережесіне сәйкес бұл топтардың
есебіне алынатындар:
Осы шағын топтармен және жекелеп жүргізіледі.
Логопедиялық жұмыстың мақсаты мен мазмұны сөйлеу тілі бұзылуының құрылысын,
сонымен қатар баланың сақталған және теңелту, орнына келтіру мүмкіншіліктеріне негізделеді.
Әр түрлі үлгідегі сөйлемдерді құрастыруға үйрету баланың ауызекі тілін қалыптастыруға
негіз болады.
Сөйлемнің құрылысын игеру жүйелілігіне дұрыс дамымаған сөйлеу тіліндегі грамматикалық
тұлғалармен айқындалады. Оқу материалын, жұмыстың әр кезеңдегі методикалық тәсілін біртіндеп
күрделендіру қарастырылады, бірақ алдағы өткен логопедия жұмысының нәтижесіне міндетті түрде
сүйенеді.
Тілі шықпаған баланың жастарының үлкен-кішілігін, өзіндік ерекшелігін ешқандай негізсіз
қарсылық көрсетіп сөйлемей қоюын, сөйлеу белсенділігінің төмендетілгенін ескеріп, логопедпен
сабақта ойнауға ықыласын аудару үшін, онымен белсен жақындасып тіл табысу үшін бірінші
сабақтан бастап баланың көңіл-күйін көтеру қажет. Табыстың бірінші қадамы логопед баланы
қаншалықты қызықтырып әкете алатындығымен, қызықтыратын жағдайды ұйымдастыра білуімен,
еліктеу үшін ынтасын арттыра білуімен көп байланысты. Сөйлеу тілі дамуының І – деңгейінде
балалармен жұмыс істеудің ең басты міндетті мынадай:
4. Сөйлеу тілін түсінуін дамыту.
1.Кез келген дыбыстар тіркесінің айтылуында еліктегіштік қабілетті белсенді дамыту.
2. Ықыласын және есте сақтау қабілетін дамыту.
Ең алдымен баланың ықыласының белсенділігін арттыруға, өзіне айтылған сөзді тыңдай
білуіне, ауызша сөздің құрылысының негізінде берілген тапсырманы орындауына бағытталған
әртүрлі жаттығуларды бірінші сабақта-ақ қолданыла бастайды. Сонымен заттың атын іс-әрекетін,
белгісін білдіретін бірнеше сөздің мағынасы анықталды. Тақырып сөздігі анық сипат көрсету керек,
ал қимыл іс-әрекеттер көрнекі болып, баланы оңай иландыра алатындай көрнекі көрсетілуі керек.
Балаға айтылатын қаратпа сөз әртүрлі грамматикалық тұлғаларда, әртүрлі сөйлемдерде болуға
тиіс. Бұндай жаттығуларды көрнекі жағдайларды кең пайдалана отырып ойын түрінде өткізеді.
Сабаққа тұрмыс жағдайына байланысты келген нұсқаудан тұратын тапсырманы енгізу
пайдалы. Мысалы: ойыншықты орнына апар, бояуды қорабына сал, орамалды қалтаңа сал.
Балалар тапсырманы мазмұнын түсініп қана қоймай оны жаттап алуы тиіс, содан кейін
ауызша нұсқауға сәйкес орындайды. Әрбір тапсырманы орындап болғаннан кейін дұрыс
орындалғанын білу үшін логопед балалардың барлығына міндетті түрде сұрақ қояды. Тапсырманың
орындалуына және оның қорытындысын бағалауға балалардың барлығының ықыласын аудара
отырып, логопед жұмысты жұмыла істеуге дағдылануын біртіндеп тәрбиелейді.
Сабақта қуыршақ кейіпкерін қатыстырып сөйлету, ойнату, мадақтауларды түрлі-түрлі
тәсілдерін қолдану баланың көңіл-күйін әсерлендіріп қызықтыруға, сонымен үлкеннің сөзіне де
еліктеуіне әсерін тигізеді.
Тілі шықпаған балалардың грамматикаға қатысты түсінігі қиын болғандықтан, олар сөздің тек
лексикалық мағынасын бағдарлайды, логопед сабаққа мектеп жасына дейінгі балалардың игеруіне
бағытталған зат есімнің, етістіктің, мезгілдің категориялары бар жалғаспалы жаттығуларды енгізеді.
Мысалы: Мұрат, маған таяқшаны бер де, өзіңе таяқшаларды ал.
Балаларға біреуіне және бірнешеуін аты-жөнін қаратпа айтылатын қаратпа сөзді үйретеді.
Мысалы: отыр-отырыңдар, секір-секіріңдер т.б.
Балалармен бірге сюжетті суретті қарап отырып логопед ондағы бейнеленген қимыл-істерді,
әрекеттерді өзі айтып береді, сонда кейін мектеп жасына дейінгі балаларды тыңдауға, түсінуге,
сұрақтарды дифференциялауды үйретеді. Мысалы: Мектепке бара жатқан баланы көрсет. Үйден
шыққан баланы көрсет. Балалардың жауабы көрсетумен шектеледі.
Баланы оқытудың І – ші кезеңі біржақты тіл қатысуы орын алуы мүмкін. Онда логопед сұрақ
қояды да оған өзі жауап береді. Мысалы: Орындықтың астында не жатыр? Мысық жатыр. Ол
қайтеді? Мияулайды.
Баламен қарым-қатынас жақсы болған жағдайда сөйлеу тілі түсінігінің дәрежесі
анықталғанда, ықыласының орнықтылығы мен тапсырманы дұрыс ұққанда балалар дыбыстарды
және жеңіл сөздерді еліктеп қайталайды. Практикалық әрекетінің барысында баланы жеңіл сөзді
немесе сөздің бөлшегін еліктеп қайталауға талаптандыру қажет.
Оқытудың І-ші кезеңі пайда болатындар:
а) қаратпа сөздің түрі /бер, жүр, ал/;
б) зат есімдер, кісі есімдері /балаға жақын ересек және жас адамдар/ және жалқы есімдер /апа,
әже, тәте, ата, т.б./.
Пайда болған дыбыстардың жинағын және сөзді балаға қатты және жәй, тез және баяу етіп
дауыстық ырғағымен /ашулы және жыл/ айтуды ұсынады. Осымен қатар тыныс-дауыс
артикуляциялық жаттығуларды дәл осындай ойын түрінде өткізіледі.
Логопед баланың ауызекі сөйлеу тіліндегі алғашқы дағдылануын мынандай жүйелілікте
кезекпен қалыптастырады.:
І кезең-бір сөздік сөйлемдерді және тұлғасыз сөз түбірінен сөйлемдер құрастыру.
ІІ кезең – сөйлемнің тілінде қарапайым дыбыс тіркестері қалай пайда болысымен 2-3 тұлғасыз
сөзді біртіндеп қосып өз бетінше сөйлем құрастыруға үйрету керек.
Баланың екі, одан кейін үш күрделі буыннан құралған сөздерді еліктеп оны қайталауы бір
уақытта дамиды. Логопед баланың назарын екпінді және екпінсіз буындарды дауыс ырғағымен
дұрыс бөлуге аударады, ол екпінің сөздегі орнын игереді. Маңыздысы, сөздегі дыбыстардың санына
байланысты емес, буындардың санын дұрыс бере білуінде.
Логопедиялық жұмыстың осы кезеңінде дыбысты қою және баланың дұрыс айтылатын сөзін
үйрету негізгі мәселе емес, керісінше, енжар және белсенді сөздігін толықтыруына, қарапайым
грамматикалық тұлғаларды меңгеруіне және аталған сөзді сөйлеуде қолдануына ерекше көңіл аудару
қажет. Бала етістіктің жекеше түріндегі 2-жақ бұйрық райының тұлғасын меңгеру өзінің тілегін,
өтініш білдіру міндетті /допты бер, кубикті ал/. Балалар мынандай сөйлемдердің түрлерін үйренеді:
қаратпа сөз, бұйрық сөз, табыс септігіндегі зат есім. Мысалы: Мұқаш, бар; Жанар, есікті аш.
Логопед немесе тәрбиеші әртүрлі методикалық тәсілдерді қолданады: бірнәрсені беру, алу,
қою, тапсыру сияқты өтініш білдіруді; статикалық суретті, басқа бір затты пайдалана отырып
логопедтің бастаған қысқа сөйлемдерін аяқтау; буын құрылымын сақтай отырып сөзді тұлғасына
қойып бірнеше рет қайталайды. Ол үшін жатыс септігінің тұлғасында тұрған зат есімді алады
/пышақ, шұлық, алма, май-әкел/, содан кейін табыс септігінің жалғауында тұрған зат есімді алады
/пышақты, шұлықты, алманы, майды-әкел, бер/.
Оқытудың барысы сөйлеу тілі дұрыс дамымаған бала осы тұлғаларды қалай меңгеретініне
байланысты жүзеге асырылады. Грамматикалық тұлғалары жата түсіну міндетті түрдегі шарттың бірі
болып саналады. Грамматикалық тұлғалары жата түсіну міндетті түрдегі шарттың бірі болып
саналады.
Логопедия сабағында бір сөздің әр түрлі тұлғадағы салыстырылуын ескеріп бір тектес көп
жаттығулар өткізіледі. Бір сөз әр түрлі сөз тіркестерінде неғұрлым жиі берілсе, балалар
грамматикалық категорияларды соғұрлым тез меңгереді. Бірақ бұндай салыстырмалар үшін баланың
белсенді сөздігінде мөлшерлі шамадағы сөздер болу керек.
Жай сөйлемдермен жұмыс жүргізу барысында логопед балалардың назарын етістіктің 3-жақ
тұлғадағы ашық райдың жекешесінде қолдануына аударады. Бұл тұлға бұйрық райдың жекешесінің
2-жақ тұлғасынан біртіндеп жасалады /кел-келе жатыр, сыпыр-сыпырып жатыр т.б./. Бұнда баланың
не істеп жатыр? сұрағына аударады.
Кім /не/ бұл? деген сұраққа жауап беретін бірыңғай бастауыштар мен бірыңғай
баяндауыштарды іріктеп алып дағдыландыру жаттығуларында қолданады. Мысалы:Бұл кім? /апа,
әке, әже, бала, қыз т.б./. Не істейді? /ұйықтайды, келеді, ішеді, жүгіреді т.б./.
Бұл уақытта бір-біріне бұйрық орындауды жалғастырады /Асан, келі. Асан келді. Мұрат, тұр!
Мұрат тұрды./. Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым төрт жолды өлең шумағын ұсынады.
Өлең сөздердің ішіндегі өздері бұрыннан еліктеп жүрген таныс дыбыстарын тағы да қайталап айтып
өту керек. Мыалы: Бұзау «М» ны «Ө»-ге қосып МӨ дейді.
Барыс септігі мен табыс септігіндегі зат есімді, сонымен бірге көмектес септіктің іс-қимылды
көрсететін мәні бар жаңа сөздерді қосып сөйлемнің көлемін біртіндеп кеңейтеді. Сөйлемнің түрлері
мынадай болуы мүмкін.
а) атау септік-қиысу етістік-тура толықтауыш.
Апам /әкем, қыз, бала/- не істеді?
Ішті, қайнатты, жуды, жазды – не? нені?
Шырын, компот, сүт, какао, шәй, айран;
Көжені, ботқаны, етті, бетін, аяғын, еденді, ыдысты, қасықты, хатты;
б) зат есімдегі атау септік – қиысу етістікке толықтауыш, табыс септігіндегі көрсетілген зат
есім етістікке толықтауыш, барыс септігіндегі зат есім:
Апам /кімге?/ қуыршаққа /не?/ көйлек тігеді.
Апам /кімге?/ Салтанатқа /не?/ шырын береді.
в) зат есімнің атау септігі қиысу етістігі етістікке тәуелді екі септік /табыс септігінің жекешесі,
көмектес септігінің жекешесі/
Апам ыдысты /немен?/ сумен жуды.
Әкем отынды /немен?/ балтамен жарады.
Сөздер тіркесі құрылып, сөйлем аяқталғаннан кейін әр сөзге сұрақ қойылады. Сөздердің
орналасуының дұрыс қиылысуын қадағалау қажет. Балаларды өздерінің сөздерін және басқалардың
сөздерін бір зейінсіз тыңдауға үйретеді, бір сөзді септіліктердің кез-келгеніне қойып, әр түрлі
сөйлемдердің құрамында қолданады /анам су ішеді; апам ыдысты сумен жуады/.
Сөйлеу тілі дамуының ІІ деңгейіне көтерілген балалар өздеріне қойылған сұрақтарға жауап
беруімен ғана шектелмей, енді өз беттерінше де бір-біріне сұрақтар қойып, сөйлеу тілі қатынасын
біртіндеп қиындатады. Бұндай сұрақтар ең алдымен баланың айналасындағы күнделікті көріп,
қолымен ұстап жүрген заттары мен өздеріне таныс оның іс-қимылдары жөнінде болуы керек
/«қағазды жолақшалап кес», «жолақшаны бүкте», «жолақшаны желімдеп жапсыр» және т.б./
жаттығулар сөздің мәнін кеңірек түсінуге мүмкіншілік береді.
Балалардың өзара әңгімелерінің барысында өздеріне түсінікті сөз тіркестері мен сөйлеу
тілінің ең оңай тұлғадары орнығып бекиді. Логопед мәнерлі дауыс ырғағымен сұрақтар қою арқылы
өзара әңгімелесушілердің сөйлеу барысын керекті арнасына қарай бағыттап отырады.
Сөйлеу тілі жалпы толық дамымаған балалар өлеңді жадында ұзақ ұстап тұра алмайды,
сондықтан логопедия сабағына өлең сөздерін жаттауды кіргізу керек. Алдымен екі шумақты өлең
берілу керек: Бай-бай-бай, Әлияның дауысын-ай; Май -май-май, нанның майға піскені-ай; Му-му-му,
сен қолыңды жу; Балалар бұл шумақтарды әр түрлі дауыс ырғағына салып оқу керек.
Балалардың сұрақтар бойынша, көрсетілген қимыл бойынща, сурет бойынша құрастырған
сөйлемдердің басын біріктіргенде қысқа әңгіме болып шығады, содан соң оны жаттап алады.
Мысалы: Ғалия көшет отырғызды. Әлия әйнек жуды. Ғалия мен Әлия апасына көмектесті.
Бұдан кейін балаларды сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрете бастайды. Суретте
кейіпкерлердің саны аз іс-әрекеттері мен қимылдары анық бейнеленген болу керек. Балалардың
әңгімелсуіне жеңіл, басы мен аяғын бақылай алатындай іс әрекеттері мен қимылдары қарапайым, әрі
анық көрсетілген суреттер іріктеп алынды. Логопед балаларды суретті бар зейінімен қарап, оның
мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге үйретеді.
Ол үшін балалармен балапандардың шиқылын, иттің үргенін, әтештің шақырғанын еліктеп
салу сияқты ойындар ұйымдастырады.
Логопед алдымен қысқа әңгіменің үлгісін береді. Бала бұл әңгімені қайталайды. Сосын бала
логопедтің көмегімен суретке қарап әңгіме құрастырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың заттың атын және қимылын білдіретін сөздердің шамасын
анықтап, сынын және сапасын білдіретін сөздермен таныстырады. Балаларды көлемі, түрі, түсі,
неден істелгені әр алуан бірнеше заттардың алдымен біреуін екіншісімен, сонан барлығын бір-
бірімен салыстырып ажырата білуді үйретеді.
- Мынау үй үлкен, ал мынау кішкентай.
- Мынау алма қызыл, ал мынау сары.
- Мына күрек ағаштан істелген, ал мынау темірден істелген.
- Мынау ағаш қисық, ал мынау түзу... т.б.
Балаларға жақсы таныс айрықша белгілері бар ойыншықтарды анықтап қарап алған соң
оларды сипаттауға мүмкіндік туады. Көрсетілген белгілерін аз сөзбен талдап қорытынды жасайды.
ІІІ-деңгейде балалардың сөйлеу тілі дамуындағы кемшіліктерді түзету сабағы мыналарды
қамтиды:
а) сөйлеу тілін жүйелендіруді одан әрі жетілдіру, лексикалық және грамматикалық сөйлеу тілі
құрамын іс жүзінде меңгеру;
б) дұрыс сөйлеуді қалыптастыру: артикуляцияның дағдылануын тәрбиелеу, сөйлеу тілінің
фонетикалық жағы, буын жүйелі құрылымы мен фонетикалық түйсігі;
в) оқып жазуды үйретуге дайындық және оқып жазудың элементтерін меңгеру;
Баланың сөйлеу тіліндегі сын есімнің пайда болуын сөйлемнің құрамын анықтауыштың кіруі
арқылы оның көлемін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Жай сөйлемдерді құрастыру жаттығуларынан кейін салалас құрмалас сөйлемдерді /және, мен,
бен, пен, да, де, та, те, әрі/ жалғаулықтарымен оқытып іс жүзінде қолдануды бастайды. Балалар
оқиғаның желісін анықтап дұрыс баяндай білуді меңгеруі тиіс. Оқушылар класқа келіп отырады да,
кітап дәптерлерін дайындай бастайды. Біз көлге келдік те, суға түстік. Клубта ән айтылады, әрі би
билейді. Мен дәптер, кітап алдым. Біз келіп отырдық та, жұмысқа кірістік. Мұғалым класқа келді де,
сабақ бастады.
Құрмалас сөйлемді құрастыруды дағдыландыру кезінде бұрынғы сөйлеу тілі тұлғасында
қолданған сұрақ-жауаптарды пайдалануды ұсынады. Бала құрмалас сөйлемнің алдымен сұраққа
жауап беретін бөлігін ғана айтады, содан кейін толығымен айтады. Қимыл мен сурет кезінде көрсетіп
оқытудың нәтижесі болуына мүмкіндігін туғызады. Баланың игерген етістіктері, зат есімдері және
сын есімдері лексикалық материалға кіреді. Логопед сөйлем құрылысының грамматикалық жағын,
дұрыстығын қадағалайды.
Әңгімелеп, баяндауын одан әрі жетілдіру үшін суреттер бойынша, берілген тақырыпқа және
өз сөзімен әр түрлі әңгімелерді құрастыру пайдаланылады. Егер баланың сөйлеу тілінің даму
дәрежесі мөлшерге жақын келіп дұрыстала бастаса, онда мазмұнын қысқаша айту, іріктеп айту және
өз ойынан шығарып әңгімелеу сияқты түрлері қолданылады.
Өз сөзінің қайталап айтуын дағдыландырғанда әр түрлі тапсырмаларды пайдалану қажет.
Мысалы; бірінші жақтан әңгімелеу; істеліп біткен қимылдың уақытын өзгертіп тексті қайталап айту;
сын есімнің салыстырмалы шырайын құру; кішірейткіштік тұлғасын құру ж.б.
Сөздік қорын анықтау және байыту жұмысы арқылы сөйлеу тілінің синтаксикалық
құрылысының қалыптасуын артикуляция аппаратын машықтандыру жаттығуымен және
логопедияның жалпыға тән тәсілдерімен мүлдем айтылмайтын дыбыстарды айтқызып үйретумен
байланыстырады. Сондықтан лексико-грамматикалық қалыптастырудағы дағдыландыру жұмысымен
қатар дыбысты дұрыс айтуды қалыптастыруды, фонематикалық есіту қабілетін, сөз жасауға
дағдыландыру жұмысы да жүргізіледі.
Балаларды ұзын сөзбен қысқа сөзді айыра білуге /балалар-бақ/, бірнеше буындардың ішіндегі
дұрыс айтылған дыбыстардың біреуін жадында сақтауды және қайталауды үйретеді
Содан кейін осы тіркестер қосылған сөзді жаттатадыда, одан кейін құрамында осы сөз бар
сөйлемді жаттатады.
Бұндай жұмыс баланың сөйлеу тілі қатынасының толық жетілуін қамтамасыз етіп қана
қоймайды, сонымен бірге жалпы білім беретін және арнайы мектептерге оқуға дайындауға да
жәрдем береді.
Достарыңызбен бөлісу: |