Не спорт факультеті


Жоспарлаудың түрлері (формалары



бет107/108
Дата03.12.2023
өлшемі0.71 Mb.
#485246
түріЛекция
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   108
Лекция Дене шынық теор мен презид сынама 2022-2023 Турыскулов

Жоспарлаудың түрлері (формалары) Оқу жұмысын жоспарлаудың екі түрге айырмаланады: тақырыптық және сабақтық. Тақырыптық жоспарлау кезінде оқу бағдарламасының мазмұны тақырыптарға бөлінеді, ал ол тақырыптардың әрқайсысы тақырыпшаларға бөлініп кетеді.
Мысалы, “Сөреден төменгі әдіспен жүгіріп шығу” тақырыбы, ал тақырыпшалармен берілуі, яғни, “сөредегі қалып (стартовые позы), белгі бойынша жүгіріп шығу, сөреден екпін алу т.б. Тақырыпшаларды оқып үйренудің жүйелі жүргізілуі қозғалыс әрекеттері (компоненттерінің) құрамындағы бөліктерінің өзара тәуелділік себеп - салдары, оқыту процесінің құрылымы және оқу процесінің қисыны (логикасы) есепке алынып орындалады. Әрбір тақырып және оның әрбір тақырыпшалары үшін оқу міндеттері анықталады. Тақырыпшалардың міндеттері сабақтық жүйемен, (сериямен) тақырыптық қисынымен, дәйекті бөлінуі болып табылады. Әрбір міндетке сәйкес оны шешудің кешенді (комплексті) құралдары мен әдістері қарастырылады.
Әр сабақты жоспарлау. Әрбір сабақты тарау курсы бойынша толық оқытудың орналасу тәртібіне қарай міндеттері мен мазмұнының жүйелі анықталуымен қорытындыланады. Бұл жағдайда жекелеген тақырыптарды оқу тоқсандарында және жылдық оқу циклында оқып, үйрену үшін сабақтар жүйесі ауқымындағы оқу жұмыстарының міндеттері мен мазмұнының сабақтастығы қамтамасыз етілуі тиіс.
Оқу міндеттерін тұжырымдау талаптары. Оқу міндеттері өз атауы формасымен аталуы және нақтылы орындалу сипаты болуы тиіс.
Міндеттердің тұжырымдалуында оқыту қызметінің қорытынды нәтижесін барынша үлкен анықталу мүмкіндігімен көрсетілуі тиіс, яғни жоспарланған мерзімде (жыл, тоқсан, сабақтардың сериясына, жекелеген сабақтарға) орындалуы мүмкін. Бұл талаптың орындалуы екі себепке байланысты қиындайды (күрделіленеді). Біріншіден, оқушылардың қызмет әрекетінің сабақтағы нәтижесі әртүрлі көрінеді және оны бағалау үшін әртүрлі әдістерді пайдалануға тура келеді. Мысалы, дене жаттығуларының әдістерін оқушылардың меңгеруінің қорытындысын көзбен шолу (визуально) арқылы, қозғалыс сапаларын дамытудағы алға басушылықты-сұрау жолымен анықтауға болады.
Екіншіден, білімді, қозғала білудегі және дағдыларды қозғалыс сапаларын дамытудағы өзгерістер кезеңдік сипат алады, бұдан басқа бұл кезеңдер уақытына қарай өзгеріп (вариантивті) отырады және жиі нақтылы бірден-екіншіге сатылап жүргізуге келмейді. Оқу материалын игерудің аяқталған кезеңінің анық айырмаланатын шекараларына қатысты кейбір қызмет әрекеті түрлерінің барынша нақтылы міндеттерінің қисынын келтіру болып табылады. Мысалы, қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын қалыптастырудың білім беру міндеттері дәрежесімен айтылуы тиіс - “таныстыру”,”орындау дағдыларын бекіту”,”орындау әдістерін жетілдіру” және т.б. Бұл қозғалыс әрекеттеріне үйрету кезеңінің үйлесімділігіне сәйкес тура келеді. Барынша, жалпы түрінде әдетте адамгершілік, өнегелілік және жігерілілік сапаларының міндеттері қойылады, өйткені олар шұғылданушылардың сыртқы әрекеттерінде көрінеді, қорытынды кезеңдегі даму процесінде бөліп қарауға қиындық соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет