Жалпы заңдылықтар дегеніміз тұрғын халықтардың кез-келген жастағы: балалар мен ересектер, дене шынықтыру жаттығуларымен енді шұғылданушылар мен жаңа бастағандар, сонымен бірге дәрежелі спортшыларға тең дәрежеде тән мәселелер.
Дене тәрбиесінің әдістемесі пәнінің оқытылуы дене тәрбиесінің дербес жеке заңдылықтарын орнаты және педагогикалық салада жалпы дене дайындығы және кәсіптік дене шынықтыру, спорттық дайындығы әдістемелері арқылы белгілі бір бағыты бар заңдылықтарды іске асыру болып саналады. Бұл әдістемелердің әрқайсысының ішінде жеке әдістемелер бар. Олардың ерекшеліктері шұғылданушылардың құрамының әр түрлілігіне, яғни олардың жасына, жынысына, кәсіптік ерекшелігіне және спорттық мамандануына (мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесінің әдістемесі, әйелдер дене тәрбиесінің әдістемесі т.б.) қарай тура келеді.
Жеке спорт түрлері спорттық педагогикалық әдістемесі, яғни (гимнастиканы, жеңіл атлетиканы оқыту әдістемесі және т.б.) өз алдына жекелеген ғылыми және оқу пәндерін құрайды.
Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі бір-бірінсіз пән ретінде сақталып тура және дами алмайды. Дене тәрбиесінің ілімі барынша осы заманғы ғылыми ережелердің (талаптардың) дене тәрбиесінің мазмұнын көрсететін қозғалғыш жүйесі болып саналады. Дене тәрбиесінің ілімі дене тәрбиесі жүйесін жетілдірудің негізін қалап, жекелеген заңдылықтарды қорытады және оны нақтылы әдістемелерге құнды байлық ретінде пайдаланады.
Әдістемелер өз кезегінде ілім жүзінде қорытуға қор жасайды, заңдылықтарды педагогикалық ұсыныстар жүйесі ретінде іске асырып, жалпы ілімдік ережелерді мұғалім мен оқушының арасындағы нақты қарым-қатынасқа айналдырады.
Дене тәрбиесінің әдістемесі арқылы жалпы қоғамдық байлық, игілік (жалпы ілімдік жағдай) жеке игілікке (денсаулықты нығайту, біліктілікті игеру т.б.) айналады. Сонымен, әрбір әдістеме жалпы заңдылықтарды, нақтылы ұсыныстарды талқылау үшін ғана пайдаланылмайды, педагогикалық салаға нақтылы жастағы шұғылданушылар мен жекелеген заңдылықтарды орнатады. Осылардың барлығы бұл екі оқу пәндеріне де дене тәрбиесінің ілімі және әдістемесі деген бір атаумен ғылыми пән ретінде пайдаланылуына мүмкіндік туғызады. Сипат ерекшелігіне қарай ол кез келген педагогикалық пәндер сияқты өзінің ережелерін, орнын, әлеуметтік, психологиялық және биологиялық қозғалушы күштерге негіздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |