Не саясаттану факультеті


Өзін өзі бақылау сұрақтары



бет17/23
Дата15.02.2023
өлшемі95.2 Kb.
#469599
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
конспект лекции

Өзін өзі бақылау сұрақтары

  1. Үздіксіз білім беру жүйесі қоғамдық қажеттілік ретінде.

  2. Білім ұлттық мәдениетті дамыту мен сақтаудың бір факторы ретінде

  3. Жаһандық перспективадағы білім беру. Білім беру әлеуметтік институт ретінде.

  4. Ресми білім берудің қызметтері.

  5. Білім беру: әлеуметтік тап, жыныс, этникалық айырмашылықтар.

  6. Білім берудің қолжетімділігі, мәдени капитал және теңсіздік.

  7. Білім берудің әлеуметтанулық перспективалары.



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1. Джордж Ритцер, Джеффри Степницкий. Әлеуметтану теориясы. Астана. «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ. 2018. -856 б.
2.Әбдікерова Г.О. Әлеуметтану. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. 2011.192.б.
3. Садырова М.С. Әлеуметтану: өзекті мәселелер. Алматы , 2014.
4. Масионис Дж. Социология.СПб.: Питер. 2014
5. Смелзер Н. Социология. М. 2016
6.Гидденс Э. «Ускользающий мир. Как глобализация меняет нашу жизнь». –М,. 2009.
7. Уваров П. Ю. Фундаменталистские заметки о социальной истории // В поисках истины. М., 2013. C. 136–158.
8. Константиновский Д., Вахштайн В, Куракин Д. «Реальность образования и исследовательские реальности». М., 2014. - 320 с.


Дәріс 11. Масс-медиа, технологиялар және қоғам


Дәрістің мақсаты: студенттерге масс медианың қоғамда алатын орнын көрсету, мәселелерін түсіндіру. Оларға әлеуметтік зерттеулердің мәнін түсіндіру. Оларды зерттеулердің масаты мен міндеттерін анықтауға үйрету.
Міндеттері
Цифрлық технологиялар мен әлеуметтік өзара әрекет
Бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникация, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар адамның күнделікті өміріне қалай әсері.
Технологиялық теңсіздік
Негізгі терминдер: БАҚ, цифровизация, масс медиа, әлеуметтік желілер, медиалық жаһандану. Киберлаңкестік.

БАҚ – бұл мемлекеттік иделогия құралы. Әрбір аймақтың, әрбір мемлекеттің өзіндік ерекшеліктері бар. Үлкен мемлекеттер айналасындағы шағын елдердің мәдениетін басып, халқын өз аузына қаратып алуға талпынады. Сондықтан шағын елдердің өз мәдениетіне және өз ақпараттық саясатын жүргізу ісіне мығым болуы қажет. Бұл Қазақстан үшін, мемлекеттік тілдегі бұқаралық ақпарат құралдары үшін өзекті мәселе болып табылады[2].


Адамзат тарихы əуел бастан жəне көптеген мысалдар барысында тілдің тек коммуникацияның жай негізгі құралы ғана емес, сонымен қатар саяси, экономикалық, əлеуметтік мəжбүрлеу мен бағындырудың қуатты құралы екендігін де дəлелдеп келеді... Тіл, ең алдымен, нақты бір ұлттың мəдени-тарихи тəжірибесінің жиынтығы, ерекшелік белгісі жəне тұрақты атрибуты, күрделі бірегейлік рəміз жəне оның өзін-өзі өркениеттік анықтауының бастауы».
Одан ары бұл автор Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілдің жағдайына тоқталып, тілді жаңғыртудың ұлтты жаңғырту екендігін, қазақ тілінің аясының кеңеюіне орай тіл саясатын жүргізу қажеттілігін, мемлекеттік-тілдік құрылыстың өзекті мəселерін талдай келе, «тілдік манкуртизмнің тұтас қоғамды емес, эгоистік жəне тұтынушылық желіктің жетегіндегі нақты адамдардың адамгершілік кертартпалылығын жəне рухани жеңілісін білдіретін ұят құбылыс» деп көрсетеді жəне терминологиялық модернизацияда «Алаш» қайраткерлерінің тəжірибесін пайдалануды еске салады: «Мағжан Жұмабаев педагогика саласында, Жүсіпбек Аймауытов психологияда, Халел Досмұхамедов зоология мен физиологияда, Жұмахан Күдерин ботаника саласындағы терминдерді жасақтаумен айналысты. Əлімхан Ермеков математикалық ұғымдар мен терминдерден бастап, жоғары математика курсының қазақ тіліндегі тұтас жүйесін жасап шықты».
Қазақстан – Тәуелсіздік дәуірінің алғашқы жылдарынан бастап баспасөз саласындағы халықаралық беделді құжаттардың аясында БАҚ-тың еркіндігін қамтамасыз етіп келе жатқан мемлекет. Ата заңымыз және Республика Президенті – ақпарат құралдары бостандығының кепілі. Осы орайда БАҚ-ты құруда болған қиындықтарға тоқталар болсақ, қоғамдар алмасып, нарықтық экономикалық қатынастар орныға бастаған тұстан бергі уақытта БАҚ саласындағы өзгерістермен сараласақ, ақпарат көздерінің даму сатыларын үш кезеңге бөлуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет