Не спорт факультеті



бет1/108
Дата03.12.2023
өлшемі0.71 Mb.
#485246
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   108
Лекция Дене шынық теор мен презид сынама 2022-2023 Турыскулов


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ


ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ ФАКУЛЬТЕТІ
Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі кафедрасы
Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі пәнінен лекциялар кешені

6В01402-Дене шынықтыру мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттер үшін



Шымкент 2023ж.
Пәннің оқу-әдістемелік кешені Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі ҚР МЖМБС негізінде жасалған. 5В010800-Дене шынықтыру және спорт (бакалавр) арналған типтік оқу бағдарлама негізінде жасалып бекітілген. 2016ж 30.06.

1-Лекция. Тақырыбы: Кіріспе. Дене шынықтырудың қоғамдағы орны
Жоспары: 1. Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі пәніне кіріспе
2. Дене мәдениеті - қоғам мәдениетінің бөлігі.
3.Дене шынықтыру теориясының объектілерімен оның оқу және ғылыми
пән ретіндегі құрылымы
4. Дене мәдениеті құндылықтарының маңыздылығы
5. Негізгі түсініктерді анықтау: дене мәдениеті, спорт, дене мәдениетінің құндылықтары, дене жетілдірілуі, денені тәрбиелеу, дене дамуы, денеге білім беру, қозғалыс белсенділігі, қозғалыс біліктілігі, қозғалыс дағдысы, дене тәрбиесінің кәсіби бағыты.

Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша пәнді оқыту әдістемесі пәні дене тәрбиесі жоғары оқу орындарындағы салалық ғылыми және оқу пәні болып табылып, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік қызметтің деңгейін анықтайды. Оны оқып, үйренудегі терең ілімдік және әдістемелік дайындық болашақ дене тәрбиесі және спорт саласы мамандарының идеялық қалыптасуына жағдай туғызады. Сонымен бірге студенттерге жаңа мәліметтерді, ұғымдарды меңгеруге, әр түрлі жай-күй, жағдай, ережелерді сын көзбен қабылдауға,әр түрлі шектес ғылыми пәндердің дене тәрбиесінің мақсаттарын іске асырудағы рөлін бағалауда дұрыс бағыт беріп, олардың жеке педагогикалық шығармашылығының негізін құрайды.
Білімнің әрбір саласы белгілі бір ғылыми және оқу пәні ретінде өзіндік, және тек өзіне ғана тән саланы оқытатын, яғни зерттелетін зерттеу дүниесі мен адам болып табылады. Зерттеп оқу барысында жинақталған мәліметтер белгілі бір жүйеде қалыптасады және ерекше оқу пәнін, яғни оқыту пәнін құрайды. Дене тәрбиесі туралы ғылымда зерттелген зерттеу дүниесіне оқытылатын педагогикалық қозғаушы күштер, яғни дене шынықтыру жаттығуларының жүйесі, оқыту әдістері және т.б., ал іс-әрекет пен білім иесі адам, оның дене шынықтыру жаттығуларын орындауға әсері жатады. Тұжырымдап айтқанда, педагогикалық зерттеуде оқытылатын зерттеу дүниесі және іс-әрекет пен білім иесі-адам бір-бірінсіз өмір сүре алмайды.
Дене тәрбиесінің ілімі пәнінің оқытылуы педагогиалық жүйе ретінде дене шынықтыру мәдениетінің жалпы заңдылықтарын орнату болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет