Не саясаттану факультеті


Өзін өзі бақылау сұрақтары



бет22/23
Дата15.02.2023
өлшемі95.2 Kb.
#469599
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
конспект лекции

Өзін өзі бақылау сұрақтары

  1. Әлеуметтік өзгерістердің бастаулары.

  2. Халық туралы заманауи зерттеулер.

  3. Қоғамдық қозғалыстардың бастаулары мен түрлері.

  4. Қоғамдық қозғалыстарға әсер ететін микро- және макро-факторлар.

  5. Қоғамдық қозғалыстың өмірлік циклы.

  6. Қоғамдық қозғалыстар, наразылық және адамдардың ойлауы: қазіргі күйі



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1. Джордж Ритцер, Джеффри Степницкий. Әлеуметтану теориясы. Астана. «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ. 2018. -856 б.
2.Әбдікерова Г.О. Әлеуметтану. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. 2011.192.б.
3. Садырова М.С. Әлеуметтану: өзекті мәселелер. Алматы , 2014.
4. Масионис Дж. Социология.СПб.: Питер. 2014
5. Смелзер Н. Социология. М. 2016
6.Гидденс Э. «Ускользающий мир. Как глобализация меняет нашу жизнь». –М,. 2009.
7. Уваров П. Ю. Фундаменталистские заметки о социальной истории // В поисках истины. М., 2013. C. 136–158.
8. Константиновский Д., Вахштайн В, Куракин Д. «Реальность образования и исследовательские реальности». М., 2014. - 320 с.


Дәріс15. Әлеуметтік өзгерістер


Дәрістің мақсаты: студенттерге Әлеуметтік өзгерістер: жаңа әлеуметтанулық пікір-таластар мәселелерін түсіндіру.
Міндеттері
Әлеуметтік қозғалыстарды зерттеудің негізгі әлеуметтанулық бағыттары құрылымдық-функционалдық бағыт, қақтығыс теориясы, символдық интеракционизм.
Әлеуметтік өзгеріс.
Әлеуметтік өзгерістерді зерттеудің әлеуметтанулық перспективалары.
Әлеуметтік өзгерістердің негізгі құрамдас бөліктері.

Негізгі терминдер: Гомогенизация және унификация. Әлеуметтік әлемдегі өзгерістер мен оларды түсіну. Технологиялар мен әлеуметтік өзгерістердің өзара байланысы. Жаңа технологиялардың мүмкіндіктері мен шектеуліктері..

Жаһандану – әлемді ортақ сипаттары бар біртұтас жүйеге айналдырудың тарихи процесі.


Жаһандану, бір жағынан, планетаның барлық аймақтарының интеграциясының күшеюінен көрінеді; екінші жағынан, әлеуметтік өмірдің барған сайын әмбебаптануы


Интеграция дегеніміз – әр түрлі елдердің, планетаның аймақтарының экономикалық, саяси, мәдени салаларындағы өзара тығыз байланыс пен өзара тәуелділік, оларда жекелеген адамдар белсенді түрде қамтылады.
Жаһанданудың ең маңызды сипаттамасы – экономикалық интеграция. Экономикалық салада мемлекеттік шекараларды теңестіру, трансұлттық экономикалық компаниялардың рөлін арттыру, біртұтас дүниежүзілік тауар және қаржы нарықтарын қалыптастырудың прогрессивті тенденциясы байқалады.
Әмбебаптандыру - өмірдің әртүрлі салаларында жалпы құндылықтардың, нормалардың, стандарттар санының көбеюі.
Әмбебаптандырудың мысалы ретінде саясатта, экономикада және мәдениетте орын алатын батыстық, ең алдымен Солтүстік Американың құндылықтары мен өмір салтын алу процесін білдіретін вестернизация болып табылады. Вестернизация танымал мәдениетте айқын көрінеді: американдық фильмдер мен телехикаялар бүкіл әлемде қаралады; Голливуд актерлері мен режиссерлері өте танымал; американдық «Оскар» киносыйлығы кинематография саласындағы ұқсас марапаттардың ішіндегі ең беделді және т.б.
Әмбебаптандыру (Вестернизация) ағылшын тілінің әлемдік коммуникация тіліне айналуына үлкен дәрежеде ықпал етеді.
Интеграция мен әмбебаптандыру өзара байланысты екі процесс, өйткені өзара әрекеттесу ортақ нәрсе болған кезде ғана мүмкін болады. Сондықтан өнім сапасына қойылатын стандарттар мен талаптардың бірыңғай жүйесі табысты халықаралық сауданың шарты болуы кездейсоқ емес. Әлемдік нарыққа шығуды алдына мақсат етіп қойған кәсіпорын халықаралық сапа сертификатын алуға ұмтылады. Сонымен қатар, елдер мен аймақтардың өзара іс-қимылы сөзсіз олардың құндылықтарының, өмір салтының барған сайын көбірек жақындасуына және осылайша әмбебаптандыруға әкеледі.
Интеграция және әмбебаптандыру элементтері де жаһанданудың негізгі құрамдас бөліктері болып табылады. Оларға мыналар жатады:
1) байланыс және телекоммуникациялар желісі;
2) экономикалық, қаржылық, саяси, стратегиялық және мәдени өзара тәуелділіктер желісі;
3) белгілі бір елмен байланысы жоқ экономикалық, саяси және мәдени ұйымдардың жаңа нысандары;
4) өмірі мен қызметі нақты тұрғылықты жеріне байланысты емес адамдардың әлеуметтік топтары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет