Міндеттері
Мәдениет әлеуметтануы ұғымы, оның құрылымы және мазмұны.
Мәдениет құбылыстарын зерттеудегі және реттеудегі әлеуметтанулық тәсілдің ерекшелігі.
Мәдениет әлеуметтануының негізгі категориялары.
Субкультура ретіндегі әлеуметтік субъектінің мәдениеті.
Субкультуралар арасындағы мәдени құндылықтардың байланысу механизмдері.
Дін индивидтердің кейбір психологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында маңызды әлеуметтік қызметті атқарады. Э. Дюркгейм «діни өмірдің қарапайым түрлері» (1912 ж.) атты еңбегінде, адамдар өз өміріндегі қоғамдық билікті мойындағаннан гөрі дінге сенуді жөн санайды дейді. Қоғамдық өмірді қолдай отырып, оның құрылымы мен нормаларын бейнелейді. «Біз өзіміз ойлап таппаған тілде сөйлеп, өзіміз шығармаған құралдарды пайдаланамыз... Өркениеттің мұндай сыйын біз қоғамнан аламыз» – деген Э. Дюркгейм. Бірақ әрбір кезектегі ұрпақ бұл нәрселерді дайын күйінде алады, оларды қайта жасамайды, өйткені қандай да бір тылсым жоғары күш бар және ол тылсым дүние оған емес қоғамға берілген. «Адам өзінен тәуелсіз қандай да бір белсенді күштердің бар екендігін сезінеді және бақытты тағдырды иеленуге мүмкіндік беретініне сене отырып, оны сол қалпында сақтап өзіне берілген күшті, жоғары бағалауға тырысуы ықтимал». Э. Дюркгейм өзінің қорытындысына австралиялық тайпаның тотемдік дінін зерттеу негізінде келді. Тотем – қасиетті саналатын табиғаттан берілген символ (мысалы, жыландар немесе кеңгіру). Әрбір тотем туысқандық топтың немесе кланның символын көрсеткен. Кландар қоғамның негізгі бірлестіктері болса, ал тотем – клан бірлігінің символы, елтаңбасы болған. Кланның өзіне бас игеннің орнына, оның мүшелері тотемге бас иген. Олардың діндері, өздері өмір сүрген қоғамның құрылымын көрсетті. Дюркгеймнің көзқарасы бойынша, дін қоғамның құрылымын көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге адамдардың үміті мен сенімін ортақ бір сенім күшіне бағыттай отырып, қоғам құрылымын нығайтады. Мұндай бірігу қызметі ритуалдарды орындау барысында жүзеге асады. Мысалы, тотемизм таралған тайпалардың арасында тотем болып саналатын өсімдік немесе жануарды тұтынуға арнайы ритуалдарды орындау кезінде ғана рұқсат етілген. Қасиетті құпияларға толы христиандық ритуалдар да осындай принциптерге негізделген. Нан және шарап – өзінше тотем. Олар Христостың қаны мен тәнінің символы. Осы тәріздес ритуалдар сенуші топтардың құндылықтарын қолдайды және олардың негізгі нормаларының бұзылуына жол бермейді.
Э. Дюркгеймнің дін теориясында, біріншіден қоғам адамдық тәжірибені нығайтады. Екіншіден, адамдар сыртқы күштердің әсерін түсіндіруге жауап іздейді. Бұл қоғам- ның құрылымына сәйкес келетін діннің қалыптасуына әкеледі. Дюркгейм бойынша, діннің негізгі белгісі – қасиетті объектілерге бағытталған, қоғамдық келісім күшін жинайтын, ұжымдық сананы қолдайтын және оларға өмірге қажетті сенімді ұялататын ол – ритуалдарды орындау деген. Қоғам бір мезетте әрі Құдай, әрі сенуші болып табылады. Діндегі басты нәрсе – догматикалық бөлік емес, керісінше ритуалдарды ұжымдық орындау түріндегі діни іс-әрекет.
«Мәдениет» деген сөз қазақ тіліне арабтың «маданият» _ қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл _ орта ғасырдағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезенінде қалыптасқан түсінік. Бізге үйреншікті болып кеткен «мәдениет» ұғымы - тәрбие және білімге тікелей қатысты, бірінен бірін бөлуге болмайды, соның нәтижесі ретінде барлық халықтардың рухани қайнар бұлағы. Оның терең тамыры сонау көне заманда жатыр. Мәдениеттің әдебиеттерде 300-ден астам анықтамасы бар есептеледі. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке берілген төмендегідей үш түсініктемені атай кетейік: а) мәдениет - халықтың мәдени саласындағы табыстары мен шығармашылығының сапалы жиынтығы; ә) мәдениет - адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі сапалы қызметі мен өзіндік ерекшеліктері; б) мәдениет - адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және т.б.). Бұл анықтамалардан ерекше көзге түсетіні «сапа» деген ұғым. Адамзат тірлігінің қандай саласы болмасын мәдениет үшін сапа басты көрсеткіш. Осы сапа мәдениеттің деңгейін айқындаумен бірге, кейде оған синонимдік қызмет атқарады. Сонымен мәдениет дегеніміз белгілі бір әлеуметтік қауымдастықтың (этностың, ұлттың және халықтың) санасы мен іс-әрекеттінің материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Кең тараған түсінік бойынша мәдениет негізінен материалдық және рухани болып өзара қарым-қатынасты бірлікте өмір сүреді. Мәдениеттің бұл екі түрі адамның рухани дүниесін, әлеуметтік өмірді өзгертуімен байланысты. Осы мағынада материалдық мәдениетті рухани мәдениеттің нақты көрінісі ретінде қабылдауға болады. Материалдық мәдениет адамның табиғатқа қатысымен, оны өзгерту, қайта құру үдерістерімен және өз әлеуметтік ортасымен өзара қарым_қатынасын, өз мұқтажын қанағаттандырумен байланысты болады. Бұған материалдық игіліктерді өндіру мәдениеті (өндірістегі сапалы құрал-саймандар, техника, құрылымдар, т.б.) жатады. Рухани мәдениетке ғылым, өнер, әдебиет және адамдарды тіршілікке бағдарлайтын идеялар, құндылықтар, нормалар, салт_дәстүр, ойлау әдістері және т.б. жатады. Мәдениетті материалдық және рухани деп бөлу шартты, өйткені олардың арасында тығыз байланыс, қатынастар бар, соның нәтижесінде олар бір-біріне тұрақты әсер, ықпал етіп отырады. Мысалы, адам ойындағы ғылыми
Достарыңызбен бөлісу: |