Негізгі терминдер: Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар. Этникалық жүйелер. Этнос, халық, ұлт. Этникалық бірегейлік. Ұлттық бірегейлік. Ұлт-мемлекет. Ұлттық менталитет. Этнос және ұлт. Этникалық өзін-өзі сезіну.
Әдістемелік нұсқаулар:
Студенттер әлеуметтанудың ұлттың қалыптасу кезеңдеріне сараптамалық шолу жасау қажет.
“Этника” деген ұғым “этнос” деген ұғымнан, терминнен шыққан. “Этнос” грек сөзінен алынған, оның мағынасы ру, тайпа, халық дегендерді білдіреді. Этнос адамдарды тарихи – этникалық тұрақты бірлігі. Бұл термин “халық” деген ұғымға өте жақын. Бұл жерде “метаэтнос”, “субэтнос” деген терминдер шығады. Метаэтнос (немесе үлкен этникалық бірлік) – бұл халықтардың ең үлкен топ бірлігі. Мұнда мәдени және өзіндік сананың ортақ белгілері болады. Мысалы, славян немесе түрік халықтары- ортақ жақтары көп. Субэтнос немесе субэтникалық топ – бұл халықтың территориясынан бөлініп шыққан ерекше бөлігі.
Этника немесе этникалық қауымдастық – белгілі бір халықтың өзіндік ерекшеліктеріне тән құрамы.
Бұл табиғи – тарихи қалыптасқан адамдардың қажетті, тұрақты бірлігі, Бұлардың белгілі бір территорияда орналасқан, мәдениетте өздерінің бірлігі, бірін-бірі түсіну т.б. белгілері болады.
Адам қоғамдық әлеіметтік организм ретінде өзінің ілеуметтік – этникалық дамуында алуан түрлі байланыс, қатынастардың бірнеше кезеңдерінен өтеді. Сөйтіп негізінде рудан тайпаға, тайпадан халыққа, халықтан ұлтқа өту процессі болған. Жеке адамның белгілі бір тарихи қауымдастықта болуы, оның өзін-өзі білуі, тануы, түсінуі, ұғынуы -әлеуметтік объективтік қажеттілік, ал, бұл қажеттілік алуан түрлі адам топтарының өмір сүру жағдайына, тұрмысына, қызметіне, санына, мүдде-мұқтажына, талап, тілегіне, т.б. белгілі бір деңгейде әсер етеді.
Бұл қауымдастықтардың өдеріне тән шығу және даму белгілері мен ерекшеліктері болады. Бұл еі алдымен, олардың бір белгілі территориясынан- қауымдастықтың қалыптасуының бесігінен-мәдениетінен, басқа топтардың айырмашылығын түсінуден, т.б. көрінеді. Бұл объективтік өқажеттілік адамның өмір сүруіне тікелей әсер етеді.
Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың біршама дербес дами отырып, қоғамда алуан түрлі қызмет атқарады. Ол, еі алдымен, адамдардың бір-бірімен қатынасуын, материаолдық игілікті бірігіп өндіруін қамтамас етеді, соның нәтижесінде өзінің дамуын жүзеге асырады. Халықтың мұң-мұқтажын, талап-тілегін, ұсыныс, сұраныстарын, т.б. қанағаттандырып отырады. Гентикалық шығу жағынан бір-юірімен өкешелес бола отырып, ру, тайпа, халық, ұлт әлеуметтік-этникалық жағынан ілгерілеп даму процессінің тізбегін жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |